-13 °c
Qonaev
Sunday, August 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТӘҢІРТАУ ҚҰПИЯЛАРЫ

    25.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ТӘҢІРТАУ ҚҰПИЯЛАРЫ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         «Нағыз шындық – ол кітапта емес, ол тауда» деген екен атақты саяхатшы, суретші, Шығыс ілімін зерттеуші философ Николай Рерих. «Неге рухани ілімдердің бәрі Шығыстан таралады?» деп таңданған адам да осы кісі еді. Алғаш бұл кісіні салған суреттері арқылы таныдық. Мұзарт таулар, қызықты елестер, тау мен адамның байланысы тартымды болатын. Өзім де таулы өлкенің ұлы әрі суретші болған соң салған суреттеріне қызықтым. Тау, мұзарт шыңдар – ол жай ғана биіктік емес, ол әркімге бұйыра бермейтін, бағына бермейтін кемелдік. Өйткені кісі аяғы көп баспайтын жерлерде тылсымы көп құпиялар жасырылған. Адам баласының күнделікті қалыпты түсініктерін талқандайтын ғажайыптарды да көруге болады. Сомати кейпіндегі адамдар жасырынған үңгірлер, Алтын дала, ізгіліктің елі, ілімнің төрі аңыз бен мифке толы Шамбала дер едім. Қаншама елдер Шамбаланы сабылып іздеп, арнайы экспедициялар ұйымдастырған еді. Осы жұмбақтардың шешуінің бір парасы – осы тауларда жатыр.

      Соның бірегейі, Теріскей Алатауы сілемдерінің ең биік нүктесі – Хантәңірі шыңы. Шыңның екінші атауы, балама атауы «Қанды тау» деп те аталады. Қызыл мәрмәрдан өрілген шың таудың етегіне барғанда бірден көзге түседі. Бір жағынан адамның санасын баурап, табиғаттың үстемдігіне тамсандырса, екінші жағынан қан түсті тас үрей де шақырады. Биіктігінің өзі табиғаттың тым үстемдігін танытады. Етегіндегі қалың орман, тек тауешкілер мекен ететін жылтыр жартастар, басына киген аппақ тәжі барған адамның жүрегін жаулап, есін аударады. Хантәңірі үш мемлекеттің – Қазақстан, Қырғызстан, Қытайдың шекаралық нүктесінде орналасқан. Шыңның атауының өзі Аспан билеушісі, Құдайлар патшасы, Тау Құдайы деген мағына береді. Көне грек мифологиясында да айтылатын Олимп тауы – «Құдайлар мекені» деген кең мағынаны береді.

    «Тәңір» сөзі  халқымыздың ежелгі мифологиясына тікелей қатысты.  Хан сөзі Тәңірдің, басқа Құдайлардың ішіндегі ең жоғарысы деген сөз. Қанды тау дейтіні шыңның басынан әлемді көруге талпынған көптеген экспедиция сапарларының сәтсіз аяқталуымен байланысты. Мұнда альпинизм маусымы адам өлімінсіз аяқталып көрмеген. Көпшілік ішінде бұл  сәтсіздікті Тәңірі өзінің мазасын алған адамдарға жасаған ашуы деп түсіндіріледі. Олардың айтуынша, адам тауға бармас бұрын алдымен рухани тазаруы керек. Таудың киелі рухтары таза ниеттілерге ғана көмектеседі, жол ашады.

    «Тау ұлымын.

    Тау – менің дәу бесігім

    Мен оның әуресімін, сәулесімін.

    Асқар шыңдар желпиді бесігімді,

    Бір орамын ағытып сәлдесінің.

    Мен – таулықпын!

    Таудан мен жаратылғам,

    Тау деген ана туған, дара тұлғам», – деп жырлаған Мұқағали таудың киесін ашық-ақ айтып тұр. Бірақ та осы тау киесін тіпті сезінбей, байқамай жатамыз. Мұқағалидың асыл өзегі таумен тамырласып жатыр. Өлең деген – алтын бұлақ, төгіліп, құйылып жатады. Бар бітім-болмысы осында жатыр. Таудың қасиеті мен киесіне мойынсұнған абзал.

    Хантәңірінің Қанды тау атанғанына қарамастан Құдайлар мекенін көргісі келетіндер өте көп. Келіп жатады. Шыңды бағындыруды мақсат еткен азаматтардың кейбірі, тіпті таңғажайып оқиғаларға кезіккен. Солардың бірі  Ләйлә Онлаш жазбасында берілген. «Хантәңірі – көптеген аңызды мұз астына жасырған ұлы тау. Ал мұздың асқарына не жасырылғанын көп ешкім біле бермейді. Бірде әр елден жасақталған альпинистер команда құрып, Хантәңірі шыңын бағындыруды мақсат етеді. Команда ішінде украин жігіті Алексей және Қазақстаннан жас археолог қыз Мая да болады. Алексей өте тәжірибелі альпинист, өзінің батылдығымен, тосын шешімімен аты шығып жүретін. Ал Маяның бұл сапарға шығуы киелі Хантәңірі шыңында болған аңыздарды көп естіп, қалай да бір көне артефакт табу қызығушылығынан болды. Сапардың бірінші күні түрлі табиғат мінездерін көрді. Аяқ асты табиғаттың тосын өзгерістері басталды.Таудың бетін жапқан мұздар, біртүрлі түсініксіз дыбыстар шығарды. Мая осының бәрі шыңның бойында сақталған артефактпен байланысты екенін түсінді. Аңыз бойынша бұл артефакт бойында шексіз алапат күш бар. Оның кілті жат пиғылды адамдардың қолына  түспеуі керек.

    Тау шыңының 5000 метр биігіне көтерілген кезде олар мұз астынан  бір үңгірді байқап қалады. Алексей өзінің альпинистік шапқы, қайласымен  шыны мұзды ұрып сындырып, адам кіретіндей есік жасайды. Ақырында екеуі жұмбақ үңгірге кіреді. Үңгір іші көне жазулар мен символдық таңбаларға толы екен. Мая оларды зерделеп, түсінуге тырысты. Осы сәтте үңгір теңселіп, гуілдей бастады. Кейбір мұз сүңгілері сынып, түсе бастады. Бұларға мұз құрсауында жабылып қалу қаупі туындады. Алексей өте жіті қимылдап, мұздарды ысырып, жол ашып, Маяны қауіпті жерден алып шығуға кірісіп кетті. Бірақ басқа тосын сый күтіп тұр екен. Қайдан келгені белгісіз, қарулы топ  оларды қоршап алды. Бұлар да альпинистерді аңдып, артынан ілескен, артефакт табуды мақсат еткен топ секілді. Осы жерде шайқас басталып кетті. Тәжірбиелі Алексей топтың басшысымен мұз шетінде шайқасты. Оны ақыры ұрып жығып, екінші, үшіншісін де тау беткейінен құлатып жіберді. Маяны қорғап қалғандарын да ығыстырып, үңгірден шығарды. Мая сол аралықта үңгірдің  төр жағынан ежелгі артефактіні көреді. Ол әлсіз шағылысып, көгілдір түсті болып көрінеді. Маяның жүрегі жиі соға бастады. Бұл сәттер  оқиғаның ең маңызды сәті екенін ішкі түйсігімен сезді. Оның археология саласындағы білімі мен тәжірбиесі, осы жәдігерге ғана таңылып, сынға түсті. Артефактінің бас жағында INTRICATE символын және жазуды, алтын руно жайлы оқиды. Ежелгі артефакт әлі өз күшінде екен. Әрі таза ниетпен, жүрегіңнің адал энергиясымен  қарау керек. Көне жәдігерге қарап тұрып, оның тек алтын әшекей емес, оның ашылу қоймасының белгісі екенін білді.  Мая уақыт оздырмай, қолын алтын теріге қойып, көзін жұмды. Оның ойында альпинистер командасын, жат ниеттегі қарулы адамдардан құтқарсам деген тілек болды. Іле жиіліген дем алысы реттеліп, өзінің сабырлы қалпына түсті. Қолынан тараған бір алапат күш денесіне жайыла бастады. Көне жәдігер біртіндеп жарқырай бастады. Үңгір іші  күндізгі даладай анық көрінді. Мая көне жәдігерден әлдебір ақпараттарды алды. Көне заманғы ақпараттарды алып жатқанын сезінді. Маяның миына ол жәдігердің символдары мен не істеуге болатыны жайында ақпарлар жіберілді. Ол көне жәдігердің табиғаттың апаттарын жасайтын жойқын күшін көрді. Мая осы күшті пайдаланып, белгісіз қарулы топқа бағыттап, олардың жолын талқандап, жағдайын қиындатып жіберді. Олар тек жан сақтау қамымен төменге қашып жоғалды. Мая ақырын көзін ашты. Көне жәдігер жарқырап, бойын билеген бұла күшпен тауға бұрылып, дауыс шығарғанда, таудан оған жауап естілді. Осы таудың дауысынан қар көшкіні жүріп, сырғып, төменге кетті. Алапат көшкін қарулы жалдамалы топты қойнауына алып демде жоқ етті.  Көпке ұзамай-ақ альпинистер командасы толық қауіпсіз жағдайға келді

    Мая Хантәңірі шыңының бойында қаншама құпия тылсым, ежелгі құпиялар жатқанын көзбен көрді. Сол жердегі көне артефакт арқылы табиғаттың жойқын күштерін бағындыруға болатынын түсінді.  Олар өздерінің базалық лагеріне келгеннен соң бұл оқиғаны, осы ақпаратты зұлым күштер пайдаланып кетпеуі үшін ешкімге айтпауға келісті», – делінген жазбада.

    Екінші бір Хантәңірінің таңғажайып сәтіне куә болған адам Олег Гриднев – төтенше жағдайлар саласындағы альпинист. Хантәңірі  шыңына шығу барысында мұз астынан Құдайлар сарайын көргенін жазған. Мұз шыңы арасынан гректер жазған Зевс, Аполлон, Посейдон секілді Олимп  Құдайларының бейнелерін, тағы да көптеген елестерді көрген. Осы көргендер арасында қой терісі – алтын руно да бар еді. Онымен алтын шайқағанын ойлап тұрғанында киелі рухтардың араласуымен бойын түрлі қорқынышты елестер буып, тұла бойын үрейлі сұмдықтардан жайлап алды. Осы өне бойын буған үрейге шыдамай, ол жерден алыстап, кетіп қалған. Олегтің айтуында Құдайлар тауы осы жер. Гректердің дастаны ол жай жазыла салған әдеби шығарма емес, ол – шындық. Хантәңірі осы шындықты өзінің бойына сақтап келе жатқанын жазған.

    Грек тарихшысы Гередот  Проконнестен шыққан Кайстробийдің ұлы Аристей өзінің өлеңдерінде Фебтің жебеуімен исседондардың жеріне шейін барғанын  жазады. Исседондардың жоғарғы жағында жалғыз көзді дәулер аримаспалар тұратынын айтады. Аримаспалар исседондарды ығыстырып, исседондар скифтерді (сақтарды) солай өз жерінен қуып шыққан. Гередот  грек ұғымындағы Зевс, скифтер ұғымындағы Көктәңірі екеуі бір, айырмасы атауында ғана деп жазған. Грек тарихшыларының әдетінше жат жерліктердің атауын өз тілдерінде бұрмалап көрсеткен. Осы деректердің сәйкестігіне таң қалуға болмайды. Өйткені Исседон – Үйсін елі делінеді. Ал Хантәңірі – Үйсін жұртының төрінде.

    Академик  Әлкей Марғұлан «Ежелгі гректер жалғыз көзді циклоптар, тауларды мекендеген Құдайлар туралы мифті  сақ тайпаларынан, тәңір туралы әңгімелерінен алған. Сақ атасы Тарғытай мен Эллиндердің атасы Геракл екеуі бір адам. Тарих атасы сақтар туралы мәліметтерді б.з.д VIII ғасырда қазақ  даласын аралаған Аристей жазып қалдырған» деп түсініктеме береді. Посейдон – Ер Төстіктегі Көлтауысар, Таусоғарды Геракл деп есептейді. Қарап отырсақ, біздің ежелгі мифтерімізден алынғаны рас. Осы жазба деректердің және де растығына Хантәңірі шыңынан көрінген алып үңгірдегі артефакт (киелі көне жәдігер), түрлі жазбалар, символдық таңбалар  айғақ бола алады. Олег Гриднев көрген  мұз астындағы Құдайлар бейнесі, алтын руно арқылы білуге болады. Таудың киелі рухы тарапынан болған үрей мен қорқыныш тыныс алдырмай демін қысып, жүрегін қақтырып, жетелеген күйі алыстатып, қуып шығарып жіберген. Тау иелері сырын одан ары ашқысы келмеген. Ал жергілікті ел перзенттерінің басынан өткен Хантәңірі баурайында болған бір оқиға Ананьевтің «Ущелье злых ветров» кітабында жазылған. Бұл оқиғалар 1920 жылдардан кейін болған еді.

    «Біз Мергенбай бандыны екі жағы биік құз жартасты сайға қамадық. Сайдың екі жағы биік құз. Ал алды биік мұз тау болып тұйықталып қалды.  Кеш батып кеткен соң шабуылды таңертең жасайық деп шештік. Енді Мергенбай банды ешқайда қашып құтыла алмайды. Тағдырын санаулы сағаттар шешеді. Таңертең Мергенбайды ауылымен қоса қырамыз дедік», – деп жазылған кітап жолдарында. Таңертең жарық түскен соң шабуыл жасамаққа барса, ол жерде бір ғана есек қалыпты. Ешкім жоқ, адамдары да, малдары да көзден ғайып болған. Жақсылап қараса, биік таудың мұз асатын жеріне төсеніш бір тоқымды қалдырған. Біз аспанға ұшып кетпедік, міне, тоқым төсеп шығып кеттік. Ал сен орыс есексің деп, есекті қалдырып кеткен. Қызыл әскер командирі таң қалып: «Атақты генералисмусс Суворов Альпі тауынан асқан кезде 70 пайыз жауынгерлерінен айырылған. Ал мынау оқымаған қазақ 100 пайыз адамдары мен малдарын биік мұз таудан аман-есен алып кеткен. Не деген даналық?!» – деген таңданысын білдірген.

    Тау халқы, өздері мекендеген таулар секілді мақсат, өресі биік болып келеді. Өйткені жүректері, жан дүниелері таза болып келгендіктен  рухтардан, көктен жиі аяндар алып отырған. Сондықтан олардың Хантәңірі атауы жайдан-жай қойыла салған атау емес, көктен түскен аяндармен, көздері жетіп, саналарында сомдалып, құдіретті күштердің биіктігін мойындағандықтан қойылған.

    Ежелгі ірі дамыған өркениеттер Лимурия, Атлантиданың дана адамдары, өздерінің генофонын сақтау үшін  сомати кейпіне кіретін. Сомати деген ол – жүректі тоқтатып, мыңжылдықтарға терең ұйқыға ену. Ол жүрегін тоқтатып, тәнін отырғызып қойғанымен, рухының қорғаныс күштері әрекеттерін істей береді. Сомати күйінде сақталатын орындар үш түрлі жерде болады. Олар суда, мұз құрсауында, және үңгірлерде сақталады. Үңгірлерде адамға ерекше қауіпті, сыры белгісіз күштер әрекет етеді. Бұл күштерді сомати күйіне енген адамдардың өзі бағыттап, басқарып отырады. Күштердің негізі биологиялық қуатта жатыр. Уақытында атланттар осындай күштердің құдіретімен гравитациялық тартылысты жеңіп, орасан зор тас блоктарды қозғап, пирамидаларды, Стоунхеджтегі тас обсерваторияны, Пасхи аралығындағы алып мүсін тастарды орнатқан. Бұл – 100-150-200 тонна алып тастарды көтеріп орнына қою деген сөз.

    Шығыста үшінші көзді даналық көзі деп есептейді. Тибеттегі монастырьларда өз ілімінің шыңына жеткен шәкірттердің үшінші көзін хирургиялық рәсіммен ашып отырған. Үшінші көздері ашылған әулие адамдар алыста кетіп бара жатқан адамның биоөрісін аурасын көзбен көретін қасиеттерге ие болған. Оны жөн сұрамай-ақ қандай пиғылдағы адам екенін білген. Мәселен, ешкімге зияндық ойламайтын жандардан жасыл түсті аура тараған. Үшінші көзді сана көзі, даналық көзі деп те айтуға болады. Біздің ата-бабаларымыздың салт-дәстүрінде обал, сауап, ар, ұят алдыңғы қатарда болғандықтан, олардың арасынан көп бабамыздың үшінші көздері ашық болған. Жалпы Көк тәңірі туралы информациялық ақпараттарды аяндар арқылы алып отырған. Осындай жандар Көк тәңірімен трансқа түсіп, ізгі көмектерін, жақсылықтарды ел-жұртына жайып отырған. Мың өліп, мың тірілген қазақтардың қандай да қиындықтардан аман-есен шығуы да, қазақтың таза пейілі мен шынайы имандылығынан. Осы бағыттағы қанатты сөздері соны айғақтайды. «Аққа Құдай жақ», «Момынның ісін Құдай өзі  жөндейді», «Өлтірем деген біреу бар, өлтіртпеймін деген Құдай бар» деген сөздердің астарында көшпенді бабаларымыздың жоғары сана деңгейіндегі әрекеттері байқалады. Біртіндеп уақыт келе, пейіліміздің тарылуынан, қу дүниені қуып, обал-сауапты сырғытып, екінші шекке апаруымыздан үшінші көз біртіндеп жабылуда. Жалпы, информациялық өріспен байланыс үзіліп, ондағы ілімді пайдалану мүмкіндіктеріміз жоғалуда. Осының кесірі ұрпағымызға  тиюі мүмкін. «Мұны Құдай көріп тұр, Құдай менің дәл қазір не ойлап тұрғанымды біліп тұр» деген сөз де Жаратушымен әлемдік транстық байланыс. Осының барлығының емі – бабалардың мейірім іліміне қайтып оралу. Көш сонда қайта түзеледі. Оның бәрі өзіміздің қолымызда!

    Таулар бізге тура жол ұсынады, ол – мейірім жолы, ол – ізгілік жолы. Бізге басқа таңдау керек емес.

    Болат СӘРСЕНБАЙ,

    өлкетанушы

    Ұсынымдар

    Қонаевта желкенді қайық спортынан Қазақстан кубогы басталды

    Қонаевта желкенді қайық спортынан Қазақстан кубогы басталды

    2 years ago
    Алматыда 9 мамырға арналған марш онлайн өтеді

    Алматыда 9 мамырға арналған марш онлайн өтеді

    2 years ago
    Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау науқаны өтті

    Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау науқаны өтті

    2 years ago
    Құрбандықтан құлшылық құтқарған

    Құрбандықтан құлшылық құтқарған

    1 year ago
    Қонаев командасы үздік шықты

    Қонаев командасы үздік шықты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>