-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жауапкершілік жүгін арқалаған

    01.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жауапкершілік жүгін арқалаған
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Адамның таңдаған мамандығы – оның өмірінің бір бөлшегіне айналатыны ақиқат. Азамат Жамболатов бала кезінен полицей болуды армандаған. Ол мақсатына қол жеткізіп, біраз уақыт ішкі істер органдарында еңбек еткен соң, өз күшін мемлекеттік қызметте сынап көруге шешім қабылдайды. 2019 жылдан бері ол Қарасай ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқаруда.

    Азаматтың тұлға ретінде қалыптасу кезеңі Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында өтті. Дәл осы жерде, 1984 жылдың 29 маусымында ол қарапайым еңбеккерлер Ырысбай мен Фарида Жамболатовтардың отбасында дүниеге келген. Әкесі жергілікті автобус паркінде қоғамдық көлік жүргізушісі болып жұмыс істесе, ал анасы сүт зауытында еңбек еткен. Қазір екеуі де зейнеткерлік демалыста. Азаматтың Бекзат есімді інісі бар.
    – Полицей болу туралы мен Райымбек батыр атындағы орта мектептің 8-9 сыныптарында оқып жүргенде ойлай бастадым, – дейді кейіпкеріміз. – Сол кезден бастап мақсатыма жету үшін қажетті пәндерді тереңірек меңгере бастадым. Сонымен қатар дене дайындығымды жақсарту үшін спортпен де шұғылдандым. Мектепті 2002 жылы бітіріп, Қазақстан гуманитарлық-заң академиясына оқуға түстім. Бұл оқу орны мықты оқытушыларымен танымал болатын. Әсіресе азаматтық құқықтан қызықты лекциялар оқыған ұстазым Өмірбай Сайынұлы есімде ерекше қалды. Академияны 2007 жылы «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдадым.
    Бастапқыда Азамат алты жыл бойы Алматы қаласы Жетісу аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінде тергеуші болып қызмет атқарды. Одан кейін өзін жаңа салада сынап көру кезеңі басталды. Мемлекеттік қызметтегі бос орын туралы хабарландыруды кездейсоқ көріп, құжаттарын тапсырып, қажетті рәсімдерден өтіп, Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің аппаратына жетекші маман болып қызметке қабылданды. Кейін Қарасай ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істей бастады.
    – Біздің бөлімді Үміт Әмірханова басқарады. Оның басшылығымен екі маман қызмет атқарамыз, – дейді Азамат Ырысбайұлы. – Біз әкімдік пен әкім қызметінің заңдылығын қамтамасыз етеміз.Құқықтық сараптамамен айналысып, нормативтік құқықтық актілерді әзірлейміз. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргіземіз. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің заңдылығы мен сапасына сараптама жасаймыз. Бөліміміз басқа мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Бұл жұмыс мен үшін қызықты. Ол заңгерлік сауаттылықты, қолданыстағы заңнаманы үнемі оқып, өзгерістерін бақылап отыруды талап етеді. Білікті заңгер болу үшін әрдайым заман ағымынан қалмай, білім қорын толықтырып отыру қажет. Ал егер сен мемлекеттік қызметте болсаң, онда екі есе жауапкершілік жүктеледі. Мен үнемі аудан басшылығы мен әріптестерімнің сенімін ақтауға тырысамын.
    Азамат Ырысбайұлы өмірлік серігі – Әсеммен 2012 жылдың қыркүйегінде шаңырақ көтерген. Қазір олардың 11 жастағы Айсұлу есімді қызы бар. Азамат үшін сүйікті жұмысы мен бақытты отбасы – өмірінің басты мәні.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті

    NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті

    12 months ago
    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    2 years ago
    Сұранысқа ие сүт өнімі

    Сұранысқа ие сүт өнімі

    3 months ago
    Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

    Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

    5 months ago
    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    АЭС референдумы күзде өтеді – Президент

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>