⛅
1°C
Қонаев
Жұма, Желтоқсан 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Саят Мүлкібаев, «KEGOC» АҚ-ның электромонтері: Еңбек бәрін де жеңбек

    04.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Саят Мүлкібаев, «KEGOC» АҚ-ның электромонтері: Еңбек бәрін де жеңбек
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

    – Мен Жамбыл ауданының Самсы ауылында дүниеге келдім. Осындағы Телтай Сәрсенбеков атындағы Самсы орта мектебін 2006 жылы аяқтадым. 2010 жылы менің алдымда болашағымды айқындайтын үлкен таңдау тұрды. Шалғайдағы Үлкен ауылына барып, еңбек етсем деген ниетпен тәуекелге бел буып, жастық арманмен алысқа жол тарттым.

    Сол жылдың шілде айында сондағы «KEGOC» АҚ-ның Алматы желілік электр тарату филиалының Балқаш маңы әуе электр желілерін жөндеу бөлімінде электромонтер ретінде еңбек жолымды бастадым. Әкем Самат Мүлкібайұлымен ақылдаса келе, ата-анамды да жаныма көшіріп әкеліп, қолымнан келгенше жағдайларын жасадым. Өзім 2013 жылы шаңырақ көтердім, бүгінде үш баланың қамқор әкесімін.
    Жүрек қалауымен таңдап алған кәсібім өзіме ұнайды. Тәртіпке бағынып, жұмысты барынша беріліп істедім, тәлімгерлерімнен көп нәрсені үйреніп, мамандықтың қыр-сырына қанықтым. Ең бастысы, адал еңбек етуге тырыстым. Содан да болар, сыртымнан «Еңбегімен елге танылып, отбасына да, қоғамға да үлгі бола білген азамат» деген сөзді естимін. Бұл – мен үшін ең зор мәртебе, үлкен абырой. Бұл жұмыста жүргеніме 15 жылдан асып барады, қазір 5-разрядты қатардағы электромонтермін. Осы жылдар ішінде электр жабдықтарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету бағытында біраз білім жинап, кәсіби шеберлігімді қалыптастыра алдым деп есептеймін.
    Әр жұмыстың өз ерекшелігі болатыны сияқты біздің істің де қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Күннің аптап ыстығы мен қыстың қақаған суығына қарамастан, бізге Балқаш маңындағы алқаптарда әуе электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын үздіксіз және сапалы атқару міндеті жүктелген. Жыл сайын қауіпсіздік техникасы бойынша емтиханнан өтіп, білімімді жаңартып, оқу курстарына барамын. Мәселен, 2018 жылы Алматы қаласындағы Біліктілік арттыру және қос дипломды білім беру институтында оқып, біліктілік санатым көтерілген. 2020 жылы Энергетиктер күніне орай мекеменің Құрмет грамотасымен марапатталдым. 2023 жылы «Halyk Ondiris Group» ЖШС ұйымдастырған «Алғашқы медициналық көмек көрсету» курсының оқыту бағдарламасын сәтті аяқтадым. Сонымен қатар қоғамдық істерге атсалысудан сырт қалмауға тырысамын. Ұжымдық спорт жарыстарына да белсене қатысып, жүлделі орындар иелендік.

    Үлкен ауылы,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Орнында бар – оңалар

    Орнында бар – оңалар

    2 years ago
    Еңбек көрігін қыздырған

    Еңбек көрігін қыздырған

    4 months ago
    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    7 months ago
    Еріктілер аллеясы ашылды

    Еріктілер аллеясы ашылды

    2 years ago
    «Жайлы мектеп» – жаңа мүмкіндік

    «Жайлы мектеп» – жаңа мүмкіндік

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>