-13 °c
Qonaev
Thursday, July 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тату көрші, сенімді серіктес

    09.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Тату көрші, сенімді серіктес
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Облыс  әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясынан келген делегацияны қабылдады. Кездесуде екіжақты әріптестікті дамыту, бірлескен жобалар, инвестиция тарту, логистика, агроөнеркәсіп және жасыл энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Аймақ басшысы қонақтарға алдымен облысымыздың әлеуметтік экономикалық дамуы жайында айтып берді. Өңірдің  ел   экономикасында көлемі жағынан 5-орынға көтеріліп, жоғары әлеуетке ие аймақ ретінде танылып отырғанын жеткізді. «Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасының провинциялар  арасындағы достық және өзара тиімді селбестік нәтижесінде аймақтың Қытаймен тауар айналымы дәстүрлі түрде жоғары деңгейде сақталып келеді. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш тұрақты түрде 1 млрд АҚШ долларынан асып отыр. 2024 жылы тауар айналымы 1 млрд 23 млн АҚШ долларын құрады. Бүгінде Алматы облысында Қытай капиталының және бірлескен капиталдың қатысуымен 150-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл – екіжақты іскерлік ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің айғағы. Бүгінде өңірде ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Қазақстан Шығыс пен Батыс, Қытай мен жаһандық нарықтар арасындағы көпір болуға ниетті», деген еді. Сондықтан біз Чжэцзян провинциясында сенімді және перспективалы серіктесті көреміз. Әріптестік аясында ауыл шаруашылығы саласында бірлескен кәсіпорындар құру мен инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға күш саламыз», деген Марат Елеусізұлы көрші елдің өкілдерін өңдеу өнеркәсібі, электротехника, құрылыс, туризм, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сынды салаларда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

    Келесі кезекте Чжэцзян провинциясы саяси-құқықтық істер комитетінің хатшысы Ван Чэнго сөз алып, жылы қабылдағаны үшін  облыс басшысына алғыс айтты. Ол Чжэцзян провинциясының әлеуметтік экономикалық  жайын баяндады. Оның айтуынша, Чжэцзян – Қытайдың маңызды өңірлерінің бірі. Орталғы Ханчжоу қаласында Alibaba, DingTalk сынды әлемге әйгілі технологиялық  компаниялардың бас кеңселері орналасқан. Сонымен қатар, бұл өңір – шетелге инвестиция салатын ірі жеке компаниялары ең көп шоғырланған Қытай провинциясы саналады. Кездесу нәтижесінде екі тарап логистикалық хабтар құру, бірлескен өндірістер ашу және кадр даярлау бағытында ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін білдірді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Құрылыс нысанын аралады

    Құрылыс нысанын аралады

    2 months ago
    Қазыналы қаламгер

    Қазыналы қаламгер

    11 months ago
    Тәжірибе алмасты

    Тәжірибе алмасты

    5 months ago
    Лимон бағы жайнаған

    Лимон бағы жайнаған

    6 months ago
    Мергендер сайысы

    Мергендер сайысы

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>