⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жағажайды күтіп ұстау: кәсіпкердің міндеті қандай?

    04.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Мәселе, Туризм және саяхат, Экология
    Жағажайды күтіп ұстау: кәсіпкердің міндеті қандай?
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қонаев қаласындағы №6 жағажайда 40 бизнес орны жалға берілген. Сенім негізінде басқаруға алған компания мен кәсіпкерлер арасында келісімшарт жасалып, олардың міндеттемелері айқындалған.

    Алайда, тұрғындар мен қала қонақтары тарапынан күтіп ұстау мен санитарлық жағдайға байланысты көптеген сұрақтар туындауда. Осыған байланысты қала әкімдігі төмендегідей түсіндіреді.

    Келісімшарттың 3-тармағында тараптардың құқықтары мен міндеттері жазылған. Оның ішінде күтіп ұстау бойынша жалға алушының міндеттері:

    * Жағажайды абаттандыру мен санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, келісімшартқа сәйкес шаруашылық қызметін жүргізу;
    * Күн сайын аумақты тазалау – киім ауыстыратын орындар, дәретханалар, жасыл аймақтар;
    * Жалға алынған аумақты жарықтандыру;
    * Қоқыс жәшіктерін су жиегінен кемінде 20 метр қашықтықта, әр 60 м² аумаққа бір қоқыс жәшігі есебімен орнату;
    * Қауіпсіздік талаптарын сақтау (оның ішінде – ақпараттық баннерлер, жалаушалар және т.б. орнату);
    * Кемінде 2 санитайзер орнатып, тапшандарды, орындықтарды, жабдықтарды күніне екі рет дезинфекциялау.

    ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, жағажайда сенім негізінде басқаруға алған компания 45 қоқыс жәшігі мен 10 контейнер орналастырған. Тазалық жұмыстарына күнделікті 30 адам, 2 арнайы техника жұмылдырып отыр. Аумақта 3 әжетхана орналасқан. Сондай-ақ қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камералары қойылған, 10-нан астам құтқарушы қызмет етеді. Ал медицина қызметкерлерінің саны – 2-еу. ТЖБ мен Полиция басқармасының мамандары тұрақты түрде патрульдеу жүргізуде.

    Ал №5 жағажайға келсек, мұнда 6 әжетхана (28 бөлме), 12 орындық 5 жуынатын жер, 6 киім ауыстыратын орын (12 бөлме) бар. Аумақта 30 дана қоқыс жәшігі мен 40 бөшке, 25 дана қоқыс контейнерлері орналастырылған. Бұл жағажайда жасанды интеллектімен жұмыс істейтін бейнебақылау камералары қойылған.

    Tags: Қонаев қаласытуризмэкология

    Ұсынымдар

    Жүлдемен оралды

    Жүлдемен оралды

    1 month ago
    Сақтықта қорлық жоқ

    Сақтықта қорлық жоқ

    2 years ago
    Сәтбаевтан сыйға қалған

    Сәтбаевтан сыйға қалған

    5 months ago
    Алматы облысында жемқорлықтың алды алынды

    Алматы облысында жемқорлықтың алды алынды

    2 years ago
    Шекара шебінде

    Шекара шебінде

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>