⛅
17°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    250 орындық емхана салынып жатыр

    04.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    250 орындық емхана салынып жатыр
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында Алматы облысында ауылдық жерлерде 38 жаңа медициналық нысан салынуда. Солардың бірі – Райымбек ауданының Нарынқол ауылында бой көтеріп жатқан 250 адам қабылдайтын заманауи емхана. Жоба шалғайдағы тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруды көздейді.

    Облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері нысанға барып, құрылыс барысын тексерді. Қазіргі уақытта жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Жобаның жалпы құны шамамен 4,4 млрд теңгені құрайды. Емхананы 2025 жылдың қазан айында толық пайдалануға беру жоспарланған.

    «Аудандағы фракция мүшелері ғимарат құрылысының сапасы мен уақтылы аяқталуын қадағалап отыр. Бұл емхана ашылған соң шалғай ауыл тұрғындарының сапалы медицинаға қолжетімділігі едәуір артады. Мұнда 10 төсек-орындық күндізгі стационар мен көз ауруларын хирургиялық жолмен емдейтін офтальмологиялық орталық ашылады», – дейді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов.

    Айта кетейік, облыс бойынша жоспарланған 38 медициналық нысанның 18-і қазірдің өзінде пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп жатыр. Қалған нысандардың құрылысы кезең-кезеңімен аяқталып, өңірдегі медицина инфрақұрылымы айтарлықтай жаңармақ.

    Соңғы жаңалықтар

    600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды
    04.04.2026
    Қонаевта 700 түп ағаш отырғызылды
    04.04.2026
    Аналар қуанышы ортаймасын!
    04.04.2026
    Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
    04.04.2026
    Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>