🌧️
3°C
Қонаев
Сейсенбі, Ақпан 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жеті тіл білетін сарбаз

    25.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Жеті тіл білетін сарбаз
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Жеті тіл болғанда… Алматы қаласында туып-өссе де өзінің ана тілінде мүлтіксіз сөйлейтін ол тағы орыс, ағылшын, қытай, түрік, кәріс және жапонша ағып тұр. Ғажап емес пе, жеті тіл білетін сарбаз бізде – ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Нарынқол» шекара бөлімшесінде қызмет етеді. Дәлірегі, ол атқаратын қызметі күрделі саналатын шекара бөлімшесінде ел шебін қалай күзетудің қыры мен сырын үйрену үстінде.

    Бұл – қатардағы жауынгер Санжар Құдайбергенов. Жоғары білімді. Бокстан спорт шеберлігіне үміткер.  Бұл жағынан жеткен жетістігі де аз емес. Түрік елінің Измир қаласындағы университетті бітірген. Ал тіл білетіні… Айтпақшы, Нарынқол өңірінде тым болмаса екі-үш емес, бақандай жеті тілді білетін сарбаз бар екенін естіп, елең ете қалған бізде аяқ астынан бір ой қылаң берген. Сосын сымша тартылған тұлғасы жас жігіттің спортшы екенінен хабар беріп тұрған Санжарды «Нарынқол» шекара бөлімшесінің саптық алаңына шығардық та, өзін жеті тілде таныстыруын сұрадық. Жас шекарашы іркілген жоқ. Алдымен «Сәлем! Менің атым – Санжар! Мен шекарашымын!» деген ол осы сөздерін орыс, ағылшын, қытай, түрік, кәріс және жапон тілдерінде қайталап айтып шықты.

    Сөйтіп ол өзінің жеті тілді жетік білетінін көрсетті. Әсіресе, қытай және жапон, кәріс тілдерінде сөйлегенде біздің алдымызда Санжар – кәдімгі қазақтың қара домалақ баласы емес, сол елдердің азаматтары тұрғандай күй кешкеніміз бар. Сосын «Жә!» дедік те, өзімен сұхбаттасуға кірістік.

    –  Санжар, жарайсың! Сен бізді таңғалдырдың! – дедік біз.

    – Шынымызды айтсақ, Шекара қызметінде бірнеше тіл білетін сарбаздар бар болса да саусақпен санарлық. Онда да ағылшын, қытай, түрік тілдерін білуі мүмкін. Онда да мұндай азаматтар шекаралық бақылау басқармаларында қызмет етеді. Ал сен ағылшын, қытай, түрік тілдерімен бірге жапон, кәрісше де білесің! Мен сені мақтаныш етемін! Ал енді өзің шекарашылар сапына қалай келдің? Тек алдымен осыншама тілді білуіңнің түп-төркінін түсіндірсең.

    – Рахмет. Негізі, әу баста мен мектептен кейін біздің алып көршіміз Қытай мемлекетінде оқығым келді. Бұл үшін жатпай-тұрмай, сол елдің тілін үйренуге қатты кірісіп кеттім. Сөйтіп, екі жылда үйрендім. Алайда Аспанасты елінде жоғары білім алу бұйырмады да, мен ата-анамның қолдауымен Түрік елінің Измир қаласындағы өзім таңдаған жоғары оқу орнына түсіп кеттім. Ал мұнда сабақтардың 60 пайызы ағылшынша, қалған 40 пайызы  түрік тілінде өтті.

    Ал енді мен кәріс тілін қайдан білемін? Менің сүйікті анамның анасы – менің әжемнің ұлты кәріс. Сондықтан, мен үшін бұл тілді үйрену оншалықты қиынға түскен жоқ. Жапон тілін де өзім үшін үйрендім. Ал әскер қатарына университетті бітіргеніме бірнеше ай өткенде алындым. Онда да өз қалауыммен. Неге? Өйткені, мен мектеп қабырғасында қосымша спортпен айналысқандықтан болар, әскерге барсам, десанттық-шабуылдау әскерлеріне немесе Шекара қызметіне барамын дейтінмін. Міне, өзіңіз көргендей, шекарашы атандым.

    Осылай деп ағынан жарылған Санжармен әңгіме үстінде көп нәрсені білдік.  Ең басты мақсат Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің жеке құрамы арасында жеті тілді жетік меңгерген шекарашы сарбаз бар екенін паш ету болатын. Паш еттік де!

    Иә, ел шебінде кім жүргенін білесіз бе?!

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,  

    ҚР ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Көз аурулары МӘМС есебінен тегін емделеді

    Көз аурулары МӘМС есебінен тегін емделеді

    1 year ago
    Ұйғыр ауданында жеміс-жидек бақтарының 98%-ы үсіп кеткен

    Ұйғыр ауданында жеміс-жидек бақтарының 98%-ы үсіп кеткен

    3 years ago
    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    3 years ago
    Алматы облысында қалдықтар полигоны уақытша жабылуы мүмкін

    Алматы облысында қалдықтар полигоны уақытша жабылуы мүмкін

    4 months ago
    Сенатор Бекназаров конституциялық реформа азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз ететінін айтты

    Сенатор Бекназаров конституциялық реформа азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз ететінін айтты

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>