-13 °c
Qonaev
Saturday, September 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сынақтан сүрінсең де….

    23.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Елімізде биылғы ҰБТ басталды

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Жыл сайын қоғамда түлектердің мектеп бітіріп, Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын кезінде әлеуметтік желі мен БАҚ-та осы тақырып жайлы гу-гу әңгіме жүреді де жатады. Талапкерлер ата-анамның үмітін ақтасам, грант иегері атансам деген ниетпен күні-түні дайындалады. Мектеп ҰБТ-ға жауапты болмағаннан кейін барлық түлек сынаққа дайындайтын оқу орталықтарында білім алады. Оның бағасы да қалтаға біраз жүк салады.

    Соңғы жылдары әлеуметтік желінің ықпалы артып, кез келген адам өз ойын, көзқарасын ашық білдіре алатын алаңға айналған. Грант иегерлерінің аты жарияланғанда, әсіресе «Tik-Tok» желісінде ұзын-сонар тізімнен менің де атым шығып қалар ма екен деп, үміт пен үрей арасында күй кешкен түлектер мен ата-аналардың бейнежазбалары кең таралды. Бірі қуанышы қойнына сыймай, көңілі тасыса, енді бірі жылдар бойғы еңбегінің ақталмағанына кейіп, көз жасына ерік беріп, күйзеліске түсіп жатты. Қоғамда оның маңызының артқаны сондай, мұны өміріндегі ең шешуші кезең, одан әрі жол жоқтай, өмір осымен біткендей күйге еніп, өзіне қол салған жайларды да естіп жатамыз. Бұған кім кінәлі?
    Әуелі ҰБТ-ның жалпы жүйесіне тоқталайық. Онда барлығы – 120 тапсырма, максималды ұпай – 140. Қазақстан тарихынан 20, оқу сауаттылығынан 10, матема­тикалық сауаттылықтан 10 және екі бейінді пәннен 40 сұрақтан енгізілген. Биылғы оқу жылында 216 мың түлек мектеп бітірсе, соның 113 мыңы мемлекеттік білім беру грантына өтініш берген. Ал бөлінген грант саны – 77 мыңға жуық. Жылдағы дәстүр бойынша техникалық мамандықтарға грант саны әлдеқайда көп бөлінді. Мысалы, инженерлік, өңдеу және құрылыс саласына – 18 946 грант, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында – 11 585 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласына – 9 188 грант бөлінсе, өнер және гуманитарлық ғылымдардағы грант саны 2000-ға да жетпейді. Осыдан келіп, 110-120-дан жоғары балл жинаған талапкерлер оқуға түсе алмай, ал небәрі 50 балмен грант иегері атанып жатқандар көп. Осыған байланысты кей түлектер жан қалауынан бас тартып, «Әйтеуір грантта оқысам болды» деп, техникалық оқу орындарына тапсыра салады. Күйзеліс, өкініш, депрессияның бәрі осы шырмауы көп мәселеден туындайды. Әрине, мемлекет талапкердің оқу ақысын төлеп бергеннен кейін елде жетіспей жатқан мамандықтарға грант санын көп бөлетіні белгілі. Бірақ бұл мәселені толық шешуге мүмкіндік беруде деп тағы да айта алмайсыз. Техникалық саладағы гранттың көптігі кәсіби маманның санын арттырып жатқан жоқ. Жалындап жанатын уақытында төрт жылын зая кетіріп, мамандығын түсінбейтін, сүймейтін, өзін жоғалт­қан жандардың үлесін арттыруда.
    Кей адамдар «Оқып, дайын­далу керек еді. Өзі кінәлі» дейтін шығар. Бірақ жоғары бал­мен де оқуға түсе алмаған­дарды не деп кінәлайсыз? Ал ҰБТ-ның өзі талапкер білімін анықтауға толық мүмкіндік бере ме? Тест форматы терең ойлауға емес, еске сақтап, тез жауап беруге бейімделген. Бұл шығар­машылық қабілеті бар, бірақ тест форматында өзін көрсете алмайтын жастар үшін әділетсіздік емес пе? ҰБТ – білімді тексертудің бір құралы ғана. Ол баланың толық потенциалын анықтауға жеткіліксіз. Осы жайт­тардың бәрі балаға терең түсіндіріліп, жақындары психо­ло­гиялық, рухани қолдау көр­сетсе, жаңа өмірге қадам басқан талап­кердің сағы бұлай сынбас еді.
    Өмірде әр адамның өз жолы, бойына дарып, болмысына біткен қабілеті бар. Соған сай мамандық таңдағаны жөн. Ешқандай кедергіге қарамай, өз арманына адал болу, биік мақсатқа ұмтылу түбі үлкен белеске жеткізеді. Шексіз мүмкіндіктер әлемінде өмірді ҰБТ-мен шектемейік!

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Алтын құрсақ

    Алтын құрсақ

    6 months ago
    Ақынға құрмет

    Ақынға құрмет

    1 month ago
    Татулық табыс еселейді

    Татулық табыс еселейді

    12 months ago
    “Ұлттық киім тігуден шабыт аламын”

    “Ұлттық киім тігуден шабыт аламын”

    1 year ago
    Еріктілер көмегі

    Еріктілер көмегі

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>