-13 °c
Qonaev
Wednesday, September 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман

    23.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман
    0
    SHARES
    32
    VIEWS

          Облыстық білім басқармасы педагогтердің кәсіби өсуіне қолдау көрсету, тиімді тәжірибелер алмасу және жаңа оқу жылының басым бағыттарын айқындау мақсатында Қарасай ауданындағы Қаскелең, Қошмамбет мектептері мен Шамалған ауылындағы көпсалалы колледжде «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбында панельдік сессия отырысын өткізді.

    Пәндік, деңгейлік және басқару­шылық бағыттар бойынша құрылған 41 сессия алаңында 1611 педагог оқу бағдарламаларының жаңашылды­ғын, цифрлық технологиялардың, бағалау жүйесінің ерекшеліктерін және функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды талқылап, оқу үрдісін жақсарту мақсатында ұсыныстар қабылдады.
    Әдістемелік орталық қызметкерлері, «Өрлеу» кәсіби даму институтының жаттықтырушылары, мектеп, колледж директорлары мен орынбасарлары, балабақша меңгерушілері қатысқан жиын өз жұмысын Қаскелеңдегі мектеп дәлізінде ұйымдастырылған көрмеден бастады. Мұнда барлық аудандар мен қаладағы әдістемелік бөлім басшыларының атқарып жатқан жұмыстары, қол жеткен жетістіктері мен озық тәжірибесі көрініс тапты. Атап айтар болсақ, алқалы жиынға келгендер мектептердегі сандық технология, робототехника, қолөнер бағытындағы жұмыстармен жан-жақты танысты. Көрмеге білім беру мекемелеріне инновациялық шешім әзірлеп, енгізумен айналысатын «Stem Solutions» компаниясының мамандары да қатысты.
    – Ең алдымен барша ұстаздарды 2025-2026 жылғы оқу жылының басталуымен құттықтағым келеді! – деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Бақытқызы. – Бүгінгі таңда облыста 437 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, жаңа оқу жылын 362 мыңнан астам оқушымен бастағалы отырмыз. Оларға 35 мыңнан астам ұстаз білім мен тәрбие беретін болады.
    «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбында білім саласы қызметкер­лерінің панель­дік сессиясына 1700-ге жуық педагог қатысып отыр. Мұнда аудандық, қалалық білім бөлімінің, әдістемелік орталықтардың басшылары, олардың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педа­гогтар мен пән мұғалімдері жаңа оқу жылын тың серпінмен, шығармашылық ізденістермен бастау үшін тәжірибе алмасатын болады. Мектепке қатысты барлық нормативтік актілер талқыланып, қолданысқа енгізіледі. Халықаралық, республикалық жарыстарда топ жар­ған шебер ұстаздар да өз білім-білігін бөлісетін болады.
    Ақмарал Бақытқызының айтуын­ша, биыл облыс бойынша 35500 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Сонымен қатар «Келешек мектептері» жобасы аясында аймақта 26 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы бағытта былтыр 9 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы оқу жылында 17 мектеп оқушыларға есігін айқара ашады. Жалпы облыста 362 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр десек, 2024-2025 оқу жылын 17790 оқушы аяқтаған. 1400 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 7500 мыңнан астамы мемлекетік грантты жеңіп алған. Олардың ішінде талғарлық бір түлек ең жоғарғы 140 балл жинағанын жұртшылық жақсы біледі.
    1-ден 24-сессияға дейінгі отырыс­тар Қаскелеңдегі жайлы мектепте өтті. Іле ауданы №51 орта мектебінің мұғалімі Айшолпан Адаева «Білімдегі жаһандық құндылықтар: мектеп тәжірибесі мен қазіргі тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады. Еңбекшіқазақ ауданы О.Жандосов атындағы мектеп директоры Айжан Жәмешева «Жаһандық құзыреттерді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбын ашып көрсетті. Ал Қонаев қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №2 мектептің мұғалімі Ольга Затеева «Жаһандық құзыреттілік қалыптастырудағы білімнің рөлі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
    Басқа панельдік сессияларда инклюзивті білім беру мен ерекше балаларға психологиялық-педаго­гикалық қолдау көрсету мәселелері қаралды. Бұл бағытта дефектологтар, логопедтер мен психологтардың рөлі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар «Ауыл мектебі – сапа алаңы» және «943 елдің мақсатты мектептері» жобаларын іске асыру ерекшеліктері, арнайы білім беру ұйымдарының жұмысы және басқа да тақырыптар талқыланды.
    Шамалған ауылындағы көпсалалы колледжде 25-тен 30-сессияға дейінгі панельдік отырыстар өтті. Облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Кенжегүл Дүйсентаеваның айтуынша, бұл колледж кездейсоқ таңдалмаған. Мұнда жұмысшы мамандарды дайын­­­­дауға арналған зертханалар мен шебер­ханалар, сонымен қатар Satbayev University және жұмыс беруші компания­лармен серіктестік жақсы жолға қойылған.
    Сессияға қатысушылар оқу шебер­ханалары мен зертханалардың жағдайы­мен де танысты. Олар жайлы арнайы пәндер оқытушысы, техника ғылым­дарының кандидаты, профессор Жанат Қуатбеков айтып берді.
    Қошмамбет ауылындағы жайлы мектепте өткен сессияларда дене шынық­тыру, спорт және туризм, бастап­қы әскери дайындық, технология пәні және басқа да тақырыптар қарастырылды. Бірнеше сессия қосымша білім беру мәселелеріне арналды. Сондай-ақ білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығы­ның жұмыс тәжірибесі зерделеніп, «STEM және кәсіби бағдар: болашақ мамандарды бастапқы даярлау», «Мектептен стартапқа дейін: STEM мен жасанды интеллектке негізделген білім беру моделі», «AR/VR технологияларын және геймификацияны информатика сабақтарында қолдану» тақырыптары кеңінен талқыланды.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Олимпиада спортшыларына сәттілік тіледі

    Олимпиада спортшыларына сәттілік тіледі

    1 year ago
    Экологиялық маңызға ие жоба

    Экологиялық маңызға ие жоба

    4 months ago
    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    2 years ago
    Соңғы қоңырау соғыла ма?

    Соңғы қоңырау соғыла ма?

    5 months ago
    ІЗАШАР

    ІЗАШАР

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>