-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәртіпке бағыну – өркениетті қоғам белгісі

    25.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жастарға керегі – заң мен тәртіп
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамның басты ұстыны етіп ұсынды. Ел болашағының жарқын болуы үшін азаматтардың, әсіресе жастардың, тәртіпке мойынсұнуы мен заңға құрметпен қарауын ерекше атап өтті. Осы үндеуге үн қосқан Алматы облысының жастары құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған нәтижелі шараларды іске асырып келеді.

    Жыл басынан бері «Заң мен тәртіп үстемдігі – тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында 20-дан астам кездесу өткізіліп, 1000-ға жуық жас қамтылған. Бұл басқосуларда әсіресе есірткі мен нашақорлыққа қарсы күрес, вандализм, лудомания сияқты қоғамға жат құбылыстардың алдын алуға басымдық берілді. Осы орайда облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашев:

    – Бұл жұмыстар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдық тәртіпке бейімдеу үшін жасалды. Қоғамдағы заңсыздықтарға қарсы иммунитет қалыптастырудың бірден-бір жолы – жастардың құқықтық танымын кеңейтіп, сыбайлас жемқорлық пен тәртіпсіздікке төзбеушілік көзқарас орнату, – деп осы мақсатта өткен кездесулерге әр саланың білікті мамандары арнайы шақырылғанын айтып, онда жастарға әсер ететін нақты мысалдар айтылып, терең ой салатын сұхбаттар өткізілгенін алға тартты.

    Аталған кездесулер облысымыздың түпкір-түкпірінде ұйымдастырылды. Шара барысында полиция департаменті, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ сала ардагерлері жастармен ашық сұхбат жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Олар әрбір заң бұзушылықтың арты қандай салдарға әкелетінін түсіндіріп, азаматтық жауапкершілік пен заң алдындағы міндет туралы кеңінен баяндады. Полиция ардагерлерінің төрағасы Қалижан Алпысбаев заңға құрмет – адал азаматқа тән қасиет, тәртіпке бағыну – өркениетті қоғамның белгісі екенін жеткізді. Ол өз сөзінде:

    – Мен бұл салада ұзақ жыл еңбек еттім. Қоғамға іріткі салатын әрекеттерге жол бермеу – баршамыздың міндетіміз. Оның ішінде аға буын өкілдерінің тәрбиелік рөлі өте зор. Жастар заңсыздықтың салдарын ұғынып өсуі қажет. Себебі бұл тек жеке адамның емес, бүтін бір ұлттың тағдырына әсер етеді, – деді.

    Басқосуға облыстық прокуратураның ардагерлер кеңесі төрағасы Әбдіберік Әділбеков, облыс прокурорының көмекшісі, бөлім бастығы Алмас Жалғасов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Тіленшин, сондай-ақ полиция полковнигі Жанар Көптілеуова сынды білікті мамандар қатысты. Олар жастармен еркін форматта тілдесіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға сүбелі үлес қосты. ҚР Конституциясының 30 жылдығы аясында заң үстемдігіне айрықша басымдық беру керектігі де айтылды. Бұл ұстанымды жастар санасына сіңіру, оларды құқық бұзушылықтан сақтандыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ал атқарылып жатқан жұмыстар осы жолдағы нақты әрі нәтижелі қадам болып отыр.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысы құрылыс қарқыны бойынша үздік үштікке енді

    Алматы облысы құрылыс қарқыны бойынша үздік үштікке енді

    1 week ago
    Қала көркін қашырған жарнама

    Қала көркін қашырған жарнама

    9 months ago
    Казахстан – генератор идеи ШОС

    Татулық – біздің басты бағдарымыз

    1 year ago
    Ұрпақ сабақтастығы жалғасады

    Ұрпақ сабақтастығы жалғасады

    8 months ago
    Жаңа ХҚКО бой көтеруде

    Жаңа ХҚКО бой көтеруде

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>