⛅
9°C
Қонаев
Жұма, Қараша 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Еңбек адамы – ел мақтанышы

    19.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Еңбек   адамы – ел  мақтанышы
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы саланы меңгеруге және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға көп көмегін тигізуде.

    Маңдай терін төгіп, адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еселі еңбектерін жоғары бағалап, олардың бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеу – еңбек адамдарына деген көрсетіліп жатқан құрметтің бір парасы. Он екі ай тынымсыз тер төгіп, атақ пен абыройға емес, өз ісіне деген шынайы құрмет пен жауапкершілік үшін жұмыс істеп жүрген жандарға қандай ілтипат көрсетсек те, көптік етпейді. Еңбексүйгіш қасиетті өн бойында сақтап, қарапайымдылықты өмірлік қағидаға айналдырған азаматтардың бірі – Балқаш желілік-техникалық цехының кабель дәнекерлеушісі Ерлан Рақышев.
    Әңгіме кейіпкері 1981 жылы Бақанас ауылында дүниеге келген. Кеңпейіл қазақ ауылының тыныс-тіршілігін бойына сіңіріп, еңбекке ерте араласып, адалдықты ту етіп өскен Ерлан Рақымұлы – бүгінгі таңда бір баланың асқар таудай әкесі, отбасына қорған, қоғамға пайдалы азамат ретінде үлкендерге сыйлы, өзінен кейінгі ізбасарларына үлгі-өнеге көрсетіп жүрген нағыз еңбексүйгіш азамат.
    Ерлан Рақымұлы 1999-2001 жылдар аралығында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін аудан орталығындағы Бақанас аграрлы-индус­триялдық колледжіне оқуға түскен. Аталмыш оқу орнын 2002 жылы электр мамандығы бойынша тәмамдап, аудандық «Балқаш жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде күзетші болып еңбек жолын бастаған. Ал 2005 жылы Балқаш желілік-техникалық цехының кабель дәнекерлеушісі болып жұмысқа орналасқан. Табаны күректей 20 жыл бойы бір мекемеде жұмысшы болып еңбек ету Ерланның бойындағы өзгелерден табыла бермейтін ерекше қасиет десек болады.
    Ерлан Рақышев 2003 жылы Жазира Басарғалиқызымен шаңырақ көтеріп, Данияр есімді ұлға өмір сыйлап, өз­дерінің бойындағы еңбексүйгіш асыл қасиеттерін ұрпағына үлгі етіп, адал еңбекпен тапқан нанның бойға сіңім­ді болатынын айтып келеді. Аталған шаңырақта өнегелі отбасы қағидасы да қаз-қалпында сақталған. Бұл – атадан балаға берілетін ерекше қасиеттердің бірі.
    Дана халқымызда «Еңбек еткен –мұратқа жеткен» деген қанатты сөз бар. Бүгінгі әңгіме кейіпкері де еңбегімен елге сыйлы, адал да абзал азамат. Оның өнегелі өмірі мен еңбек жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ерлан әріптестерінің ортасында сыйлы. Сондықтан да оны әріптестері өз ісіне мығым және еңбекқор адам ретінде сипаттайды.
    Қандай да болсын мамандық иесі өз ісінің майталманы болуды басты мақсат етеді. Ізденуді, оқуды, маңдай терін төгуді негізгі ұстанымына айналдырады. Халқына адал қызмет еткен жанның еңбегі еленіп, түрлі жетістіктерге жетеді.
    Тынымсыз тер төгіп жүрген қара­пайым еңбек адамдарын құрметтеу – елдігіміздің ерен көрінісі. Өйткені, олар мемлекеттің іргесін берік етіп тұрған мызғымас тірек саналады.

    Бақтығали МЕЙРАМБЕКҰЛЫ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында Қарттар күні аталып өтті

    В Алматинской области отметили День пожилых людей

    2 months ago
    Жүйелі жұмыстар жалғасады

    Жүйелі жұмыстар жалғасады

    9 months ago
    Келер ұрпаққа таза табиғат қалдырайық!

    Келер ұрпаққа таза табиғат қалдырайық!

    2 years ago
    Қонаевта сайлау күніне орай ретрокөліктер шеруі өтті

    Қонаевта сайлау күніне орай ретрокөліктер шеруі өтті

    3 years ago
    Абылай ханды алғаш бейнелеген

    Абылай ханды алғаш бейнелеген

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>