⛅
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Келешек адал азаматтың қолында

    25.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Келешек адал азаматтың қолында
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Облыс ұстаздарының дәстүрлі тамыз кеңесі Жамбыл ауданының орта­лығында өтті. Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйіне облыс әкімдігі, құқық қорғау органдарының, облыс­тық департаменттер мен басқар­малардың, кәсіподақ ұйым­дарының, өңірдегі мем­ле­кет­тік және жекемен­­шік білім беру мекемелерінің басшы­лары, бірқатар аудан мен қала әкімдері, ата-аналар комитетінің төрағалары келді.

    «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім сапасын арттыру мақсатындағы басқосуда кейінгі үш жыл ішін­дегі жетістіктермен қатар, саладағы өзекті мәселелер талқыланып, жаңа бағыттар айқындалды. Бүгінгі білім беру – тек оқыту емес, баланың рухани-адамгершілік болмысын тәрбиелеу, ұлттық құндылықты бойына сіңіру, жаһандық қоғамға бейімдеу екені баса айтылды. Адал, білімді, кәсіби азамат тәрбиелеу бүкіл қоғамның міндеті дегенмен, көш басында ұстаз тұр. Оларға артылар жауапкершілік зор екені әр баяндамадан аңғарылды.
    Конференцияда алдымен облыс­тық білім басқармасының басшысы Арайлым Төлеубекованың өткен оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелері мен жаңа оқу жылының ерекшелігі туралы баяндамасы тың­далды. Одан кейін алқалы басқосуға құрметті қонақ ретінде қатысқан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан сөз алып, еліміздің білім беру саясаты мен жаңа оқу жылындағы стратегиялық бағыттар жайлы көпшілікті жан-жақты хабардар етті. Сондай-ақ «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Күләш Шамшидинова мазмұнды баяндама жасады.
    Еліміздің білім беру жүйе­сін дамыту, сапалы білімге қолжетім­ділікті қамтамасыз ету – негізгі басым­дықтардың бірі. Осы бағытта ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру, үздік тәжірибелерді кеңінен тарату мақсатында «Табысты 50 мектеп» жобасы жүзеге асырылып, «Білім-инновация» лицейлерінің озық әдістемелері мен тәжірибелері ауыл мектептеріне енгізілген болатын. Бұл туралы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Қуат Қожахметов сөз сөйледі. Ал бүгінгі еңбек нарығы бәсекеге қабілетті, заманауи техно­логияларды меңгерген, кәсіби құзыретті мамандарды қажет ететін­дігі жөнінде Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы иннова­циялық техно­ло­гия­лар колледжінің директоры Бақытгүл Кішібаева баяндады. Ол техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына, соның ішінде колледж педагогтеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. Айтуынша, бүгінгі таңда кәсіптік білім беру тек жұмысшы маман даярлау емес, ол – еңбек нарығына бейімделген, жаңашыл ойлайтын, ел болашағына үлес қоса алатын кәсіби маман қалыптастырудың стратегиялық алаңы.


    Бүгінгі заманауи білім беру жүйе­сінің инновациялануы, даму бағыттары мен цифрландыруы оқыту әдістемелерінің жаңаруына, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына және ұлттық құндылықтармен үйлесімділік табуына негіз болады. Білім беру ұйымдары үшін болашақ мектебін қалыптастыруда жүйелі, ғылыми әрі ұлттық бағдарда жұмыс жүргізудің маңызы айрықша.
    Осы орайда Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаева «Келешек мектебі: жаңа формациядағы білім кеңістігі» тақырыбында тәжірибе бөлісті. Бұл мәселе – қазіргі білім беру жүйесінің даму келбетін айқын­­дайтын өзекті бағыттардың бірі. Инновациялану, цифрландыру және әдістемелік жаңғыру білімнің жаңа сапасын қалыптастырып, оқушы тұлғасын дамытуға, ұлттық құнды­лықтармен үйлесімділік орнатуға мүмкіндік береді. Болашақ мектебін қалыптастыру – уақыт талабынан туындаған жүйелі, ғылыми және ұлттық негіздегі кешенді жұмыс.
    Жиында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз алып, білім саласын­дағы басым бағыттарды айқындады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында білім беру сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіру, ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру және кәсіби біліктілігін күшейту басты міндет екенін атап өткен болатын. Аймақ басшысы бұл тапсырмаларды орындау үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын тарқатты.
    «Әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру – ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Жас ұрпақ тек академиялық біліммен шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға, патриотизмге, адал­дық пен еңбекқорлыққа тәрбиеленуі тиіс. Адал азамат тәрбиелеу ұлттық тәрбиенің өзегі, кәсіби маман дайындау – сапалы білім берудің көрсеткіші», – деген облыс әкімі саланы мемлекеттік қолдау барысын тілге тиек етті.
    Айтуынша, биыл облыстың білім саласына 487,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа білім нысандарын салуға, педагогтер­дің әлеуетін арттыруға бағытталуда. Президент тапсырмасына сәйкес, облыстағы 35 мыңнан астам педагогтің жалақысы екі есеге дейін өсті. Жергілікті бюджеттен жалақы қорына 238,1 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар 28 923 мұғалімге біліктілік санаты үшін 34,2 млрд теңге қосымша ақы төленуде. Оқушылар саны жыл сайын 10-12 мыңға артып отырғандықтан, мұғалім тапшылығы мәселесін шешу өзекті. Бұл ретте жыл сайын педагогтердің жалақы қорына қосымша 6 млрд теңге бөлініп келеді. Биыл үздік мамандарды тартуға арнайы 200 млн теңге қарастырылған.
    Мектепке дейінгі тәрбие саласы да назардан тыс қалған жоқ. 2025 жылы бұл бағытқа 69,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде өңірде 1168 балабақша жұмыс істейді, оның 997-сі – жекеменшік. Алайда әкім атап өткендей, тәрбие­шілердің біліктілігін арттыру әлі де басты міндеттердің бірі болып отыр. «Балабақшадағы кадр сапасын көтеру – келешектің кепілі. Сондықтан тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен шығармашылық әлеуетін дамыту білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің тұрақты бақылауында болуға тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.
    Мемлекет басшысы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасын теңестіруді, үш ауысымды оқытуды жоюды және оқушы орындарының тапшылығын шешуді Үкіметке нақты тапсырған еді. Осы мақсатта елімізде қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы облыста жүйелі жүзеге асырылып жатыр. «Президенттің тапсырмасына сәйкес басты міндеті­міз – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Облыс бойынша 24 900 орынды 26 «Келешек мектептің» құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 10 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған нысандар да оқушыларға есігін айқара ашады. Соның нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны айтарлықтай қысқарады», – деді облыс әкімі.
    2022-2025 жылдар аралығында облыста 45 325 орынды 50 жаңа мектеп салынды. Соның арқасында үш ауысымды білім ошақтарының саны 52-ден 30-ға дейін азайды. Бұған қоса, соңғы үш жыл ішінде 73 мектеп пен білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтті. «Келешек мектептер» жобасы толық орындалғанда, үш ауысымды білім беру түйткілі түбегейлі шешіліп, оқушылардың сапалы білімге қол­жетімділігі арта түспек.
    Облыс әкімі білім беру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Мектептердің материалдық-техни­калық базасын нығайтуға биылдың өзінде 1 млрд 021 млн теңге бөлінді. Бұған қоса, мектеп кітапханаларын заманауи форматқа көшіруге 193,1 млн теңге қарастырылып отыр. Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Кеген ауданын­­дағы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясында және Еңбекшіқазақ ауданындағы Жүнісбай Қайыпов атындағы орта мектепте «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберін­де мектептердің инфрақұрылымы жаңартылып, ұстаздардың кәсіби білік­тілігін жетілдіруге арналған бағдар­ламалар іске қосылды. Бұл ауылдық мектептердің мүмкіндігін арттырып, қала мен ауыл арасындағы білім сапасын теңестіруге мүмкіндік бермек. «Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту – балаларымыздың жарқын болашағына жасалған инвестиция. Президент тапсырмасына сәйкес, біз оқушыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ұстаздардың кәсіби дамуына да жол ашып отырмыз. Осы игілікті іске үлес қосқан Күләш Ноғатайқызына және «Қазақстан халқына» қорына алғысымды білдіремін», – деді облыс әкімі.
    Өткен жылы қабылданған білім сапасын арттырудың Жол картасы аясында, «Білім-инновация» халық­аралық қоғамдық қорымен бірлесіп, қолға алынған «Табысты 50 мектеп» жобасы алғашқы нәтижесін беруде. Жобаға енген мектептерде оқушы­лардың жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасы 4-тен 12 пайызға дейін артқан. Сондай-ақ, 17 оқушы республикалық деңгейде үздік нәтиже көрсеткен. «Бұл – білім саласындағы нақты қадамдардың, педагогтер­ге көрсетілген әдістемелік және материал­дық қолдаудың жемісі. Өңір мектептерінде жаңа тәсілдер енгізіліп, оқушылардың білім деңгейі артып келеді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз», – деді облыс әкімі. Жоба аясында 5 200 педагог негізгі және ілгері деңгейдегі біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оған жергілікті бюджеттен 701 млн 120 мың теңге бөлінді. Осы орайда мектеп басшыларына үш негізгі міндет жүктелді: басқару мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді оқу-тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізу; курстан өткен педагогтерге әдістемелік қол­дау көрсетуді ұйымдастыру; білім сапасын жаңа деңгейге көтеру үшін оқу процесін заманауи талаптарға сай жетілдіру. Сонымен қатар өңірде шалғай елдімекендерде тұратын бала­лар­дың сапалы білім алуына жағдай жасалуда. 35 081 оқушы күнделікті арнайы автобустармен мектепке жеткізіледі. Ал 176 390 оқушы тегін ыстық тамақпен қа­мтылып отыр. Бұл мақсатқа биыл 16 млрд 727 млн теңге қарастырылған. Балалардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуге арналған жазғы демалыс та дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Жергілікті бюджеттен 282,3 млн теңге, «Қазақстан халқына» қорынан 166,8 млн теңге бөлініп, облыста 27 лагерь жұмыс істеді. Соның нәтижесінде 335 923 бала, яғни оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылды.
    Облыста техникалық және кәсіптік білім беру жаңа серпін алды. Кәсіби білім беру жүйесін дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Колледждер – кәсіби маман даярлаудың негізгі буыны ретінде жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, еңбек нарығы талап ететін жаңа дағдылармен қаруландыруда маңызды рөл атқарып отыр. 2025 жылы техникалық және кәсіптік білім беру саласына ерекше назар аударылып, бұл мақсатқа 16,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Қара­жат колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, сондай-ақ ел экономикасы мен еңбек нарығы сұранысына сәйкес білікті мамандар даярлауға бағытталды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 4 колледжде еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашылды. Бұл жастарды ерте жастан еңбекке баулып, кәсіби бағыт-бағдар беру жолындағы маңызды қадам болды. Сонымен бірге облыс студенттері «WorldSkills» ұлттық чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола және 5 медальон жеңіп алып, өздерінің кәсіби бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.
    Марат Сұлтанғазиев педагогтермен кездесуде өңірде білім беру саласын дамытуға басымдық берілетінін атап өтті. Әкімнің айтуынша, колледждер мен мектептердің инфрақұрылымын жаңғырту, ауылдағы білім ошақ­тарының материалдық базасын жақсарту және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады. Жиын барысында ұстаздардың жетістіктері де атап өтілді. Мәселен, халықаралық деңгейде шәкірт тәрбие­леп жүрген Алатау қаласындағы №47 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Светлана Бекмұхамбетова, Есік қала­сындағы А. Мәлкеев атындағы «Білім-инновация» лицейінің география пәнінің мұғалімі Тамара Ещанова, Іле ауданындағы №38 мектептің құқық пәнінің мұғалімі Лейла Нарымова, Еңбекшіқазақ ауданындағы №1 Рахат орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Нұртай Ерназар және өзге де үздік педагогтер кәсіби шеберліктерімен ерекшеленді.
    Жиын қорытындысында тиісті қарар қабылданды. Соңында білім саласының өркендеуіне үлес қосып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ерен еңбегі үшін озат ұстаздар марапатталды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Жанармай тапшылығының алдын алатын оңтайлы шешім

    Алматы маңынан қалаға тағы бір маршрут қатынай бастады

    2 years ago
    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    Білім беруде өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы – болашақтың бағдары

    2 years ago
    Гипертензияны қалай емдейміз?

    Гипертензияны қалай емдейміз?

    2 months ago
    Қолөнерші: Депутаттар мәдениет қызметкерлерінің жағдайына көңіл бөлуі керек

    Қолөнерші: Депутаттар мәдениет қызметкерлерінің жағдайына көңіл бөлуі керек

    3 years ago
    Қонаев қаласын газбен қамту мәселесі талқыланды

    Қонаев қаласын газбен қамту мәселесі талқыланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>