-13 °c
Qonaev
Sunday, August 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жұмыссыздар үшін МӘМС жарнасы бюджет есебінен төленеді

    23.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Құқық-заң
    Жұмыссыздар үшін МӘМС жарнасы бюджет есебінен төленеді
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    МӘМС жүйесіндегі заңнамалық өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Өзгешелікке сәйкес, тегін медициналық көмек пен МӘМС арасындағы айырмашылық алынып тасталынады. Енді вакцинация, онкоскринингтер, жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, жедел және паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім сақтандыру мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.
    Реформаның негізінде халықты МӘМС жүйесімен қамтуды кем дегенде 95%-ға жеткізу көзделген.
    Ең бір қуантарлығы, ендігіде азаматтар 5 жыл тұрақты жарна төлеген болса, табысы тоқтаған жағдайда да 6 айға дейін сақтандырылған болып қала береді.
    «Әлеуметтік осал топтағы азаматтарды МӘМС жүйесіне тартуға жергілікті атқарушы органдар жауапты болады. Алматы облысы әкімдігі 3 826 млн теңге қаржы бөліп, 56,6 мың сақтандырылмаған азаматты медициналық қызметпен қамтуды қамтамасыз ететінін растайды»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов .
    Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыруға аударымдар жергілікті бюджет есебінен төленуі тиіс», – деген еді.

    Мемлекет басшысының пәрменінен кейін, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейтін болады. Сонымен қатар, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін де жарналар жергілікті бюджет есебінен төленетін болады.

    «МӘМС жүйесінде қосымша міндеттемелердің қосылуына байланысты жүйенің қаржылық жүктемесі күрт өсіп отыр. Осыған байланысты мемлекет тарапынан жарна мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру ұсынылуда. 2027 жылы – 2,2%, 2037 жылға дейін – 4,7%-ға дейін біртіндеп өсіру жоспарланған.Бұл ретте жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін жарна мөлшерлемелері өзгеріссіз қалады», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

    Еске саламыз, Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 1 630 198 адам тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар саны – 1 327 179, яғни, 81,5% болса, «Сақтандырылмаған» халық саны – 303 019 болып тұр.

    Ұсынымдар

    Ғылыми байланыс нығая түспек

    Ғылыми байланыс нығая түспек

    10 months ago
    Көлсай жолы тазарды

    Көлсай жолы тазарды

    1 year ago

    Еңбек – адамның көркі

    1 year ago
    Көрнекі тұлғаларға орнатылатын ескерткіштер жобасына байқау жарияланды

    Көрнекі тұлғаларға орнатылатын ескерткіштер жобасына байқау жарияланды

    2 years ago
    Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

    Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>