⛅
11°C
Қонаев
Сенбі, Қазан 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ізденген жетер мұратқа!

    09.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ізденген жетер мұратқа!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Ғылым саласы асқан табандылық пен үздіксіз ізденісті талап етеді. Осы қастерлі жолда аянбай тер төгіп, еліміздің білім беру саласына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жаңашыл ғалымдардың бірі Қырмызы Жұмабекова дер едік.

    Қырмызы Бақытқалиқызы 1983 жылы 8 маусымда Кеген ауданы Жылысай ауылында дүниеге келген. 1989-2000 жылдары М.Орманов атындағы орта мектепте білім алып, оны үздік аттестатпен тәмамдайды. Жастайынан өнерге де жақын болып, мектеп жанындағы өнер мектебінен домбыра сыныбын бітіріп шығады.
    Ғылым мен білімге деген шексіз құштарлығының арқасында 2000-2004 жылдары Орталық Азия университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының бакалавр дәрежесін үздік дипломмен бітіріп, кейін ҚазҰУ-дың магистратурасында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білімін жалғастырады. Мұнда да үздік нәтиже көрсетіп, магистр дәрежесіне ие болады.
    2006 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетіне қарасты «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келеді. Қызмет барысында Қырмызы Жұмабекова білікті маман, шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ғылымның шынайы жанашыры, жаңашыл ойдың иесі, болашақ педагогтердің білікті тәрбиешісі бола білді.
    2018-2021 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасын сәтті аяқтап, «Білім менеджерлерінің инновациялық басқару құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Бұл – ғылымдағы үлкен белес, зор жауапкершілік пен терең ізденістің жемісі. Қазіргі таңда ол философия докторы (PhD) дәрежесіне ие.
    Ғалымның 50-ден аса ғылыми еңбегі, оның ішінде ғылыми мақалалар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтары бар. Бұл білім беру жүйесін жетілдіруге, болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға зор үлесін қосуда. Осы жетістіктерімен қатар Қырмызы Бақытқалиқызы «Қазақстан патриоты», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» сияқты көптеген медаль-төсбелгілердің иегері атанған.
    Білім-ғылым жолында осындай асқар биікті бағындырған Қырмызы Бақытқалиқызын философия докторы (PhD) дәрежесін иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңіз, ғылымға қосқан үлесіңіз жас ұрпаққа үлгі, ал болашақ мамандар үшін бағыт-бағдар болмақ. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз еселене берсін!

    Омар ҚИҚЫМОВ,
    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

    Ұсынымдар

    Мал басы артты. Сапасы ше?

    Мал басын арттыру маңызды

    5 months ago
    Елімізде жайылым жерлерді пайдалану ережелері өзгермек

    Елімізде жайылым жерлерді пайдалану ережелері өзгермек

    2 years ago
    Арнайы техника табысталды

    Арнайы техника табысталды

    3 months ago
    Жылыту маусымы: Қызыл жалын қайдан шығады?

    Жылыту маусымы: Қызыл жалын қайдан шығады?

    8 months ago
    В Алматинской области стартовала трехмесячная акция по профилактике ВИЧ и ИППП среди молодежи

    Алматы облысында жастар арасында АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алуға бағытталған үш айлық акция басталды

    4 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>