-13 °c
Qonaev
Wednesday, August 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Табыс көзі – тоғыз ешкі

    05.08.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Табыс көзі – тоғыз ешкі
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Егемен еліміз нарықтық экономикаға аяқ басқалы отыз жылдан аса уақыт өтті. Содан бері талай азамат заман талабына сай жеке кәсібін ашып, өзінің де, отбасының да табысын арттырып, күнкөріс жағдайын жылдан-жылға жақсартып келеді. Сондай жан­дардың бірі – Тереңқара ауылында тұратын Мәдина Өскенбаева.

    2006 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген ол шағын ауылда ірімшік жасайтын жеке кәсібін ұйымдастырды. Бар-жоғы екі гектар жерде 9 ешкі ұстап, олардың сүтінен ірімшік өндіреді. Сол 9 ешкінің сүтінен түсетін орташа айлық табыстың өзі шамамен 1,2 миллион теңгені құрайды.
    – Институтты бітіргеннен кейін мен E&Y халықаралық аудиторлық компаниясында 7 жыл жұмыс істедім. Онда менің мансабым мен кірісім жаман болмады. Бірақ өз кәсібімді ашсам деген ой тыныштық бермеді. Сөйтіп, он жыл бұрын күйеуім екеуміз нақты шешім қабылдап, жеңімізді түріп, білек сыбана іске кірістік. Осылай шағын отбасылық ферма құрып, оны біртіндеп дамытып келемін, – дейді кәсіпкер.
    Бір айта кетерлік жайт, Мәдина институтта диетология, нутрициолог және қаржыгер мамандығы бойынша білім алған. Нутрициология – тамақтану туралы ғылым болғандықтан, бұл мамандық иелері негізінен дұрыс тамақтанумен айналысып, тағамды қалай тұтыну, қалай сіңіру, оның құрамы мен композициясы және организмнен қоректік заттарды шығару мәселелерін зерттейді. Сондықтан ас адамның арқауы екенін жақсы түсінетін ол көпшілікке пайдалы болатын өнім шығаруға бел буады.
    – Қазақ халқы ешкі сүтін шала туған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе дамуға қабілетсіз балаларға берген. Бұл ешкі сүтінің жеңіл, жұмсақ және ана сүті сияқты құнарлы болуымен байланысты. Біздің бабаларымыз ежелден мұны жақсы білген. Бүгінде ғылым оның дұрыс екенін толық дәлелдеді, – дейді Мәдина.

    Ол отбасымен ауылдағы өз фермасында тұрады. Төрт баласы­ның үлкені енді ғана мектеп табалдырығын аттаса, кішкентайы әлі бесікте. Алғашында қала өміріне және жылы кеңсеге әбден үйренген жастарға ауылға көшу, мал шаруашылығын меңгеру және бұрын-соңды айналысып көрмеген істі игеріп кету оңай болған жоқ. Бірақ алдарына асқақ арман, нақты мақсат қойған олар барлық қиындыққа көнді. «Еңбек етсең – емерсің» де­гендей, ерінбей қол ұстасып, еңбек етсе, бір-біріне иық тіресе жүріп, қиындықтың бәрін бірге жеңсе, ертең-ақ ешкілерінің сүтімен табысты өмір сүретіндеріне күмәнсіз сенді. Сол себепті де өршіл мақсатынан бір сәтке бас тартпады.
    – Мұнда көшіп келген кезде бізде ауылда өмір сүру тәжірибесі болған жоқ. Біз ауылға салыстырғанда анағұрлым жеңіл қала өміріне әбден үйреніп кеткен едік. Сол себепті бәрі біз ойлағандай оңай бола қоймады. Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысу біз ойлағаннан әлдеқайда қиын болып шықты. Алайда біз берілмей, қажырлы еңбек еттік. Енді, міне, ірімшік жасаумен айналысып жатырмыз. Бұл бизнес біздің отбасымызға қазіргі заманғы стандарттар бойынша өмір сүруге жеткілікті табыс әкеледі, – дейді кәсіпкер.
    Мәдинаның айтуынша, ол сапалы және дәмді ірімшік жасауды Италия, Ресей және АҚШ шеберлерінен үйренген. Өзінің еңбексүйгіштігі мен қызығушылығының арқасында 2022 жылы «Coca Cola Milestones» бағдарламасына қатысып, «Instagram»-да бизнес, ауыл шаруашы­лығы және маркетинг бойынша оқудан өтіп, қомақты грант жеңіп алады. Бұл қаржыға ірімшік өндіретін цех ашып, оны қажетті құрал-саймандармен жабдықтайды. Былай айтқанда, осы бизнесті табысты іске қосу үшін үлкен қолдауға ие болады. Оның үстіне Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығынан көпбалалы ана ретінде 1,5 миллион теңге көлемінде тағы бір грант ұтып алады. «Дәулеттінің қос қонағы бір келеді» демекші, осы екі грант жаңа кәсіп ашуға көп көмегін тигізіп, оның қаржылық негізін құрайды.
    – Қазір біз 9 ешкіден пайдалы ешкі ірімшігін, крафт (қағаздан жасалатын экологиялық таза ыдыс) өндіріп, оны тұтынушыларға сатамыз. Айына түсетін табыс орташа 1,2 миллион теңгені құрайды. Жылына жеті ай жұмыс істейміз. «Instagram»-да ірімшік сатамыз. Қанша өнім шығарсақ та, бәрі өтіп кетеді. Себебі сұраныс жоғары. Осыған орай көбірек өнім шығарғымыз келеді, бірақ әзірге ақша жетіспейді. Болашақта бұл бизнесті кешенді түрде дамытуды жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер.
    Мәдина қоғамдық өмірде де өте белсенді. Органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жақсы нәтижелерге қол жеткізе отырып, ол бұл саладағы өз білімін жетілдіруге және оны көпшілікпен бөлісуге де үлкен мән береді. Осы мақсатта жаңашыл достарымен бірге «Халық бақшасы» қоғамдық бірлестігін құрған. Соңғы екі жылда 300-ден астам адам бірлестіктің ұйымдастыруымен өткен органикалық егіншілік және ауыл шаруашылығы бойынша семинарларға қатысқан.
    – Айналадағы фермаларды бақылай отырып, ауыл тұрғын­дарының жермен дұрыс жұмыс істей алмайтынын көріп отырмыз. Соның салдарынан ауылда фермерлікпен айналысатындардың көпшілігі шығынға ұшырап, күн көре алмай, кейін қалаға көшуге тырысады. Бұл мәселені шешудің дұрыс жолы емес. Керісінше, олар проблемаларды ауылдан қалаға көшіреді. Қалада урбанизация мен жұмыссыздық қатар дамуда. Сонымен қатар күн сайын өңірлерден Алматыға 400 мыңдай көлік келіп, ауаны ластайды, бұл өз кезегінде экологиялық проблема­ларды туындатады, – дейді фермер.
    Оның ойынша, қазір өмірдің қызығы – ауылда. Сол себепті де кәсіпкер ауылдағы өмір мен бизнесті жүргізудің артықшылығын жан-жақты көрсеткісі келеді.
    – Ауылда өзіңді табиғи өнімдер­мен толық қамтамасыз ете отырып, толыққанды жақсы өмір сүруге болады. Қалаларда қазір экология проблемасы тым өткір. Сондықтан ауылдан көшпей-ақ, таза ауада, бейбіт те тыныш жағдайда, молшылықта өмір сүруге, өз өнімдеріңізді тұтынып, сатуға және жақсы табыс табуға болады. Ауыл өмірі әсіресе балаларға қолайлы. Мұндағы таза табиғат аясында олар сау жүйке жүйесімен өседі. Жазда олар суға шомылып, жерде жалаңаяқ жүгіреді, ал қыста шанамен сырғанап, қарда ойнайды. Осының өзі, шын мәнінде, салауатты өмір салты емес пе? – дейді ол.
    Елімізде шағын фермер шаруа­шылықтарын қолдап, дамытуды әрдайым маңызды деп санайтын кәсіпкер ауыл шаруашылығын жүргізудің қазіргі заманғы үлгісін жергілікті тұрғындарға көрсеткісі келетінін, ауылдың тартымдылығын арттырып, оны түпкілікті тіршілік ортасы ретінде орнықтырғысы келетінін айтады. Ірімшік өндірі­сімен қатар ол өз фермасында агроэкотуризмді дамытып, келуші­лерді табиғатта демалуға және табиғи өнімдерге тәнті болуға, ірімшік дәмін татуға шақырады.
    Ешкі сүтінің нәрлілігі, емдік қасиеті, ана сүтіне жақындығымен ғана емес, сонымен бірге тез өсіп, көбейетіндігімен де ерекшеленеді. Бұл түлік көбіне егіз лақтайды, үштен лақтайтындары да аз кездеспейді, сол себепті тез көбейеді. Сондықтан ата-бабаларымыз кей жылдары болатын жұттан, қазіргі тілмен айтқанда, эконо­микалық дағдарыстардан ешкі жинап, көбейтіп, кейін сол ешкілерін сатып, күнкөрісін жақсартып алатын болған. Тек істің көзін біліп, дұрыс бағып, дұрыс жұмсап, дұрыс пайдалана білу керек. Қазір, өкінішке қарай, ешкі түгілі қой етін жемейтіндер көп. Тіпті ішек-қарын, құйқаның иісі шықса, аузы-мұрындарын басып, жүректері айниды. Соның салдарынан денсаулықтары да нашар. Ал оның негізі таза, құнарлы ұлттық тағамдарды тұтынуда жатыр. Ауылдың тағы бір артықшылығы осында! Таза сүт, айран-қатық, қымыз-шұбат ішіп, қолдың сары майын, емдік қасиеті мол қой-ешкінің етін жеп өскенге не жетсін?!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Заманауи кешен бой көтеруде

    Заманауи кешен бой көтеруде

    3 months ago
    Баскетболдан бақ сынады

    Баскетболдан бақ сынады

    6 months ago
    Қарғалы тәжі

    Қарғалы тәжі

    7 months ago
    Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

    Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

    2 years ago
    Ортақ мұрат – ортақ тарих

    Ортақ мұрат – ортақ тарих

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>