⛅
0°C
Қонаев
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Фармацевтика өндірісін дамытады

    13.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Фармацевтика өндірісін дамытады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Khan Tengri Capital LLP» компаниясы өкілдерімен кездесті. Онда облыста фармацевтикалық өндіріс, ғылыми-зерттеу орталықтары, логистикалық инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды біріктіретін еліміздегі ең ірі биотехнологиялық кластер құру жоспарланғаны айтылды.

    Жобаны іске асыру мерзімі – 5 жыл, ал кластердің аумағы 100 гектарды құрайды. Негізгі мақсаты – дәрілік заттар, медициналық техника және ветеринариялық препараттарды өндіру, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен клиникалық сынақтарды жүргізуге арналған заманауи база қалыптастыру. Бұл жоба тек өндірістік корпустармен шектелмей, мамандарға арналған тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымды да қамтиды.
    Бірінші кезеңде (2025-2026) биотехнологиялық препараттар өндіретін «Khan Tengri Biopharma» якорлық кәсіпорны, халықаралық деңгейдегі бақылау-аналитикалық зертханасы және әкімшілік орталық іске қосылады. Бұл нысандар 22 гектар аумақты алып, алғашқы жұмыс орындары құрыла бастайды.
    Екінші кезеңде (2026-2027) өндірістік аймақ кеңейтіледі. «Key Pharma» контрактілік өндірісі, сондай-ақ «Cannon», «Fuji», «Wan Dong» сынды жетекші брендтердің медтехникасын құрастыру алаңдары салынады. Бұл кезеңде 25 гектар жер игеріледі.
    Үшінші кезеңде (2027-2028) теміржол желісі мен кеден аймағына ие 5PL логистикалық кешені құрылып, «R&D» орталығы мен биоэквиваленттілік платформасы іске қосылады.
    Төртінші кезеңде (2028-2029) ветеринариялық препараттар мен диализге арналған ерітінділер шығару басталып, көпсалалы медициналық орталық ашылады. Бұл жерде клиникалық зерттеулер жүргізілетін болады.
    Бесінші кезеңде (2029-2030) сұраныс расталған жағдайда, апарт-отель, спорт кешені, сауда және демалыс аймақтарын қамтитын қалашық салынады. Жобаға қойылатын негізгі талаптар: жер телімі тұрғын үйлерден кемінде 150 метр қашықтықта орналасуы керек; инженерлік инфрақұрылымға қосылу мүмкіндігі болуы қажет; халықаралық әуежайға (50 км-ден алыс емес) және теміржол желісіне жақын орналасуы тиіс; экологиялық қауіп төндіретін кәсіпорындар мен қауіпті нысандардан алыс болуы керек.
    Кластердің жалпы аумағы – 101 гектар, оның ішінде өндірістік және инфрақұрылымдық нысандар 81 гектарды, тұрғын үйлер 20 гектарды қамтиды. Нысандардың орналасуы қызметтік бағытына сәйкес бөлінеді. Логистика өндірістік аймақта, медициналық орталық тұрғын үй аумағына жақын маңға салынады.
    «Khan Tengri Capital LLP» – Орталық Азия, Таяу Шығыс, Африка және Еуропа елдеріндегі қорлар мен нақты активтерді басқарумен айналысатын беделді инвестициялық компания. Ол ауыл шаруашылығын қаржыландыру және экологиялық таза, зиянсыз технологияларды дамытуға бағытталған ірі жобаларды іске асыруда.
    Облыс әкімі Марат Елеусізұлы аталған жоба жаңа жұмыс орындарының ашылуына, өңірдегі медициналық технологиялар деңгейінің артуына, Қазақстандағы фармацевтика және биотехнология саласының жаңа сатыға көтерілуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.
    «Khan Tengri Capital LLP» өкілдері «Master Plan»-ды іске асыру қарқыны инженерлік желілердің уақытылы қосылуына және өндірістік құрал-жабдықтар жұмысына қарай өзгеруі мүмкін екенін жеткізді. Сонымен қатар олар халықаралық компаниялармен серіктестік орнатып, озық технологияларды қолдануға дайын екенін білдірді.
    Жоба 2030 жылы аяқталады деп жоспарланған. Дегенмен алғашқы кезеңдерден бастап-ақ аймақ экономикасына оң әсерін тигізіп, облыста ғана емес, республика бойынша сұранысқа ие инфрақұрылым қалыптастырмақ.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Қазақстанның Ақпараттық доктринасы бекітілді

    Қазақстанның Ақпараттық доктринасы бекітілді

    3 years ago
    Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

    Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

    1 year ago
    Қазақстан атом энергетикасының жаңа кезеңіне дайын

    Жас маман АЭС жөнінде: Басқа елдерден неге кенже қалуымыз керек?

    1 year ago
    Алматы облысында 200-ден аса ойын терминалдары жойылды

    Алматы облысында 50 заңсыз ойын мекемелерінің жұмысы тоқтатылды

    1 year ago
    Тұрмыстық зорлық-зомбылық шаралары күшейтіледі – Президент

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық жазасын күшейтетін заң қабылданды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>