-13 °c
Qonaev
Friday, September 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кеген – достықтың қақпасы

    28.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Кеген – достықтың қақпасы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Шекара еліміздің қамалы іспеттес. Кереге таулы Кеген өңірінде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында «Кеген» өткізу бекеті бар. Мұнымен қоса, өңірде «Қарқара», «Рабат» және «Саты» шекара бекеттерін айта кеткен жөн. Мұнда қырағы көзді шекарашылар ел тыныштығын күзетіп тұр. «Кеген» бекетінен жолаушылар, көлік, тауар және жануарлар өткізіледі. Бекет Кеген өңірінен бөлек, Ыстықкөл облысының Түп ауданымен де шектесіп жатыр. Аталған бекет аумағында екі елдің ресми өкілдерінің қатысуымен ауқымды шара ұйымдастырылып, бұдан былай ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің «Кеген» шекаралық бақылау бөлім­шесі жолаушыларға тәулік бойы қызмет көрсететін болып шешілді. Бұған дейін бөлімше бақылаушылары жұмыс тәртібіне сәйкес, таңғы сағат 7:00-ден кешкі 17:00-ге дейін күнделікті режимде жұмыс істеп келген еді.

    Қазақстан мен Қырғызстан­ның мемлекеттік шекарасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының «Кеген» шекаралық бақылау бөлімшесі 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл аймақ отандық қырағы көзді шекарашылардың қатаң бақылауында. Аталған өзгеріс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу жөніндегі хаттаманы ратификация­лау туралы» Заңы күшіне енуіне байланысты жүзеге асырылды. Соған сәйкес «Кеген» және көрші Қырғыз елінің «Қарқара» өткізу пункттерінің жұмыс тәртібі күндізгі уақыттан тәулік бойына ауыстырылды. Осыған орай, екі елдің шекара ведомстволарының басшылары шекара бойында арнайы кездесіп, жаңа қызметтің тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен ынтымақтастықтың жаңа қадамы һәм қазақ пен қырғыз халқының арасындағы мәңгілік достықтың, шынайы бауырластықтың дәлелі.
    «Кеген» және «Қарқара» шекара­лық бақылау бөлімшелерінің алдында құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің көршілес аудан әкімдері мен қонақтары бір-бірін зор қошеметпен қарсы алды. Қазақ пен қырғыз ән-күйлері кезекпен шырқалған іс-шарада қонақтарды қазақтың салт-дәстүріне сай ұлттық киім киген өнерпаздар қарсы алып, арнайы әзірленген дәмнен ауыз тигізді. Шарада екі елдің Мемлекеттік Гимні орындалды.
    Алғашқы құттықтау сөзін алған ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары, генерал-майор Төлеужан Жүнісов: «Қазақстан мен Қырғызстан – өзара жақын, көршілес елдер және сенімді әріптестер. Бізді елдігіміз, арадағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтатын тарихи байланыс, тату көршілік және халықаралық ұйымдар біріктіреді. Осы арада өзара қарым-қатынастардың дамуына куәгер болып отырмыз, соның ішінде, достық, туризм және экономиканы нығай­туға үлес қосатын шекарадағы өткізу пункттерін жетілдіру және шекараның тұрақты жұмыстары арқылы екі елдің ынтымақтастығы одан әрі дамитындығына сенім білдіремін», – деді.
    Одан кейін сөз алған Қырғыз Рес­публикасының Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Шекара қыз­метінің директоры, генерал-майор Әбдікәрім Әлімбаев: «Біріншіден, мен осы бір тарихқа бай, ұйық өлке – Қарқара жерінде тұрғаныма толқып тұрмын. Баршаңызға белгілі болғандай, жақында екі өлкенің Президенттері жолығысып, көптеген құжаттарға қол қойды. Солардың бірі – Ыстықкөл іргесіндегі «Қарқара» өткізу бекетін 24 сағат жұмыс істеу тәртібіне көшіру. Екі өлкенің басшылары саяси әрі экономикалық тұрғыда дұрыс шешім қабылдады. Бұл дегеніміз – екі өлкенің арасындағы достықты, сауда-саттықты, туризмді дамыту», – дей келе, қос елдің ынтымақтастығы одан әрі дами беретінін тілге тиек етті.
    Келесі кезекте мінберге көтерілген Кеген ауданы әкімінің орынбасары Медет Исаев: «Бүгінгі күн еліміз үшін ғана емес, өңіріміз үшін де тарихи мәнге ие. Осы орайда аудан үшін тағы бір тарихи сәтті күн болмақ. «Кеген» шекаралық бақылау бөлімшесінде енді жолаушыларға тәулік бойы қызмет көрсетіледі. Бұған дейін бөлімше бақылаушылары тек күндізгі уақытта ғана жұмыс істеп келген болатын. Сіздерді ерекше маңызға ие салтанатты шарамызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ұзақ жыл бойы күткен қуаныш, екі ел арасындағы ынтымақ пен достықтың тағы бір жарқын көрінісі! Бұл баста­ма – қос Мемлекет басшыларының көре­ген саясатының нәтижесі! Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бауырлас Қырғыз елінің басшылығы қабылдаған шешімдер халықтың өзара қатынасын жаңа белеске көтеріп отыр. Екі мемлекеттің де тарихы тереңде. Әйгілі Қарқара жайлауы ежелден Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды сауда орталығы болған. Сол тарихи дәстүр жалғасын тауып, бүгінгі заман талабына сай жаңғыру үстінде. Осы бекет арқылы екі ел арасындағы тауар айналымы артып, шағын және орта бизнестің дамуына жаңа серпін берілмек», – дей келіп, ежелден бір-біріне етене жақын қазақ пен қырғыз достығы жыл сайын артып келе жатқанын жеткізді. Одан соң қырғыз бауырлар Заманбек Нұрқаділов атындағы Кеген балалар өнер мектебі мен Кеген аудандық тарихи-өлкетану мұражай-үйінің қызметкерлері дайын­даған «Тамыры бір, тағдырлас халық достығы» атты арнайы көрмені тамашалап, өңір тарихы туралы ақпарат алды.
    Ежелден ауылы аралас, қойы қоралас өскен, Алатаудың күнгейі мен теріскейін қоныс еткен қос халықтың тарихи тамырластығы, бауырластығы ажырамай келе жатқаны баршаға аян. «Қазақ-қырғыз бір туған» дейді қос халық. Екі елдің облысы мен аудандары іргелес, демек, сауда-саттық, барыс-келіс, алыс-беріс жағынан өте қолайлы орналасқан. Шекара бекеттерінің тәулік бойы жұмыс атқаруы қазақ-қырғыз қарым-қатынасын жаңа белеске көтерері даусыз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Газет – тарих тамыршысы

    Газет – тарих тамыршысы

    6 months ago
    Еліміз біріңғай уақыт белдеуіне көшеді

    Еліміз біріңғай уақыт белдеуіне көшеді

    2 years ago
    Көше сәнін кетірген

    Тозығы жеткен жол қашан жөнделеді?

    3 months ago
    Халықтық штаб мүшелері білім саласының ұжымымен жиналыс өткізді 

    Халықтық штаб мүшелері білім саласының ұжымымен жиналыс өткізді 

    11 months ago
    ІІМ Басқару академиясы ашылды

    ІІМ Басқару академиясы ашылды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>