-13 °c
Qonaev
Wednesday, August 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекет тірегі

    07.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Мемлекет тірегі
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – қазақ еліндегі мерейлі мерекенің бірі. Тәуелсіздіктің төлқұжаты іспетті Конституциямыздың мейрамын еліміздің әр облысы, әр аймағы атап өтеді. 

    Қазақстан Республикасының Ата Заңы – ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні Жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды.
    Мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықтық ел ретінде айқындайтын басты құжат – Конституция. Ата Заң барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы болып есептеледі. Кез келген мемлекеттік орган, мекеме, ұйым өзінің қызметінде Конституцияны басшылыққа ала отырып, өз қызметтерін жүзеге асырады. Демек, бұл мерекенің орны бөлек екені белгілі.
    Қолданыстағы Конституцияда мемлекеттік тіл статусы да айқындалған.
    Ең бастысы, бүгінде халық қоғамның барлық тыныс-тіршілігі заңмен ғана реттеліп, заң арқылы ғана шешілетінін түсінді.
    Қолданыстағы Ата Заң – қоғамдағы әлеуметтік теңдік пен ұлттар арасындағы татулықты орнықтырудағы, саяси-экономикалық тұрақтылықты нығайтудағы және дамудың демократиялық жолына батыл түскен Қазақстанның өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз да өміршең құжат. Сөйте тұра, бойын масылдыққа үйреткен кейбір азаматымыздың өз өмірі, құқығы мен бостандығын қорғайтын заңды меңгеруге құлықсыздығы, содан келіп, заңды білмеуінен, дәлірек айтсақ, құқықтық сауатсыздығынан Конституцияның игіліктерін пайдалана алмай жататыны рас. Сонда Конституцияны білмейтін, оны жүрегіне жақындатпаған, оны оқымаған адамда оған деген құрмет бола ма? Ал ел мен жерге, мемлекетке, Мемлекет басшысына, тіпті өзіңе деген құрмет Ата Заңға деген құрметтен, Ата Заңға деген мақтаныш сезімінен бастау алмай ма? Өйткені, тәуелсіздігіңді нығайтып, тұрмысыңды жақсартып, жарқын болашағыңа жағдай жасап жатқан, елімізді айдай әлемге танытқан Ата Заң емес пе?!
    Сондықтан әрбір азамат ең алдымен өзін, елін, Ата Заңын құрметтеуі, елжанды болуы керек. Осындай жағдайда қоғамның шынайы конституциялық дүниетанымы, конституциялық мәдениеті қалыптасады.
    Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік саясатта, экономикада, өзге де салаларда өзіндік орны мен айбынды күші бар мемлекетке айналды. Мұның барлығы Ата Заңымыздың мықты әлеуетінің дәлелі десек, артық айтқандық емес. Ата Заңды құрметтеуді, ардақтауды, қастерлеуді әрқашан естен шығармауымыз керек.

    Бауыржан Әуелбеков,
    Райымбек аудандық сот әкімшісінің басшысы

    Ұсынымдар

    Шеңгелдіде 8050 гектар егістік игерілді

    Шеңгелдіде 8050 гектар егістік игерілді

    9 months ago
    Абай облысындағы өрт оқшауланды

    Абай облысындағы өрт оқшауланды

    2 years ago
    Қонаевта 28 отбасы қоныс тойын тойлады

    Қонаевта 28 отбасы қоныс тойын тойлады

    4 months ago
    Қос қуаныш

    Қос қуаныш

    8 months ago
    Нұрлан Әбдірахым

    Жұмысшыларды қолдау – мемлекет міндеті

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>