☀️
1°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шахмат тақтасындағы шеберлік

    19.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Шахмат тақтасындағы шеберлік
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

            Қоғамдық өмірде қарттардың қарышты қадамы қызыға қарауға тұрарлық. Ойымыз негізсіз де емес. Пайғамбар жасынан асқандардың бәрі де айналасындағы, қоғамдық ортадағы тіршілік тынысына бей-жай қарай алмайды. Олардың спортта да жұдырықтай жұмылған ұйымшылдықтары қуантады.

    Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында Қарасай аудандық кітапхана ғимаратының «Адалдық алаңы» атты бөлмесінде шахмат пен дойбыдан кең көлемді жарыс ұйымтастырылды. Сайысқа жиырмадан астам шахматшы мен дойбышылар қатысты. Бұлар жай қатардағы ойыншылар емес, шетінен облыс көлемінде өткен небір сайыста өздерін жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар етіп көрсеткендер. Сондықтан да аталған жарысқа жанкүйер қауым да көп жиналды. Сондай-ақ, шахмат тақтасындағы шайқасқа Шахмат федерациясы Қарасай аудандық филиалының төрешісі, әділдік тұрғысынан ұйғарым жасайтын Пак Геннадий ақсақал мен облысқа танымал ұлттық төреші Амандолла Әбдімұратов төрелік етті. Ол екеуін шахматшылар мен жанкүйер қауым бірауыздан қолдады.
    Жарысқа қатысушылар алдында Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сағат Мәсімақынов сөз сөйлеп, шахматшыларды және дойбышыларды жарыс ережесімен таныстырып, жарыс туралы егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, жарыс сайыпқырандарына жеңіс пен ойында сәттілік тіледі. Жарыс барысы ә дегеннен-ақ тартысты басталды. Тәжірибесі толысқан шахматшылар көпшілік алдында шынайы өнерлерін көрсетті. Аталған жарысқа Райымбек ауылдық округінен Құралай Әуелғазина, Әтіркүл Айманбетова сияқты ардагер әйелдердің де арнайы қатысқанын айта кеткен артық болмайды.
    Жарыс қорытындысында жеңімпаздардың есімдері белгілі болды. Бірінші орынды Қаскелең қалалық округінен Амандолла Әбдімұратов, екінші орынды Ұмтыл ауылдық округінен Темірхан Бөжімов, үшінші орынды Шамалған ауылдық округінен Жәмел Насанов иеленді. Ал дойбыдан Райымбек ауылдық округінен Құралай Әуелғазина жеңімпаздар қатарынан көрінді. Бірінші орынды жеңіп алған Амандолла Әбдімұратов облыс көлемінде өтетін шахматшылар жарысына жолдама алды.
    Жеңімпаздарға Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сағат Мәсімақынов аудан әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай және заттай сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар төраға жарысқа қатысушылардың аудан орталығынан алдағы уақытта «Шахматшылар клубын» ашып беру жөніндегі ұсыныс-тілегін, өтініштерін тиісті орындарға жеткізетініне сенім білдірді.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Білім мен ғылымның «қара шаңырағы» ҚазҰУ құрылғанына 90 жыл

    Білегіңе сенбе, біліміңе сен!

    2 years ago
    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    2 years ago
    Ұлыс күнін жарасымды қарсы алды

    Ұлыс күнін жарасымды қарсы алды

    2 years ago
    Қонаевтағы мешітте күнделікті ауызашар беріледі

    Қонаевтағы мешітте күнделікті ауызашар беріледі

    2 years ago
    Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады

    Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>