Су айдындарын қорғауға 25 жыл: Айдархан Мырзалының өмір жол
Айдархан Мырзалы — Құйған ауылындағы балық инспекторы. 25 жылдық қызметінде ол 60-тан астам әкімшілік іс қозғап, жүздеген килограмм балықты мемлекетке қайтарды, браконьерлерге миллион теңге көлемінде айыппұл салған.
«Марапат маңызды емес. Ең бастысы — адал қызмет етіп, табиғатты қорғау», — дейді Айдархан Таханұлы.
Ол «Мінсіз қызметі үшін» белгісімен марапатталған. Дегенмен өзі үшін бұл тек марапат емес — өмірінің мәні. Қазір ол жастарға экожүйені қорғаудың маңызын түсіндіруге көмектесіп жүр.
