[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Цирк өнерпаздары ерекше қойылым ұсынды

    12.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Цирк өнерпаздары ерекше қойылым ұсынды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығында көтеріңкі көңіл-күйге толы қызық шара өтті. Мұнда Ұйғыр ауданының ұйымдастыруымен «Laboheme.shapito» цирк ұжымы келіп, балаларға ерекше бағдарлама ұсынды.

    – Бұл шараны тәрбиеленушілерді сергітіп, жақсы атмосфера сыйлау мақсатында ұйымдастырдық. Балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы маңызды. Сонымен қатар сахна мәдениетін қалыптастырып, өнердің түр-түрін меңгеруі де бала болашағының жарқын болуына сеп болады. Алдағы уақытта орталығымыздың қызметкерлерімен, талантты балалармен бірге келіп, өнердің әртүрлі бағыты бойынша сабақтар өткізетін боламыз. Мұндай шаралар жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына оң әсер етеді, – деді Ұйғыр аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры Ғазиз Сәрсебеков.
    Қойылым балалардың жүзіне шаттық сыйлап, күлкілі кейіпкерлердің әзілі мен қимылы кішкентай көрермендерді бір сәтке де жалықтырмады. Цирк әртістері хайуанаттармен қиын да қызық трюктар жасап, сиқыр көрсетіп, би билетіп, балаларды шат-шадыман күйге бөледі. Тәрбиеленушілер өнерпаздармен бірге ойындарға қатысып, өздерін цирк әртісі ретінде сезінді.
    Шараға қатысқан 9 жастағы көрермен Мария Новикова қойылым ерекше әсерге бөлегенін айтты. «Бүгін өмірімдегі ең қызықты күндердің бірі болды. Орталығымызға келген цирк әртістері бізді тәнті етті. Әсіресе жыланмен шыққан өнерпаздың көрінісі ерекше ұнады. Жүзі суық, ұзын жыланды көргенде, бойымды аздап қорқыныш биледі. Бірақ оның қауіпсіз екенін сезіп, мойныма оралғанда, қорқынышым бірден сейілді. Сол сәтті ешқашан ұмытпаймын. Бұл шараны ұйымдастырған жандарға алғысым шексіз», – деді ол.
    Қойылым соңында балалар әртістермен естелік суретке түсіп, жылы лебізін білдірді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Үздіктер анықталды

    Үздіктер анықталды

    8 months ago
    Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр

    Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр

    1 year ago
    ҰБТ-да топ жарды

    ҰБТ-да топ жарды

    1 year ago
    Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру

    Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру

    2 years ago
    Гүлденсе ауыл…

    Гүлденсе ауыл…

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>