[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мақсат айқын, міндет зор

    23.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Партия
    Мақсат айқын, міндет зор
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Бүгінгі таңда «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алып келеді. Дегенмен, айрықша назар аударуды қажет ететін мәселелер де бар. Осыған орай «AMANAT» партиясының облыс­тық мәслихаттағы фракция жетекшісі Лаззат Тұрлашов іссапармен Кеген ауданында болды.

    Аудан бойынша төрт нысанның, атап айтқанда, екі автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған 72 тұрғын үй құрылысы, Қарқара орта мектебін күрделі жөндеу және республикалық маңызы бар «Көкпек – Кеген – Түп» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Айта кету керек, аталған нысандарға бекітілген депутаттар тарапынан құрылыс сапасының уақытылы аяқталуына тұрақты бақылау жүргізілуде.
    Бұдан кейін аудандық әкімдіктің үлкен залында Лаззат Тұрлашовтың қатысуымен жиын өтті. Жиынды «AMANAT» партиясы Кеген аудан­дық филиалының төрағасы Олжас Тақабаев ашып, жүргізіп отырды. Жол картасының орындалуы және биылғы 7 ай ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың есепті баян­дама­сы тыңдалды.
    – Ауданда инфрақұрылымды да­мыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру бағытында нақты жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар аудан тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсартуға және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосады. Жол картасы – халық сенімін ақтауға, әділ қоғам құруға және еліміздің болашағын жарқын етуге бағытталған ортақ міндеттердің жиынтығы, – дей келе, аудан әкімі әр салада атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
    Келесі сөз кезегін алған Лаззат Махатұлы:
    – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға ауқымды міндеттер қойды. Оны жүйелі жүзеге асыру – депутаттар мен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген зор жауапкершілік. Біз атқарылған жұмыс туралы есеп беріп қана қоймай, нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 106 тараудан тұратын Жол картасы дайындалған. Орындалу барысы облыс көлемінде қаралып жатыр, үнемі фракция отырыстарында өзекті мәселелер көтеріліп, нәтижесін орталық партия аппаратына жолдаймыз, – деген ол бағдарламаның орындалу барысына назар аударып, бірқатар ұсынысты ортаға салды. Жиын барысында аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Көнеева Алматы қаласындағы бұрынғы «Саяхат» автобекетінің маңынан Кеген мен Нарынқолға қатынайтын такси жүргізушілеріне автотұрақтың жоқтығын айта келе, өзі жетекшілік ететін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жеке ғимараты болса деген ұсынысын жеткізді.
    – Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында жауапты болып белгіленген депу­тат­тар нысандарды тұрақты әрі жауап­кершілікпен бақылауға алып, депутаттық фракция мүшелері тұрақты комиссия жұмысына белсенді қатысып, бюджет қалыптастыру кезінде сайлауалды бағдарламаның орындалуына қаржы бөлу бойынша нақты ұсыныстар енгізсін, – дей келе, Олжас Тақабаев жиынды қорытындылады.
    Кездесу соңында алдағы кезеңге арналған міндеттер нақтыланып, халықтың сұранысын тиімді шешуге бағытталған шараларды күшейту қажеттігі атап өтілді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Бәйгеде бағы жанғандар

    Бәйгеде бағы жанғандар

    11 months ago
    Мемлекет басшысы:«Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс»

    Мемлекет басшысы:«Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс»

    3 months ago
    Жаңа астық экспорты 7,6 млн тоннаға жетті

    Жаңа астық экспорты 7,6 млн тоннаға жетті

    8 months ago
    ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖАРШЫСЫ

    ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖАРШЫСЫ

    11 months ago
    Радиофобиядан қалай құтыламыз?

    Радиофобиядан қалай құтыламыз?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>