⛅
11°C
Қонаев
Сенбі, Қазан 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Талғарлықтар топ жарды

    06.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Талғарлықтар топ жарды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Шаңғыроллер мен кросстан жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті. Тартысты бәсекеде талғарлық спортшылар үздік шығып, командалық есепте бірінші орын иеленді.

    Талғар ауданындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өткен жарысқа облыстағы әр ауданнан және Алматы қаласынан 2008-2009, 2010-2011, 2012 жылдары туған 140-тан астам спортшы қатысты.
    Аталған чемпионат – жас спортшылар үшін республикалық жарысқа шығу жолындағы маңызды қадам. Өңірлік бәсекеде топ жарғандар биыл тамыз айының соңында Солтүстік Қазақстан облысында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.
    Мұндай жарыстар бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттайды, сонымен қатар дарынды спортшыларды облыс құрамасына іріктеуге септігін тигізеді дейді мамандар.
    – Шаңғыроллер мен кросс «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Аталған кешен халықаралық стандартқа сай. Бұл нысан тек жарыстар өткізу мен кәсіби спортшыларды дайындауға арналмаған, мұнда кез келген адам демалып, спортпен айналыса алады. Соның арқасында Талғар ауданының спортшылары облыстың ғана емес, еліміздегі ең мықты үш команданың қатарында. Былтырғы ел чемпионатында талғарлықтар екінші орын иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген ұл-қыздар – біздің мектептің оқушылары,– деді қысқы спорт түр­лерінен Облыстық маман­дандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Ренат Сүгірбеков.
    Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде жалпы­­командалық есепте 1-орынды Талғар қаласы, 2-орынды Алматы қаласы­ның спортшылары иеленді, жүлделі 3-орын Талғар ауданының коман­дасына бұйырды.
    Жекелей сында спорт­шылар – Жасмин Мажитова, Жасмин Казакова, Алина Рысбек, Чупик Лия, Нигара Низамидинова, София Воронова, Захар Машков, Айбар Қадырхан, Богдан Ферзалиев жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.

    Өз тілшіміз
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Тартысты сайыс

    Тартысты сайыс

    2 years ago
    Мемлекеттік сатып алу, аудит және қаржылық бақылау туралы заңнаманы түсіндірді

    Мемлекеттік сатып алу, аудит және қаржылық бақылау туралы заңнаманы түсіндірді

    1 year ago
    Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: жаңғырту, әртараптандыру және инвестициялар – өнеркәсіп әлеуетін дамытудың басымдықтары

    Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: жаңғырту, әртараптандыру және инвестициялар – өнеркәсіп әлеуетін дамытудың басымдықтары

    1 month ago
    Алматы облысы мен бірнеше өңірде ауа-райы бұзылады

    Алматы облысы мен бірнеше өңірде ауа-райы бұзылады

    2 years ago
    Диқандар дала төсінде

    Диқандар дала төсінде

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>