-13 °c
Qonaev
Sunday, August 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жағымсыз иістен қашан құтыламыз?

    22.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе, Экология
    Жағымсыз иістен қашан құтыламыз?

    Фото: rus.baq.kz

    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Іле ауданына қарасты Қараой және Ащыбұлақ ауылдық округтеріндегі Жәпек батыр мен Төле би ауылдарының тұрғындары бірнеше жылдан бері өндірістік базадан тараған сасық иіске шағымданып келеді. Халық арасында «Мехочистка» деген атаумен танылған бұл нысанның аумағында пластик қалдықтары үйіліп жатады. Әсіресе жаздың аптап ыстығында төңірекке жағымсыз иіс тарайды. Ауыл тұрғындары бұл жағдайдан кейін көшеде жүру мүмкін болмай қалғанын айтады.

    Ахуал ушыға түскен соң, мәселе облыс әкімдігінің назарына ілікті. Ресми түсініктеме беріліп, тиісті тексерулер басталғаны хабарланды. Әкімдіктің дерегінше, Қараой ауылдық округіндегі Арман көшесі, 136-учаскеде орналасқан өндірістік база негізінен кәріз суларын сүзгіден өткізіп, ірі қалдықтардан тазартады. Нысан жеке кәсіпкер Р. Исматовқа тиесілі. 2025 жылдың 1 наурызынан бастап бұл база Аманжол Құтанов есімді азаматқа жалға берілген. Мұны растайтын келісімшарт бар.
    Облыс әкімдігінің хабарламасында: «2025 жылдың 10 маусымында база аумағындағы қалдықтар мен жағымсыз иіс туралы ауыл тұрғындарынан шағым келіп түсті. Осыған байланысты 12 маусымда Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ресми сұрау жолданды. Алайда аталған орган бұл мәселе олардың құзыретіне кірмейтінін хабарлады. Сонымен қатар жер телімінің нысаналы мақсатына қатысты сұрау облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне де жіберілді», – делінген. Сондай-ақ мамыр айында базаны жалға алушы Аманжол Құтановқа әкімшілік айыппұл салынғаны айтылған. Ал 4 шілде күні облыстық экология департаментіне қосымша сауал жолданған.
    Көптеген тұрғындардың арыз-шағымдары негізінде ведомствоаралық комиссия құрылған. Комиссия құрамына облыстық экология департаменті мен аудандық экология бөлімдері, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, кәсіпкерлік бөлімі, ауылдық округ әкімдігі, төтенше жағдайлар департаменті, аудандық полиция өкілдері кірді.
    Тексеру барысында жағымсыз иістің нақты көзі анықталып, оның қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына әсері зерделенбек. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметінің заңдылығы да тексеріледі.
    Бұған қоса, комиссия жұмысы аясында көші-қон қызметі кәсіпорында еңбек етіп жүрген шетелдіктерді, әсіресе Қытай Халық Республикасының азаматтарын анықтамақ. Олардың көші-қон заңнамасын сақтау деңгейі, еңбек рұқсаты мен тұру жағдайы назарға алынады. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.
    Айта кетейік, бұған дейін де Ащыбұлақ ауылдық округіндегі «Мехачистка» кәріз суларын сүзу базасына қатысты тұрғындар тарапынан шағым түсіп отырған. Тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталған еді. Комиссия мүшелері мәселенің түп-төркіні Қараой округіндегі өндірістік базада жатқанын айтып отыр. Себебі кәріз суларын ағызатын канал ортақ болып шыққан. Алдағы уақытта осы мәселелердің бәрі ескеріліп, жағымсыз иіске қатысы мәселе шешімін табар деген үміттеміз.

    Бағдат ШОЙБАС
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Елордада Президент шыршасы өтті

    Елордада Президент шыршасы өтті

    2 years ago
    Наурыз көші көрікті

    Наурыз көші көрікті

    1 year ago
    Алматы облысында мектептерге 42 мың түп шырша көшеті табысталды

    Алматы облысында мектептерге 42 мың түп шырша көшеті табысталды

    2 years ago
    Есірткі есік қағып тұр

    Есірткі есік қағып тұр

    8 months ago
    Балаңызды бақылаңыз

    Балаңызды бақылаңыз

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>