-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңарған жағажай жан сергітеді

    05.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңарған жағажай жан сергітеді
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Қонаев қаласындағы №5 жағажай жаңа кейіпке енді. Айналасы толық абаттандырылып, қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай қызмет көрсетуі арқылы заманауи демалыс мәдениетін қалыптастырып отыр. Бұл – тек шомылуға арналған орын ғана емес, өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа бастаманың жарқын көрінісі.

    Күн сәулесімен шағылысқан көгілдір көл, самал желмен жайқалған жағалау, көңіл көкжиегі аспанмен астасқан жұртшылық. Міне, осылай бар кереметті үйлестірген №5 қалалық жағажай – қала тұрғындарының да, қонақтардың да көңілінен шыққан, тынығуға, сергіп қайтуға барлық жағдай жасалған жайлы кеңістік.
    Жағажайдың ұзындығы – 1100 метр. Мұнда шағын сәулеттік нысан­дар мен мүсіндер орнатылып, келушілерге эстетикалық әсер сыйлайды. Әкімші Жәнібек Хамзиновтың айтуынша, жағажай биыл қолданысқа беріліп, қысқа уақытта-ақ мыңдаған адамның сүйікті орнына айналған:
    – Жағажайлардағы басты мәселе әжетханалар мен жуынатын жердің жетіспеуі екенін жақсы білесіздер. Мұнда бұл жайт толық шешімін тапқан. Бес әжетхана үздіксіз жұмыс істейді, кезек күттірмейді. Далалық душтар, көлеңкелі шатырлар, ерекше күтімді қажет ететін адамдарға арналған арнайы алаң да бар, – деген Жәнібек Әділбекұлы жағажай аумағында 6 тамақтану павильоны, жазғы алаңмен жабдықталған 1 мейрамхана, демалушыларға арналған жазғы дәмханалар жұмыс істейтінін де тілге тиек етті.


    Жағажайда қауіпсіздік жүйесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жасанды интеллектпен жабдықталған 20 бейнекамера демалушылардың әрекетін бақылап, қауіпті жағдай байқалса, автоматты түрде дабыл қағады. Барлық бақылау құрылғылары деректерді басқару орталығына толық қосылған. Сонымен қатар мұнда қауіптің алдын алу үшін 6 құтқару бекеті қызмет етеді. Әр ауысымда арнайы дайындықтан өтіп, тиісті куәлік алған 21 кәсіби құтқарушы кезекшілік атқарады. Жағажай аумағын 15 күзетші тәулік бойы бақылайды. Қосымша жағажай әкімшілігі тарапынан қойылған 30 бейнекамера бар. Мұндай қауіпсіздік жүйесі еліміздегі барлық жағажайлар үшін үлгі боларлықтай.
    Тазалық мәселесі де мықтап жолға қойылған. Жағажай мен іргелес саябақ күніне екі мәрте – таңертең және түстен кейін тазаланады. Оған жауапты 30 қызметкер жұмылдырылған. Жағажайға жұмыс күндері 2500 адам, демалыс күндері 7000 адам келеді. Жағажай аумағы 10 000 адамды қабылдауға қауқарлы.
    Осы орайда Жәнібек Әділбекұлы: «Жағажай жаяу келушілерге арналған. Сол себепті автотұрақ шектеулі. Қазіргі таңда көліктің кіруі автоматтандырылып жатыр. Тұрақтан түскен қаражат жағажайдың күнделікті шығынына жұмсалады», – деп айтып өтті.
    Жағажайда 100-ге жуық адам еңбек етеді. Мұнда медициналық пункт, алғашқы көмек бекеті жұмыс істейді. Демалыс орнында от жағуға, шылым шегуге, ішімдік ішуге қатаң тыйым салынған. Барлық ережелер мен ескерту белгілері анық көрсетілген.
    Туризм тек қызметпен емес, халықтың ықыласымен бағаланады. Бұл жағажай туралы жылы лебіз білдіргендердің бірі – Шымкент қаласынан келген қонақ Серік Өмірәліұлы:
    – Қонаевқа алғаш келуім. Жағажайдың ашылғанын естіп, арнайы демалуға келдік. Шынымды айтсам, бұл жер біз көрген шетелдік жағажайлардан кем түспейді. Жағдайы өте жақсы, бәрі абаттандырылған. Ішкі туризмнің осындай үлгілерін көргенімізге қуаныштымыз. Бұл – демалу мәдениетінің жаңа деңгейі, – деп оң бағасын берді.
    Қала тұрғындары да өз ойларымен бөлісіп, жағажайдың жан қуантарлық орта екенін ашып айтты.
    – Бұрын арнайы орын іздеп, жағажайға бару қиын болатын. Қазір балаларыма да, өзіме де жайлы орын осы болды. Қала көркейіп келеді, қуаныштымыз, – деген Маржан Сейітова мұндағы тазалықтың да адам тартатынын жасырып қалмады.
    Жаңарған жағажай қала келбетіне ғана сән беріп тұрған жоқ, ол өңір туризмін дамытуға бағытталған нақты істердің нәтижесін көрсетті. Сапалы қызмет, қолжетімді баға, қауіпсіз орта, тазалық пен тәртіп – осының бәрі демалыс мәдениетінің жаңа биігіне бастайды.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Шарындағы шаттық

    Шарындағы шаттық

    8 months ago
    Жетісу облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

    Жетісу облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

    2 months ago
    Жауынгерлік жол – ұрпаққа үлгі: Ауған соғысының батырлары әскери бөлімде

    Жауынгерлік жол – ұрпаққа үлгі: Ауған соғысының батырлары әскери бөлімде

    5 months ago
    Заң бұзған коммуналдық мекемелер мен субъектілер жауапқа тартылды

    Заң бұзған коммуналдық мекемелер мен субъектілер жауапқа тартылды

    2 years ago
    Ұшқан ұя ұлағаты

    Ұшқан ұя ұлағаты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>