-13 °c
Qonaev
Wednesday, August 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Санақ жалғасуда

    15.08.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Санақ жалғасуда
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Елімізде ауыл шаруашылығы санағы жалғасып жатыр. Осы саланы жан-жақты зерттеп, нақты статистикаға сүйене отырып, тиімді шешімдер қабылдау үшін науқанның маңызы зор. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық статистика бюросының облыстық департаменті басшысы Бағлан Қарғұлов мәлімдеді.

    Спикердің айтуынша, ауыл шаруашылығы құрылымдарын тіркеу екі кезеңде өтеді. 1-31 тамыз аралығында онлайн форматта, ал 20 қыркүйектен бастап дәстүрлі, яғни интервьюерлердің келуімен санақ жүргізіледі.
    – Облыс бойынша 30 777 ауыл шаруашылығы құрылымын санаққа енгізу жоспарланған. Олардың 1 814 – ауыл шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар, 28 963 – шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер. Алайда алғашқы екі аптада тек 12 мыңға жуық респондент онлайн тіркеуден өтті. Олардың 3,5 мыңы – бау-бақшасы бар немесе мал ұстайтын үй шаруашылықтары, ал 8,6 мыңы – ауыл шаруашылығы құрылымдары. Бұл жалпы жоспардың тек 60 пайызын ғана құрап отыр. Ұйғыр, Жамбыл және Райымбек аудандары белсенділік танытуда, – деді Бағлан Абайбекұлы.
    Санақтың бірінші кезеңі sanaq.gov.kz сайтында жүргізілуде. Онлайн формат интервьюерлерді күтпей-ақ, деректерді тез тапсыруға, жүйеленген мәліметтерді жылдам өңдеуге мүмкіндік береді. Сауалнаманы толтыру кезінде қиындық туындаса, сайтта бейненұсқаулықтар, анықтамалар, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін SANAQ чат-боты қолжетімді. Мамандардың айтуынша, күнделікті сағат 10:00-12:00 және 15:00-17:00 аралығында республика бойынша қолданушылар саны күрт артады. Соның салдарынан сайттың жұмысы баяулайды. Сондықтан ұйымдастырушылар бұл уақытта сауалнама толтырмауды ұсынады. Интернет немесе компьютермен қиындықтар туындаса, облыста 151 өзіне-өзі қызмет көрсету орны ұйымдастырылған. Онда сауалнама толтыруға арналған техника және кеңес беретін мамандар бар. Бұл орталықтар ауылдық әкімдіктер мен аудандық статистика басқармалары жанынан ашылған. Санаққа қатысқан әрбір азаматтың берген жауабы құпия сақталады. Бұл ақпарат ешқандай салық, полиция немесе басқа да мемлекеттік органдарға берілмейді. Мәліметтер тек жиынтық түрде, елдің аграрлық саясатын дамытуға арналған талдаулар үшін қолданылады.
    – Ауыл шаруашылығы санағы болашақта субсидия бөлу, сақтау қоймаларын салу, инфрақұрылымды дамыту секілді нақты шешімдер шығаруға көмектеседі. Сондықтан әрбір фермер, шаруа қожалық иесі, ауыл тұрғыны бұл науқанға белсене қатысуы қажет. Онлайн тіркелмеген жағдайда 20 қыркүйектен бастап интервьюерлер барып, сауалнама өткізеді. Бірақ тамызда онлайн өтіп қойған азаматтар бұдан босатылады. Онлайн санақ кезінде 1446 байланыс нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді. Мамандар тіркеуден өту, техникалық ақаулар немесе осыған қатысты кез келген сауалға жауап береді, – деген спикер ауыл шаруашылығы құрылымдарын санаққа жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытуға шақырды.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Құмай тазылар сайысы өтті

    Құмай тазылар сайысы өтті

    4 months ago
    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    1 year ago
    Өзен ластағандар жауапқа тартылды

    Өзен ластағандар жауапқа тартылды

    2 years ago
    Жанармай тапшылығының алдын алатын оңтайлы шешім

    Жаңа автобустар жүреді

    1 year ago
    Алматы облысында республикалық жолдардан 300-ден астам сынама алынды

    Алматы облысында 137,4 шақырым жол жөнделеді

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>