[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қазан 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЕЛ ШЫРАЙЫ – ШЕКАРАДАН

    05.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ЕЛ ШЫРАЙЫ – ШЕКАРАДАН
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бізде 65 шекаралық аудан бар. Өкінішке қарай, олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен деңгейде. Бұл аудандардың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, менің тапсыр­мам бойынша әзірленіп жатқан ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі нақты шараларды әзірлеу қажет. Басты мақсат – халықтың кетуін азайту, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, шекара маңындағы аудандардың экономикалық дамуына жаңа серпін беру», – деген болатын. Осы орайда Кеген аудандық Мәдениет үйінде «Шекаралық аймақтар туралы» арнайы Заң жобасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылау жөнінде алқалы жиын өтті. Жиында шекаралық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

    Жиынға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жақыпов жетекшілік етті. Ол Кеген және Нарынқолдағы шекаралық аудандарға бұрынғы мәртебесінің қайтарылуы оң өзгерістерге жол ашқанын атап өтті. Аймақтарда әлеуметтік-экономикалық жағдай жанданып, инфрақұрылым біртіндеп жаңарып келе жатқаны сөз болды. Сондай-ақ отырыста шекаралық аумақтардағы түйткілді мәселелерді шешу жолы да қозғалды. Жиын өкілдері аймақтар арасындағы даму алшақтығын қысқарту мәселесіне де назар аударды. Бүгінде инфрақұрылым мен әлеуметтік теңсіздікті жоюға бағытталған жаңа өңірлік даму тұжырымдамасы әзірленуде. Осы ретте қоғамдық кеңес мүшесі Мақпал Тұрсынқызы: «Шекаралық аймақпен қоса, туризм де қарыштап, дамып келеді. Сондықтан, бізге жақын арада туристердің жағдайына қарайтын, солардың тілін білетін туризм полициясын құру керек. Екінші мәселе аудандық ауруханада ота жасайтын дәрігерлер жетіспейді, мамандар тапшы», – дей келе елдің шетіндегі, желдің өтіндегі ағайынның мұң-мұқтажын жеткізді.
    – Біздің ұсыныстарымыз жоғары жаққа жетеді деген ниеттеміз. Бірталай нәрсе айтылды. Осы ауданда қаншама халық көшіп кетті, Жалағаш ауылында үлкен 1200 орынды мектеп бар еді, қазір сенсеңіз, 157 бала ғана оқып жатыр. Олардың бәрі қайда? Бәрі жайлы орын, жақсы жағдай іздеп кетті. Ендігі мәселе осы қабылданатын заң арқылы аудан мәртебесін өсіріп, «шекаралық аймақ» деп танып, халықты қайтадан осы жаққа тарту керек, – деді Кеген аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Көпжасар.
    Ал Кеген аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман:
    – Бұрын шекаралық аймақтағы ауылдарда мамандарға, әскерилерге және олардың отбасына тұрғын үй, монша, балабақша қаралатын. Мұның бәрін заңмен ретке келтіру керек. Шекарашылардың үймен қамтылуы, жалақы мәселесі, шекара маңындағы қызметкерлер санының көбеюі осы заңға кіру керек деп ойлаймын. Бізде бірнеше өндіріс бар, сол өндірістердің пайдасы ауданда қалу керек, бұл да заңмен бекітілсе дейміз. Сонда ғана тиісті деңгейде пайдалануға мүмкіндік туады. Мемлекет тарапынан бағдарламалар жасалып, ол заңмен бекітіліп, шекаралық аймақта тері-жүн, әртүрлі дәнді-дақылдарды өңдейтін кәсіпорындарды көптеп салу керек. Шекаралық аймақ болғаннан кейін келген азаматтар бірден біздің кәсіпорындарымызды көргенде, жақсы көзқарас қалыптасып, дамушы мемлекет екенімізге көз жеткізетін болады, – деді.
    Қоғамдық кеңес мүшесі Оразбай Бекбатыров Кеген ауданы теңіз деңгейінен біршама биіктікте орналасқандықтан, жалақыға қосымша үстеме төлеу және зейнет жасына ерте шығару жайын ескеруді сұрады. Бұдан бөлек, Шырғанақ ауылының көптеген тұрғыны көшіп кеткенін, халық санының аздығын тілге тиек етті.
    – Тұжырымдама болғандықтан, бұл – біздің бағыт-бағдарымыз, ойымыз. Кез келген заң жасалардың алдында сол бағыт бойынша тұжырымдама дайындалады, біраз зерттеу, зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Көптеген талқылаудан өткеннен кейін нақты заң жобасы әзерленіп, заң қабылданады. Бұл мәселелер біз үшін өте өзекті, қазір пісіп-жетіліп, көтерілген мәселелер шешімін табар кезеңге жетіп отыр. Кеген, Райымбек аудандарының бөлінуі, шекаралық аймақ ретінде заңмен реттелуі бұл мемлекеттік ұстанымның бір көрінісі деп айтуға болады. Жұмыс бұл бағытта күшейе берері сөзсіз. Талқылау – жұмыстың алғашқы қадамы, – деді «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жұмашұлы.
    Жиында Кеген аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Көнеева, аудандық мәслихат депутаты Ерғали Тәліпов шекаралық ахуалға байланысты өз ойларын білдірсе, ауыл тұрғыны Досым Қоқанаев Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы қоршауларды жаңарту, Сырт жайлауына баратын жол мәселесін және Қырғызстанға жанар-жағармай тасымалына кеден арқылы шектеу қойылса деген ұсынысын жеткізді. Себебі науқан кезінде ауыл тұрғындарына жанар-жағармайдың жетіспейтіндігін алға тартты.
    Кеген ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Батырханұлы пікір білдіру­шілердің барлық ұсынысы назарға алынатынын жеткізіп, жиынды қорытындылады. Жиында айтылған ұсыныстар шекаралық аймақтардың даму әлеуетін тиімді пайдалану, көші-қон үдерістерін реттеу, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты механизмдерді қарастыру қажеттігін көрсетті. Жиын соңында кеңес мүшелері шекара маңындағы аудандардың дамуына ықпал ететін бірқатар ұсынысты ортаға салды. Бұл бастамалар әрі қарай пысықталып, тиісті мемлекеттік құрылымдарға жолданбақ.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында экотуризм дамуда

    Алматы облысында экотуризм дамуда

    11 months ago
    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    10 months ago
    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    1 year ago
    «Алатау жарық компаниясы» референдумды қолдайды

    «Алатау жарық компаниясы» референдумды қолдайды

    1 year ago
    Орта Азияда бетон діңгек шығаратын бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан

    Орта Азияда бетон діңгек шығаратын бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>