[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел намысын қорғаған

    жеңімпаздар мерейі асқақтады

    13.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Ел намысын қорғаған
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Облысымызда Спорт күні кең көлемде аталып өтті. Қонаев қаласындағы Б.Соқпақбаев атындағы орталық саябақта ұйымдастырылған мерекелік шараға спорт ардагерлері мен Олимпиада жүлдегерлері және ел чемпиондары қатысты.

    Салтанатты басқосу ең әуелі грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровке арналған сахналық қойылыммен басталып, жиналған көпшілік даңқты балуанның ел намысын арқалған ерлік жолын еске алды. Онан соң аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев ел намысын қорғап, Көк Туымызды желбіретіп жүрген талантты спортшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, аталған күннің маңызына тоқталды.
    – Бүгінде спорт – тек денені шынықтыру ғана емес, ол – елдің рухын көтеретін, ұлт намысын асқақтататын ұлы күш. Әрбір жеңіс – Қазақстанның биік мәртебесі, ал әр медаль – халқымыздың ортақ қуанышы. Осы мақсатта облыс әкімдігі спорт саласын дамытуға жүйелі әрі нақты қолдау көрсетіп келеді. Жоғары жетістіктерге қол жеткізген облыстағы 223 спортшыға қаржылай қолдау көрсетіліп, арнайы стипендия тағайындалды. Сондай-ақ олардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу шығындары толық өтеліп отыр. Осындай жан-жақты қолдаудың нәтижесінде өңір спортшылары соңғы жылдары ел абыройын асқақтатып, әлемдік аренада биік белестерді бағындыруда. Бұқаралық спортты дамыту бағытында да облысымызда жүйелі жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – 2024 жылы бастау алған футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисінен өтетін «Алатау лигасы». Бұл жоба аясында облысымыздың әр ауылдық округінде 140 спорт клубы құрылып, 318 команда жасақталды. Аталған бастама ауылдық жерлерде спортқа деген қызығушылықты арттырып, жасөспірімдер мен ересектерді салауатты өмір салтына баулуда маңызды рөл атқаруда, сондай-ақ ауыл-аймақтардағы талантты спортшылардың танылуына және кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашып отыр, – деді облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев.
    Шарада облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек, «Атлетико Мадрид» академиясының бас бапкері Хавьер Гонсалес, дзюдодан және самбо күресінен әлем кубогының иегері және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы Айсара Керімбекова, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев сынды спорт саңлақтары әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, жерлестерімізге зор жетістік тілеп, жүрекжарды лебізін жеткізді.
    Шара аясында өңірде спорттың дамуына үлес қосып жүрген талантты спортшылар мен үздік бапкерлер ҚР Туризм және спорт министрлігінің төсбелгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ биыл «Ұлы дала жорығында» үздік нәтиже көрсеткен облыстық командаға 3 миллион теңгенің сертификаты табысталса, «Алатау» спорт клубы құрамындағы 10 спортшыға арнайы стипендия берілді. Қаржылай сыйақы алғандардың қатарында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері Әсет Дүйсенов, Азия ойындарының жеңімпазы Ертуған Зейнуллин, джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова сынды жеңімпаздар бар. Ал бірқатар спорт ардагері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатына ие болды.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Жалпылама декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталады

    Отбасылық бюджет: биылдан бастап салық шегерімдері кімдерге беріледі?

    12 months ago
    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    1 year ago
    «Жайлы мектеп» жайы алаңдатады

    «Жайлы мектеп» жайы алаңдатады

    1 year ago
    Білім нәрімен сусындатқан

    Білім нәрімен сусындатқан

    8 months ago
    ЖҮРЕГІ  ЖЫРДАН ЖАРАЛҒАН

    ЖҮРЕГІ ЖЫРДАН ЖАРАЛҒАН

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>