[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    14.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Кез келген мемлекет үшін Конституцияның орны бөлек. Себебі елдегі барлық қарым-қатынасты заңдық тұрғыдан реттейтін Негізгі Заң азаматтардың құқығы мен бостандығының мінсіз қорғалуына, мемлекеттегі әділдік пен теңдіктің сақталуына толық кепілдік береді. Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалаған, азаматтардың бүгіні мен болашағына қорған болған Конституциямыздың қабылданып, қолданысқа енгізілгеніне биыл – 30 жыл.

    Осы мерейлі мерекеге орай, Кеген аудандық сотының ғимаратында арнайы жиын өтіп, құзырлы орган өкілдері Конституцияның маңызы, бас құжаттағы негізгі басымдықтардың сақталуы, заңды халыққа түсіндіру, азаматтарды өз құқығын қорғауға үйрету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды ортаға салды. Жиынның өтуіне Кеген аудандық сотының ұжымы мұрындық болды.
    – Конституция қабылданған отыз жыл ішінде мемлекетімізде іргелі өзгерістердің орын алғаны белгілі. Соның ішінде Негізгі Заң отандық соттың тәуелсіздігіне, судьялар мәртебесінің биіктігіне кепілдік берді. Осы жылдарда қазақстандық сотты халықаралық талаптарға сай дамыту бойынша көптеген оңды шешім қабылданды. Қаншама тегеурінді заң қабылданып, көптеген бастама өз тиімділігін көрсетті. Алқабилер сотының енгізілуі, мамандандырылған соттардың құрылуы, медиация институтының қолға алынуы – осы жақсы істердің бір парасы ғана. Ал Конституциялық соттың құрылып, жаңаша жұмысын бастауы халықтың талап-тілегіне сай қолға алынған лайықты іс болды. Конституциялық соттың құзыры кеңейіп, халыққа жақындай түскенін де орынды атап өткеніміз жөн. Аз ғана уақыт ішінде бұл құзырлы орган қаншама заңдық тетіктің Конституцияға сәйкестігін тексеріп, құқықтық мемлекеттің орнығуына, заңдық кемшіліктердің жойылуына ықпалын тигізді, – деді Кеген аудандық сотының төрағасы Салтанат Қожахметқызы.
    Дөңгелек үстелде сөз алған Кеген ауданы прокурорының орынбасары Рауан Алтынбеков те құқықтық алаңда орын алып жатқан оң өзгерістерді атап өтті.
    – Құқықтық мемлекеттің тірегі – Конституция. Сондықтан бұл заңды мектеп қабырғасынан оқытып, жастардың құқықтық білімін ерте бастан қалыптастыру керек. Біз үнемі білім бөлімдерімен бірлесе жұмыс жүргізіп, мектептерде арнайы жиындар өткізіп, Конституцияның басымдықтары мен негізгі талаптарын жан-жақты түсіндіруді тұрақты қолға алып келеміз. Жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуда мұндай шаралардың берері мол, – деді Рауан Серікқалиұлы.
    Расында, мұндай сауаттандыру шараларына Кеген аудандық соты да көңіл бөлген. Олар мамандық таңдап жатқан мектеп түлектерін жыл сайын сот ғимаратына шақырып, соттың жұмысын, судьялардың құқығы мен міндетін түсіндіруді жақсы дәстүрге айналдырған. Бұл – білімді жастарды сот жүйесіне тартудың, судья болуға ынталандырудың негізгі тетігі.
    Кеген аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Олжас Қуатұлы азаматтардың алдануына, қылмыстық ортадан көрінуіне құқықтық сауатының төмендігі түрткі болатынын тілге тиек етсе, Кеген аудандық салық басқармасының басшысы Есболат Игембаев осындай олқылықтар орын алмас үшін заңдарды түсіндіру бағытындағы шаралар жалғасын табуы керегін алға тартты.
    – Кейбір азаматтар қарапайым құқықтық әліппені білмей жатады. Конституцияда мемлекеттің ең басты қазынасы – азаматтар, олардың құқығы мен бостандығы екені айқындалған. Мемлекеттегі бар игілік азаматтарға жасалған. Айталық, азаматтар қажет болған кезде адвокаттардың тегін заңгерлік көмегін пайдаланып, аудармашының да қызметін тегін қолдана алады. Алайда құқықтық сауатының кемдігінен осындай игіліктерден сырт қалатындар аз емес. Сондықтан Конституцияның әр тарауы, әр бабы мектеп қабырғасында тиянақты оқытылуы керек, – деді қорғаушы Гафура Аутанова.
    Әрине, тергеу кезінде, сот бары­сында да азаматтарға құқықтары түсін­діріледі. Десек те құқықтық сауат­тандыру жұмыстары ерте бастан жүргізілсе, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын азаматтар қатары да аз болар ма еді деген ой келеді. Жеке сот орындаушысы Жанаргүл Сатымбаева: «Конституцияны насихаттау, дәріптеу бір күнмен шектеліп қалмауы керек. Ата Заңның басымдықтарын күн сайын, жыл бойы айтып, көрсетіп отыруымыз керек», – деп пікір айтты.
    Конституция – елдегі татулық пен тыныштықтың кепілі. Азаматтардың құқығы мен бостандығының сапалы қорғалуының алтын қазығы. Негізгі Заңның басымдықтарын үнемі айтып, көрсетіп отырғанның пайдасы зор. Осы жайттарды ескерген жиынға қатысушылар алдағы уақытта да халықтың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған шараларды бірігіп, ұдайы ұйымдастырып отыруға уағдаласты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда

    Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда

    7 months ago
    Ұлт тұтастығын тұлғалар қалыптастырады

    Ұлт тұтастығын тұлғалар қалыптастырады

    1 year ago
    БАҚ ӨКІЛДЕРІ – ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ!

    БАҚ ӨКІЛДЕРІ – ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ!

    7 months ago
    Алматы облысының әкімі дарынды балаларды құттықтады

    Алматы облысының әкімі дарынды балаларды құттықтады

    3 years ago
    Әкім: Талғар ауданы инвестиция тарту бойынша алғашқы үштікте

    Әкім: Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>