-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысы құрылыс қарқыны бойынша үздік үштікке енді

    08.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Алматы облысы құрылыс қарқыны бойынша үздік үштікке енді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Жыл басынан бері Алматы облысында 622 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – жылдық жоспардың 64,8 пайызы. Аталған көрсеткіш бойынша өңір республикада үшінші орынға шығып, құрылыс қарқынын қарқынды түрде жалғастырып келеді.

    Соның айқын дәлелі – Ұйғыр ауданына қарасты Шонжы ауылында салынған жаңа көппәтерлі тұрғын үй. Ауылдың қақ ортасында орналасқан заманауи тұрғын үйден 60 отбасы қоныс тойын тойлап, пәтер кілттеріне ие болды. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары аясында салтанатты түрде табысталды.

    Үйдің құрылысы 2022 жылы басталып, биыл толығымен аяқталды. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерден тұратын бұл үй қазіргі заманның барлық стандарттарына сай салынған: ыстық су жүйесі орнатылып, электр плиталар мен орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілген.

    Жаңа үйге көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар және әлеуметтік осал топ өкілдері қоныстанды. Олар үшін бұл — жаңа өмірге жол ашқан зор қуаныш.

    — “Халықты баспанамен қамту – бұл жай ғана міндет емес, бұл – біздің парызымыз. Әрбір отбасы мемлекет қамқорлығын сезініп, болашағына сенімді болуы үшін жұмысымызды жалғастыра береміз. Жаңа үй – бұл тек қабырғалар емес, жаңа өмірдің бастауы”, — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

    Қоныстанушылардың бірі – алты бала тәрбиелеп отырған Көккөзовтер отбасы. Олар үш бөлмелі пәтерге қол жеткізіп, жаңа баспанасын жайластырып жатыр.

    — “Біз бұл күнді ұзақ күттік. Әлі де сенер емеспіз — енді өз баспанамыз бар. Арманымызды шындыққа айналдырған барлық жанға алғысымыз шексіз”, — дейді Альбина Көккөзова.

    Облыс бойынша 960 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл бағытта Ұйғыр ауданы да белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

    Ұсынымдар

    Су шаруашылығы дамуда

    Су шаруашылығы дамуда

    1 month ago
    Сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет

    Сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет

    11 months ago
    Елордада Президент шыршасы өтті

    Елордада Президент шыршасы өтті

    2 years ago
    Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер, мұғалімдердің жалақысының өсуі және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

    Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер, мұғалімдердің жалақысының өсуі және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

    5 months ago
    Еңбекшіқазақ ауданында 120 отбасы баспаналы болды

    Еңбекшіқазақ ауданында 120 отбасы баспаналы болды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>