☀️
16°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қазан 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында Конституция күні аталып өтті: марапаттар, жаңа мектептер мен индустриялық жобалар

    30.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Алматы облысында Конституция күні аталып өтті: марапаттар, жаңа мектептер мен индустриялық жобалар
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Алматы облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. 6 тұрғын «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, 9 адам облыс әкімінің Құрмет грамотасын, тағы 13 азамат Алғыс хатын алды.

    Аймақ басшысы Қонаев қаласындағы ерекше әлеуметтік қызметті қажет ететін балаларға арналған облыстық қолдау орталығында болып, мекеменің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда орталықта 24 тәрбиеленуші бар. Олардың 18-і мектепке барып жүр, 4 бала колледжге қабылданса, 2 тәрбиеленуші балабақшаға қатысуда. Балаларды тасымалдау үшін орталықтың өз автобусы жұмыс істейді.

    Сонымен қатар әкім индустриялық аймақтағы ауқымды жобаның жүзеге асырылу барысын көрді. Қайрат индустриялық аймағында «Almaty Guangjin Investment Management Consulting» компаниясы жалпы аумағы 300 мың шаршы метр болатын өндірістік және әкімшілік нысандар тұрғызуда. Жобаға 750 млн АҚШ доллар инвестиция тартылып, 2028 жылға қарай 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жылдық тауар айналымы 1,3 млрд АҚШ долларына жетіп, оның 900 млн доллары экспортқа бағытталмақ.

    Қарасай ауданында әкім Қаскелең қаласындағы Абылай хан көшесінің абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жоба құны – 1,176 млрд теңге. 2025 жылы осы мақсатқа 492 млн теңге бөлінеді. Марат Сұлтанғазиев мердігер ұйымдарға тұрғындардың пікірін ескеріп, жұмысты сапалы әрі уақытылы атқару қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ауданда жастар паркі мен ресурс орталығы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қарасай ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1075 бейнебақылау камерасы және 52 интеллектуалды аппараттық кешен орнатылған. Оның ішінде Қаскелең қаласының өзінде 252 камера мен 24 заманауи кешен жұмыс істеп тұр. Жүйе бейнебақылаудан бөлек, адам жүзін тану, адамдар көп жиналған жерді анықтау және ұмыт қалған заттарды байқау мүмкіндіктерімен жабдықталған. Барлық деректер аудандық полиция бөлімінің жедел орталығына түсіп, тәулік бойы бақыланады.

    Ал Талғар ауданында облыс әкімі Төңкеріс ауылында салынған жаңа мектептің ашылуына қатысты. «Болашақ мектептері» жобасы аясында бой көтерген үш қабатты ғимараттың сыйымдылығы – 600 орын. Жалпы ауданы 8,8 мың шаршы метрді құрайтын нысанда 281 оқу кабинеті, 176 орындық асхана және 138 орындық акт залы бар. Жобаның құны – 5,324 млрд теңге.

    Облыс әкімінің жұмыс сапары өңірде әлеуметтік инфрақұрылым, өнеркәсіп және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетті. Мұның барлығы Алматы облысы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

    Ұсынымдар

    Дарынымен дараланды

    Дарынымен дараланды

    2 years ago
    Алматы облысында мектептерге 42 мың түп шырша көшеті табысталды

    Алматы облысында мектептерге 42 мың түп шырша көшеті табысталды

    2 years ago
    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

    Саяжай балаларына арналған

    1 year ago
    Алматы облысында экологиялық проблемаларды шешудің Жол картасы бекітілді

    Алматы облысында экологиялық проблемаларды шешудің Жол картасы бекітілді

    3 years ago
    Қаржылық сауатын арттырады

    Қаржылық сауатын арттырады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>