-13 °c
Qonaev
Wednesday, September 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әжеге құрмет

    07.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Әжеге құрмет
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Кеген ауданы Шырғанақ ауыл­дық аналар кеңесі­нің төра­ғасы Роза Батырханова­ның ұйымдас­тыруы­мен республикалық «Мәдениетті ана –мәдениетті ұлт» жобасы аясында Кіші Қарқара ауылында «Өмірі – үлгі-өнеге» атты кездесу кеші өтті. Шараға құрметті қонақ ретінде 93 жасқа келген, он баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, өсіп­-өніп отырған Базархан Қыдықова апамыз шақырылды.

    Базархан Қыдықова – «Батыр ана», «Алтын алқа» иегері. Жұбайы Әбдіреш Көмекбайұлы екеуі ауылдың өркендеуіне өз үлестерін қосты. 24 немере, 45 шөбере, 10 шөбере сүйді. Асыл әже қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, сырмақ тікті, текемет басты, алаша тоқыды. Оның қолынан шыққан бұйымдары әр баласының үйінде көненің көзіндей сақталған. Ауылдағы замандастарының арасында сыйлы, қонақжай, қарапайым, он саусағынан өнер төгілген шебер адам. Кейінгі ұрпаққа айтар ақылы мен көрсетер өнегесі көп.
    Ашық аспан аясында өткен айтулы шараға Кеген аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Көнеева және ауыл тұрғындары қатысты. Сәні мен салтанаты жарасқан кеште Базархан әжеге ұрпақтары гүл шоғын сыйлады. Аудандық мәслихат төрағасы әжеміздің өнегелі өмірінен жастар ғибрат алуы керек екенін айтып, Базархан Қыдықованың деніне саулық, отбасына амандық тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков пен ардагер-журналист Шыңғыс Тұрсынов, ауыл азаматтары Оразбай Бекбатыров, Серік Саниязов өнегелі ана жайлы ойларымен бөлісті.
    Ауылдағы «Әжелер» ансамблі «Замандас» әнін орындаса, «Нұр-Ару» балабақшасының бүлдіршіндері «Әжетайым» әнін шырқап, мың бұрала биледі. Базархан әженің шөберелері «Біздің әже», «Әже мен шөбере», «Қос ана» атты арнау өлеңдерін оқып берді. Ал ұл-қыздары ұлттық құндылық, ұрпақ сабақтастығы туралы сөз қозғап, көпшілікке жылы лебізін білдірді.
    Жиын соңында Базархан әжеміз жастарға ақ батасын беріп, естелік суретке түсті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Іле ауданында 3,7 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ

    Іле ауданында 3,7 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ

    6 months ago
    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    1 year ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АО АҚАЭС-КЕ ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АО АҚАЭС-КЕ ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

    11 months ago
    8 млрд. теңге инвестиция, Қытайға экспорт: Қонаевта жаңа зауыт салынуда

    8 млрд. теңге инвестиция, Қытайға экспорт: Қонаевта жаңа зауыт салынуда

    3 months ago
    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>