⛅
-4°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Еріктілердің еңбегі ерен

    26.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Еріктілердің еңбегі ерен
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Статистика мәліметтеріне сәйкес, Қарасай ауданында бүгіндері 355 мыңнан астам адам тұрады. Олардың 87 675-і – жастар сана­тында. Жастарды біріктіру, оларды қоғамдық маңызы бар үдерістерге тарту, толғандыратын мәселелерін шешу бағытында Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығы белсенді және жан-жақты жұмыс жүргізіп келеді.

    Бұл орталықты Жарқынай Сәдуова басқарады. Біз Жарқынайдан аудан жастарының қазіргі тыныс-тіршілігі мен олардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесі жайында айтып беруін сұраған едік.
    Оның айтуынша, алдымен рухани-адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шараларға басымдық беріледі. Сонымен қатар құқықтық, діни және психологиялық бағыттар, экологиялық мәдениетті арттыру, этносаралық келісімді нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сияқты тақырыптар да қамтылған.
    Патриоттық, мәдени, отбасылық құндылықтарды, салауатты өмір салтын насихаттау, репродуктивті денсаулықты сақтау, ерте жүктіліктің, құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Электронды темекінің денсаулыққа зияны, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеудің маңыздылығы сияқты мәселелер де назардан тыс қалған емес. Аудандық және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында жастар ісі жөніндегі нұсқаушы-әдіскерлер жұмыс істейді. Олар жастар ресурстық орталығымен тығыз байланыста қызмет етеді.
    Аудан бойынша волонтерлік қозғалыстың белсенді дамып келе жатқанын ерекше атап өтуге болады. Қазіргі таңда бұл қозғалыста 500-ден астам ерікті бар. Олар қоғамдық жұмыстарға, қайырымдылық іс-шараларына белсене қатысады. Қарттар мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетеді. «Нұр Отау», «Мирный Казахстан» қарттар үйлеріне барып тұрады.
    Мысалы, Әйтей ауылының көп­балалы анасы Зейнепхан Қожахмет­қызының үйінің маңайында тазалық жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 15 қап қоқыс шығарылды. Мұндай шаралар жыл бойы «Қарттарым – асыл қазынам» акциясы аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, еріктілер «Дипломмен – ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Zhas Project», «Жастар практикасы», «Жасыл ел» сияқты жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
    – Аудан еріктілерінің арасында белсенді де талантты жастар жеткілікті, – дейді Жарқынай. – Олар түрлі байқауға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Мысалы, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Адал азамат – саналы қоғам» жобасы жүзеге асырылды. Бұл жобаға ауданнан Рената Алексеева мен Малика Авахриева қатысты. Нәтижесінде Рената «Жарқын болашақ» жобасы аясын­дағы мини-гранттар байқауының жеңімпазы атанып, 200 000 теңге көлемінде сертификат иеленді. Ал Малика «Қамқор» жобасымен 100 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сертификатына ие болды. Бұл екі қыз көпбалалы отбасылардың балаларына ағылшын және орыс тілдерінен тегін сабақ беретінін айта кету керек.
    Аудан жастары республикалық «Таза Қазақстан» акциясына да белсене атсалысып жүр. Бұл акция аясында жастар елдімекен көшелерін, өзен жағалау­ларын, ескерткіш маңдарын тазалайды, ағаш көшеттерін отырғызады.
    – Жалпыхалықтық акция шеңберінде «Эковолонтер» жасағы құрылды, – дейді Жарқынай әңгімесін жалғастырып. – Жасақтың мақсаты – табиғатты қорғау, қоқыс жинау, жастар арасында экология туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, табиғатқа ұқыпты қарауға үндеу. Эковолонтерлер экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған семинарлар мен тренингтер өткізеді. Әр бейсенбі күні біз «Таза бейсенбі» атты арнайы тазалық акциясына қатысамыз. Жастардың баспана мәселесін шешуге Алматы облысы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Алатау» бағдарламасы ықпал етуде. Бұған қоса, Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Кеңес орталығы» атты арнайы жоба табысты жүзеге асырылып жатыр. Бұл жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау бойынша ақпараттық құрал ретінде құрылған.
    Жұмыспен қамту мәселесі де маңызды. Бұл бағытта «NEET» санатына жататын (оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби оқудан өтпеген) жастармен арнайы жұмыстар жүргізіледі. Аудандық мансап орталығымен бірлесіп, SDU базасында, аудандық Мәдениет үйінде және ауылдарда бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Оған жекеменшік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер де қатысуда.
    Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін аудан орталығы және барлық ауылдық округтерде дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, түнгі рейдтер өткізіледі. Бұлар мектеп­термен қатар орта арнаулы оқу орындарын да қамтиды. Сондай-ақ Instagram және басқа әлеуметтік желілерде ата-аналарға, оқушылар мен студенттерге арналған бейнеүндеулер жарияланып, сауалнамалар тұрақты түрде жүргізіледі. Буллинг, суицид, оқу орындарындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
    Міне, осылайша Қарасай жастары ауданның әлеуметтік маңызды міндеттерін шешуге үлкен үлес қосуда. Оларға бірлік, шығармашылық табыс, оң мотивация және жаңа белестерді бағындыра беруін тілейміз.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Бокс турнирі мәресіне жетті

    Бокс турнирі мәресіне жетті

    1 year ago
    Ел қорғаны – жастар

    Ел қорғаны – жастар

    1 year ago
    «Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінде» ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді

    «Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінде» ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді

    2 months ago
    Ертуған ерледі

    Ертуған ерледі

    8 months ago
    Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

    Қазақстанда парламенттік реформаны жүзеге асыру бойынша онлайн-ұсыныстар жинау басталды

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>