-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әрбір нысан бақылауда

    14.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Әрбір нысан бақылауда
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова бастаған жергілікті мәслихат депу­таттары, қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары Шонжыдағы бірқатар құрылыс нысанын аралап, жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалады.

    Алғашқы нысан аудандық кітапхана болды. Ғимараттың күрделі жөндеуден өтуіне мемлекеттен 281 миллионнан астам қаражат бөлінген. «Consulting Company» ЖШС жеңімпаз атанған соң жұмысты өзге компанияға қосымша келісімшартпен берген екен. Құрылыс ақпан айында басталған. Бірақ біз барған тұста мұнда небәрі 8 адамның ғана жұмыс істеп жүргенін аңғардық. Биыл желтоқсан айында өткізілуі қажет нысанның әлі күнге ауы мен бауы бітпеген. Мердігер компанияның өкілі құрылыс материалдарын күтіп отырғандарын, келген бетте бірден қауырт жұмыс басталатынын айтып ақталған сыңай танытты. Десе де бөлінген қаражаттың жартысына жуығы мердігердің есебіне аударылып та қойған. Облыстық мәдениет басқармасы арқылы жүргізіліп отырған құрылыс жұмысының әлі де өте төмен дәрежеде екеніне көз жеткізген халық қалаулылары мен қоғамдық кеңес мүшелері күнделікті бақылауды күшейту қажет деп тапты. Бөлінген қаражаттың діттеген орнына жұмсалып, жұмыстың сапалы жүргізілуі халық игілігі үшін екенін мердігерлерге ескертіп, әрмен қарай жолға шықты.
    Биыл Шонжы ауылында жалпы ұзындығы 2,8 шақырым жол жасалуда. 129 миллион теңге қазына қаржысынан бөлінген. «МФК KZ» атты мердігер бүгінде Қыдырбаев, Уәлиханов, Қарақұл батыр, Талқанбаев және Абай көшесінің шығыс жағын жасауды қолға алыпты. Арнайы комиссия Қыдырбаев көшесіндегі жұмыс барысымен танысты. Мердігердің кемшіліктерін айтты, сапаға барынша мән беру керегін ескертті. Сондай-ақ жуырда 40 баспана кезектегі азаматтарға берілмек. Әрқайсысы 64 шаршы метр аумақты құрайтын бұл пәтерлер аудан бойынша үй кезегінде тұрған жандардың игілігіне берілмек. «Строй Индустрия» ЖШС салған құрылыс жұмысы 2024 жылы басталып, биыл наурызда аяқталған. Дегенмен, кеткен кемшілік шаш-етектен. Едендердің түзу еместігі, есіктердің жабылмай қалуы сынды олқылықтар өте көп. Келген комиссия бәрін көзбен көріп, мердігер компания­ның өкілдеріне қатаң ескерту жасады. Әр кемшілік жойылмайынша, нысан қабылданбайтынын қадап айтты.
    Бұдан соң халық қалаулылары мен қоғамдық кеңес мүшелері аудан орталығын­да басталған су құбырының жөндеу жұмыс­тарымен, ХҚКО-ның құрылысымен және демеушілер есебінен шатыры жөнделген көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты. Мемлекет қоржынынан бөлінген әр тиын халықтың игілігі үшін екені анық. Осыны естен шығармаған Қарадаладағы белсенділер алдағы уақытта да әр нысанның сапасын бақылауда ұстайтындарын айтып тарқасты.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Бүгін ұлттық валюта – теңге күні

    Бүгін ұлттық валюта – теңге күні

    2 years ago
    Мызғымас бірлік  – алынбас қамал

    Ел ертеңіне жол нұсқаған

    8 months ago
    Мұз айдынындағы тартыс

    Мұз айдынындағы тартыс

    5 months ago
    Ұлт тұтастығын тұлғалар қалыптастырады

    Ұлт тұтастығын тұлғалар қалыптастырады

    10 months ago
    Ұстаз ұлағаты

    Ұстаз ұлағаты

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>