-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Таза бейсенбі: Алматы облысында Шамалған өзенінің жағалауы тазартылды

    Экологиялық акция аясында 2 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 1,5 тонна қалдық арнайы полигонға жөнелтілді

    03.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Партия, Экология
    Таза бейсенбі: Алматы облысында Шамалған өзенінің жағалауы тазартылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    «AMANAT» партиясының мүшелері Қарасай ауданындағы Шамалған өзенінің маңындағы аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық іс-шараға барлық деңгейлі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.

    Акцияға 30-ға жуық адам белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. 2 гектар жерден жиналған 1,5 тонна қоқыс арнайы полигонға жіберілді.

    «Жазғы уақытта азаматтардың көп демалатын жері өзен-көлдің жағасы болса, осы Шамалған жағасын таза ұстау негізгі мақсатымыз. Тазалау барысында бұрыннан қалып қалған тұрмыстық қалдықтар, полиэтилен пакет, пластик бөтелкелер сияқты күл-қоқыстар шығарылып, полигонға жөнелтілді. «Таза бейсенбі» экоакциясы елді мекендерде де жақсы жолға қойылған. Алдағы уақытта да бұл экологиялық акция жалғасын табатын болады. Әрбір азамат өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін өзінің ортасын таза ұстауды көрсете білу керек деп ойлаймын», – деді «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов.

    Ал аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сүнбековтың айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу – AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған маңызды басымдықтың бірі.

    «Аманаттықтар табиғатты аялау ісін әрі қарай жалғастыруға ниетті. Партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін барлық аудан орталықтарындағы және Қонаев қаласында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою міндеті тұр. Онымен қоса, өңірде полигон және кешенді қоқыс тиеу мен сұрыптау төрт алаңы салынбақ. Сондай-ақ барлық ауылдарда қоқысты бөлек сұрыптауға және құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 мың контейнер орнатылады», – дейді депутат.

    Айта кету керек, «Таза Қазақстан» жобасы аясында өңірде «Таза бейсенбі» экоакциясы жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мыңдаған тұрғын табиғатты тазартуға белсенді атсалысуда.

    Ұсынымдар

    Еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты басталды

    Еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты басталды

    7 months ago
    Тұлпардан қалған тұяқ

    Тұлпардан қалған тұяқ

    11 months ago
    Облыс әкімі Қонаев қаласындағы құрылыс жұмыстарын тездетуді тапсырды

    Қонаевтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды

    1 year ago
    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    2 years ago
    Агроөнеркәсіпті дамыту маңызды

    Агроөнеркәсіпті дамыту маңызды

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>