-13 °c
Qonaev
Tuesday, September 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балалардың болашағы – басты назарда — облыс әкімі

    25.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Балалардың болашағы – басты назарда — облыс әкімі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2024 жылы қабылданған білім сапасын арттырудың «Жол картасы» аясында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп қолға алынған «Табысты 50 мектеп» жобасы алғашқы нәтижелерін беріп жатқанын айтты.
    Әкімнің айтуынша, аталған мектептерде оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасы 4-тен 12 пайызға дейін артқан. Сондай-ақ, 17 оқушы республикалық деңгейде үздік нәтиже көрсеткен.
    «Бұл – білім саласындағы нақты қадамдардың, педагогтерге көрсетілген әдістемелік және материалдық қолдаудың жемісі. Өңір мектептерінде жаңа тәсілдер енгізіліп, оқушылардың білім деңгейі артып келеді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз», – деді облыс әкімі.
    Жоба аясында 5 200 педагог негізгі және ілгері деңгейдегі біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оған жергілікті бюджеттен 701 млн 120 мың теңге бөлінді. Осы орайда мектеп басшыларына үш негізгі міндет жүктелді: басқару мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді оқу-тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізу; курстан өткен педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастыру; білім сапасын жаңа деңгейге көтеру үшін оқу процесін заманауи талаптарға сай жетілдіру.
    Сонымен қатар, өңірде шалғай елді мекендерде тұратын балалардың сапалы білім алуына жағдай жасалуда. 35 081 оқушы күнделікті арнайы автобустармен мектепке жеткізіледі. Ал 176 390 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бұл мақсатқа биыл 16 млрд 727 млн теңге қарастырылған.
    Балалардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуге арналған жазғы демалыс та дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Жергілікті бюджеттен 282,3 млн теңге, «Қазақстан халқына» қорынан 166,8 млн теңге бөлініп, облыста 27 лагерь жұмыс істеді. Соның нәтижесінде 335 923 бала, яғни оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылды.
    Тамыз кеңесінде атап өтілгендей, Алматы облысында алдағы уақытта да Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында білім сапасын көтеру, педагогтерді жан-жақты қолдау және балалардың болашағына салынатын инвестицияны еселеу басты міндет болып қала бермек.

    Ұсынымдар

    Жүрегі жырдан жаралған

    Жүрегі жырдан жаралған

    7 months ago
    Алматы облысында жалпыхалықтық сенбілік өтті

    Алматы облысында жалпыхалықтық сенбілік өтті

    2 years ago
    Баспаналы болу – бір бақыт

    Баспаналы болу – бір бақыт

    9 months ago
    Президент Алматы облысының әкімін қабылдады

    Президент Алматы облысының әкімін қабылдады

    1 year ago
    Жадымызда жаңғырады

    Жадымызда жаңғырады

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>