[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Электрондық мемлекеттік қызмет — уақыт талабы: ауылдық округ тәжірибесі

    07.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Электрондық мемлекеттік қызмет — уақыт талабы: ауылдық округ тәжірибесі
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

           Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің негізгі қағидаттары мен қызмет көрсету тәртібі туралы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округі әкімі Ілебаев Айбек Қасымханұлымен әңгімелескен едік.

    – Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз не және толығырақ айтып өтсеңіз?

    – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

    Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары бар, олар;

    Көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдайда,ар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

    мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

    мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

    мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

    мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

    мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

    Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

    Негізінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптары және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында айқындалады.

    – Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нені негізге алады?

    Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты, ең алдымен, «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Мемлекеттік қызметтер округ тұрғындарына сапалы, уақтылы және ең жоғары деңгейде көрсетілетінін ерекше атап өткім келеді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы негізгі бағыттары қандай?

    Ең бастысы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін мамандар біліктілігін мезгіл-мезгіл артты рып отырады. Яғни, олардың кәсіби саласындағы барлық өзекті өзгерістерге ілесу үшін біліктіліктерін арттырып отыру қажет.

    – Әкім аппараты мемлекеттік қызметтің қандай түрлерін көрсетеді және солардың біріне  тоқталып кетсеңіз?

    – «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» және «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру». Мысалы, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет түрі көп көрсетіледі соған тоқталсақ:

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.

    Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

    Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: Тегін.

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Бірінші кезең:

    1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;

    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар).

    Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 24-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде және 6-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

    – Мемлекеттік қызметтер əртүрлі қызмет көрсету параметрлерімен байланысты. Сіздер мемлекеттік қызметтерді алу процесін жақсарту бойынша ауылдық округ тұрғындарының ұсыныстарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізесіздер ме?

    – Əрине, Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты тұрақты түрде электрондық қызметтерді танымал ету бойынша барлық тиісті жұмыстарды жүргізеді. Сонымен қатар, біз округ тұрғындарын хабардар етіп қана қоймай, көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан біздің мамандардың жұмысын бағалауға үнемі мониторинг жүргіземіз. Ауылдық округі әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы тұтынушыларды хабардар ету үшін, «Электрондық үкімет» порталына кіретін «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ғимараттың бірінші қабатында мемлекеттік қызметтерді алу кабинетінде теледидар, диспенсер, компьютермен, принтермен, картридер, камера, келушілер отыратын жұмсақ орындықтармен жабдықталған. Бұрыш кеңсе жабдықтарымен жабдықталған, тиісті белгілер бар. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметтерді электрондық түрде алу туралы бейне роликтер көрсетілуде. Ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған қағидалары бар стендтер орналасқан. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қағидаларына өзгерістер енгізіліп оты- рады. Мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қызмет алу барысында барынша жағдай жасалған және қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат қағидаларға сәйкес толық нысанда ұсынылуда. Округ әкімі аппараты ғимаратында тұрғындардың ұсыныс, сын ескертпелерін жинақтауға арналған жәшік, мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға ынғайлы болу үшін кіре берісте пандус, шақыру түймесі мен шақыру түймесінің белгісі, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациалау тақтасы брайль шрифтімен, кезексіз қызмет көрсетілетіндігі туралы ескертпе белгі орналастырылған. Қазіргі уақытта ауылдық округтерге қарасты орта мек- тептер мен балабақшада «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. «Өзіне-өзі қызмет» көрсету бұрышы арқылы тұрғындар электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады. Əр мекемеде арнайы мамандар бекітілген.

    – Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі қандай?

    – Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12-30-дан 14-00-ға дейін. Жоғарыда айтылған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы сұрақтарыңыз болса, Ащысай ауылы Жібек жолы көшесі № 56А мекенжайы бойынша орналасқан «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келіп немесе +7 /72776/ 7-33-49 телефоны арқылы арнайы толық мәлімет алуларыңызға болады.

    – Айбек Қасымханұлы, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

    Өз тілшіміз

    Ұсынымдар

    Жас ақындар айтысы мәресіне жетті

    Жас ақындар айтысы мәресіне жетті

    2 years ago
    Соғыстың соңғы сарбаздары

    Соғыстың соңғы сарбаздары

    5 months ago
    Шәмшінұр Нұрақызы,  «Алатау жарық компаниясының» Жамбыл аудандық бөлімшесінің электр маманы: Электр энергиясы – тіршілік күретамыры

    Шәмшінұр Нұрақызы, «Алатау жарық компаниясының» Жамбыл аудандық бөлімшесінің электр маманы: Электр энергиясы – тіршілік күретамыры

    3 months ago
    ЖЫРДЫҢ ҚАРА ЖОРҒАСЫ

    ЖЫРДЫҢ ҚАРА ЖОРҒАСЫ

    12 months ago
    Бюджет қаржысын бақылау балабақшадан басталады

    Бюджет қаржысын бақылау балабақшадан басталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>