-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шарын тұрғындарына газ қосылды: Ұйғыр ауданында газбен қамту желісі кеңейіп жатыр

    07.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Инфрақұрылым
    Шарын тұрғындарына газ қосылды: Ұйғыр ауданында газбен қамту желісі кеңейіп жатыр
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Алматы облысында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Бұл бағытта айрықша назарға іліккен өңірлердің бірі – Ұйғыр ауданы. Жуырда Шарын ауылында ұзындығы 64 шақырым болатын газ құбырының құрылысы аяқталып, 1 200-ден астам үйге газ берілді. Сонымен қатар мектеп, аурухана, балабақша, мешіт және әкімшілік ғимараттар да газ жүйесіне қосылды.

    Қазіргі таңда Ташқарасу мен Бахарқ ауылдарында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жақын арада бұл елді мекендерде тағы 978 үй мен әлеуметтік нысандар көгілдір отынға қосылады деп жоспарлануда.

    Ауқымды жоба Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Бас газдандыру схемасы және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Жобаны «QazaqGaz» ұлттық компаниясының құрамындағы «АзияГаз Чунджа» ЖШС жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қолға алған.

    “Бүгінде облыс тұрғындарының 77 пайызы, яғни 1,2 миллионнан астам адам табиғи газды тұтынуда. Барлық бес қала мен 152 ауылдық елді мекен газбен қамтылды. Әсіресе, Ұйғыр ауданы тұрғындары үшін бұл — тұрмыс сапасын жақсартатын маңызды қадам. Біз осы игі істі жалғастырып, бағдарламаға енгізілген әрбір ауылды сапалы әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз”, — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

    Жобаның табысты жүзеге асуына мемлекеттік құрылымдар мен сала мамандарының үйлесімді ынтымақтастығы ықпал етуде.

    “Бұл Мемлекет басшысының азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларының нақты жемісі. Жергілікті атқарушы органдар мен газ саласы мамандарының тынымсыз еңбегі

    еліміздің тұрақты әрі заманауи газ инфрақұрылымын қалыптастыруға қосылған қомақты үлес”, – деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ құқықтық мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Абзалбек Сұлтанбек.

    Айта кетейік, бүгінде облыстағы 373 елді мекеннің 157-сі, соның ішінде барлық бес қала газға қосылған. Жалпы ұзындығы 4 200 шақырымнан асатын газ желілері жұмыс істеп тұр. Өңірдің жылдық газ тұтыну көлемі 200 миллион текше метрден асады.

    Кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан газдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді. Әсіресе, ауылдық елді мекендерді қамту басты басымдықтардың бірі болып отыр. Бұл бастама өңір экологиясын жақсартып, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға сеп болмақ.

    Ұсынымдар

    «Азаматтарға арналған үкіметтің» құрылғанына 8 жыл толды

    Қонаев қаласында ХҚКО жаңғыртылды

    1 year ago
    Алматы облысында мектептерге 42 мың түп шырша көшеті табысталды

    Алматы облысында мектептерге 42 мың түп шырша көшеті табысталды

    2 years ago
    Қонаевта биыл жасөспірімдер арасында суицид тіркелмеді

    Қонаевта биыл жасөспірімдер арасында суицид тіркелмеді

    10 months ago
    Шаруаларға дизель отынын жеткізу жөнінде өтініш қабылданып жатыр

    Дизель жеткізуге өтініш қабылдау басталды

    2 years ago
    Іле ауданында жаңа мектеп ашылды

    Іле ауданында жаңа мектеп ашылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>