[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қазан 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Көркіне көз тоймас

    Көлсай мен Қайыңдыға келушілер көбейді

    09.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Көркіне көз тоймас
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Көрікті Көлсай Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 350 шақырым қашықтықта, Кеген ауданының таулы аймағында орналасқан. Көлдің өзі «Бірінші Көлсай», «Екінші Көлсай», «Үшінші Көлсай» деп үшке бөлінеді. Әрқайсысы теңіз деңгейінен 1700 метр, 2252 метр және 2650 метр биіктікте жатыр. Бұл көлдердің пайда болуын ғалымдар ХІХ ғасыр соңында болған жер сілкінісімен байланыстырады. Құлаған тас пен топырақ үйіндісі шатқалдың бірнеше жерін бөгеп, табиғи бөгет жасаған.

    Сұлулығына көз тоймайтын Көлсайды қорғау мақсатында 2007 жылы ҚР Үкіметінің шешімімен «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Орман алқабында өз әсемдігімен ерекшеленетін Тянь-Шань шыршасы, қайың, терек және тағы басқа ағаштар өседі. Оларды рұқсатсыз кесуге, аң аулауға тыйым салынған.
    Парк аумағының көлемі – 161 045 мың гектар. Мекеме республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Табиғатты пайдалану және табиғи кешендерді қорғау, ғылым және мониторинг, туризм және экологиялық ағарту, мемлекеттік сатып алу және ұйымдастыру бөлімдері бар.
    Алматы қаласынан шығып, көлге тірелген жерге дейінгі жол жөндеуден өткен. Соның нәтижесінде  Көлсайға келушілердің қатары жыл санап артып келеді. Биыл тек маусым айының өзінде демалушылар саны 200 мыңнан асты. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш. Инфрақұрылымды жаңарту және демалушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында биыл 68 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға жаңа пирс салынып, жаяу жүргіншілер жолдары жөнделді. Сондай-ақ бағыт-бағдар көрсететін ақпараттық тақталар орнатылған.
    – Мұнда шетелдік туристер арасында Үндістан мен Қытайдан келушілер өте көп. Рекреациялық жүктемеге сәйкес, жағажайды одан сайын абаттандырып, инфрақұрылымды дамыта түссек, онда Көлсай мен Қайыңды жылына 600-700 мың турист қабылдай алады, – дейді «Көлсай көлдері» МҰТП директорының орынбасары Хамит Ахметов.
    Көлсай маңында біраз саябақ пен бұрынғы орман шаруашылығынан қалған нысандар қайта жөндеуден өтіп, туристерге қолайлы жағдай жасалған.
    – Көлсай – әлемдегі теңдесі жоқ әсем жер. Бұл өлке сұлулығымен ғана емес, қасиетімен де ерекшеленеді. Алланың берген осындай кереметін аялап ұстауымыз керек. Бұл демалыс орны бұрынғыдай қараусыз емес, инспекторлардың бақылауында, демалушылар арнайы тәртіпке бағынады, – дейді Саты ауылының тұрғыны Лиза Нұржаубаева.
    Сатының шығысындағы шатқал бойымен 15 шақырымдай жүрсеңіз, Қайыңды көліне жетесіз. Бұл көл теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте жатыр. Оның ерекшелігі – су асты­нан шыршалардың шығып тұруы. Мұндай көрініс қай саяхатшыны да таңғалдыратыны анық. Суы – салқын әрі мөп-мөлдір.
    Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметі бойынша, биыл 7 ай ішінде Көлсайға  352 211 турист келіп, бюджетке 85 млн теңге салық түскен. Саты ауылында 105 қонақүй және 200-ден аса киіз үй қызмет көрсетуде. «The Secret Corp» ЖШС автотұрақ салуды, «Этно Саты» ЖШС жанармай құю стансасы мен туристік база жобасын іске асыруды көздеп отыр. Сонымен қатар аспалы жол салу да жоспарда бар. «J.S.TRAVEL» ЖШС парк аумағында  10 қонақүйді  пайдалануға берген. «Parmigiano Group Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де Қарабұлақ ауылдық округінен қонақүй бизнесін дамытқалы отыр, ал «Атырау Рент» ЖШС парк аумағынан 17 гектар жер телімін жалға алып, туристік нысандар салуды қолға алмақшы. Нәтижесінде 2,0 млрд теңгеге инвестиция тартылады және 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ жеке кәсіпкер Ербол Асанов осы жерден заманауи туристік нысандар салумен қатар балық шаруашылығын дамытуды  жоспарлауда. Оған 120 млн теңгеге инвестиция тартылып, 25 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
    «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бүгінде жабайы туризмді түп-тамырымен жойып, жергілікті тұрғындар үшін де, келушілер үшін де, мәдениетті демалысты қамтамасыз ету шараларын іске асыруда. Қазір бұл өлкенің суы да, балығы да, орман-тоғайы да мемлекет қорғауында.
    Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, туризм дегеніміз – мемлекеттің қазынасына мол қаржы әкелетін сала. Ебін тапқан елдер осы саланың арқасында табысқа кенеліп отыр. Сондықтан отандық туризмнің деңгейін көтеруге барынша күш салайық.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Тоқаев: Алаш арыстарының күресі ақталып, тарихи әділдік орнаған күн

    Тоқаев: Алаш арыстарының күресі ақталып, тарихи әділдік орнаған күн

    2 years ago
    Ұстаздар күнімен құттықтады

    Ұстаздар күнімен құттықтады

    2 years ago
    Көрнекі сурет

    Экологияны бүлдірген әкімге айыппұл салынды

    3 years ago
    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    5 months ago
    Ұстаздар АЭС салуды қолдайды

    Ұстаздар АЭС салуды қолдайды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>