🌫️
0°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Амбулатория ашылды

    30.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Амбулатория ашылды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста қайтарылған активтер есебінен Іле ауданында 3 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылып, бой көтерді. Оның біреуі Байсерке округі Көктерек ауылында, қалған екеуі – тұрғындары тығыз орналасқан Ащыбұлақ ауылдық округіндегі Көкқайнар елдімекені мен «Жомарт» саяжайында. Соңғы екеуінің құрылысы әлі жүріп жатыр. Басшылықтың айтуынша, қара күзге дейін қос нысан ел игілігіне берілмек.

    Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйлә Серікбаева, Іле ауданының прокуроры Бауыржан Төлендинов, ауыл ақсақалдары мен денсаулық сақтау саласының ардагерлері Көктерек ауылындағы 40 орынды жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты. Аталған әлеуметтік маңызы зор нысан Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерекесіне орай пайдалануға берілді. Жаңа мекеме ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қолжетімді әрі сапалы түрде ұсынуды мақсат етеді.
    Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт фельдшерлік қабылдау, жүкті әйелдерге арналған арнайы кабинет, процедуралық шара және егу, физиотерапия, дәрі-дәрмек сақтау қоймасы сияқты маңызды бөлімдермен қамтылған. Құрылысы 2024 жылдың қазан айында басталған бұл нысан жемқорлық фактілері бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған қаражат есебінен салынды. Жалпы жер аумағы 70 сотықты құрайды. Ғимараттың жалпы аумағы – 264 шаршы метр. Бір ауысымда 10 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Мекемеде фельдшер, акушер және процедуралық кабинет медбикесі қызмет ететін болады. Сонымен қатар, бала туу жасындағы және жүкті әйелдерді қабылдауға арналған арнайы кабинет те қарастырылған.
    Іле ауданының әкімі өз сөзінде: «Бұл нысан – ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған істің нақты нәтижесі. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады», – деп атап өтті.
    Айта кетейік, заңсыз активтерді мемлекетке беру туралы заңнамаға сәйкес қайтарылған қаражат есебінен облыста, соның ішінде, Іле ауданында бірқатар әлеуметтік нысан салынып жатыр.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Мемлекет басшысы: Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдайды

    Мемлекет басшысы: Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдайды

    5 months ago
    «Kazind Medical Group» компаниясы Алматы облысында медициналық университет салуға ниетті

    «Kazind Medical Group» компаниясы Алматы облысында медициналық университет салуға ниетті

    3 years ago
    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    10 months ago
    Жамбыл мұражайынан басталды

    Абаттандыруға ардагерлер де атсалысты

    2 years ago
    Ортақ мұрат – ортақ тарих

    Ортақ мұрат – ортақ тарих

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>