⛅
9°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дара тұлғаға арналды

    26.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Дара тұлғаға арналды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Қарасай ауданындағы «GULNAR BAG» демалыс және спорт базасында кезекті мәрте көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың жүлдесіне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыс өз мәресіне жетті.

    Еліміздің әр аймағы мен Қырғыз Республикасынан келген 100-ге жуық жүйрік тұлпар мен шабандоздар қатысқан айтулы аламанға мыңдаған адам шақырылып, халқымыздың байырғы салт-дәстүрі мен ұлттық спорттың тамаша тартысына куә болды. Қоғам қайраткерін еске алуға арналған сайыс топ бәйгеден басталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған шабандоздар 24 шақырымдық қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Жарыс жолына шыққан әрбір спортшы мәре сызығын бірінші болып еңсеру үшін барын салды. Қырғыз елінен келген Шәріпбек Макинбаевтың Ақжолтай атты тұлпары топтан дара шығып, «Чанган» автокөлігіне ие болды. Жетісу облысынан келген Бастау атты жүйрікке 2 500 000 теңге, тағы бір қырғызстандық Көзайым атты бәйге атына 1 000 000 теңге ақшалай сыйлық берілді. Үздік бестікті түйіндеген қалған екі шабандоз да 500 және 300 мың теңгенің сертификатын қанжығаларына байлады. 15 шақырымдық құнан бәйгеде Алматы облысының жүйріктері алдына қара салмады. Атап айтсақ, Жамбыл ауданынан келген Ұшқыр атты тұлпарға «Шевролет» автокөлігі бұйырса, Талғар ауданының Бастау, ал Балқаш ауданының Көзайым атты құнандарына 2 500 000 теңге және 1 000 000 теңге ақшалай жүлде берілді. Сондай-ақ алдағы топтан көрінгендер 500 және 300 мың теңге көлеміндегі жүлдеге қол жеткізді.
    Қонаев жүлдесіне арналған жағажай волейболынан әйелдер мен ерлер командалары, сондай-ақ спорт ардагерлері арасындағы облыстық ашық турнирге келсек, ол да жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар тамаша ойын өрнегін көрсетті.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Қолөнер – төл өнер

    Қолөнер – төл өнер

    11 months ago
    Арнаулы кәсіптік жәрдемақыны қандай жағдайда алуға болады?

    Арнаулы кәсіптік жәрдемақыны қандай жағдайда алуға болады?

    2 years ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

    3 months ago
    Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

    Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

    11 months ago
    Палестина қасіреті: себеп пен салдар

    Палестина қасіреті: себеп пен салдар

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>