-13 °c
Qonaev
Monday, September 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тек жауынгер емес, ел қорғаны: екі дүркін чемпион Отанға қызмет етуде

    28.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Тек жауынгер емес, ел қорғаны: екі дүркін чемпион Отанға қызмет етуде
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

           Ұлттық ұлан сапында тек құқықтық тәртіптің сақшылары ғана емес, нағыз чемпиондар да бар. Солардың бірі – Алматы қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде мерзімді қызметін атқарып жүрген қатардағы жауынгер Алдияр Жаркеев.

    Әскер қатарына Жезқазған қаласынан шақыртылған Алдияр – Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Оның есімі қоян-қолтық ұрыс әлемінде жақсы таныс. Ол алғашқы үлкен жеңістеріне әскерге дейін қол жеткізген. 2021 жылы Қарағандыда аса жеңіл салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, 2023 жылы Астанада чемпиондық атағын қорғап шықты.

    Әскердегі алғашқы күндерінен-ақ командирлер оның спорттық әлеуетін байқады. Биыл Түркістан қаласында өткен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан өткен чемпионатта Алдияр «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы командасының намысын қорғап, 70-тен астам мықты спортшы қатысқан бәсекеде 58 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені еншіледі.
    Бұл жетістік кездейсоқ емес. Алдиярдың спортқа деген сүйіспеншілігі мен жігерлілігі отбасында қалыптасқан. Оның ағалары да кезінде Ұлттық ұлан сапында мерзімді әскери борышын өтеп, інісіне лайықты үлгі көрсетті.
    Алайда ұландықтың әскери қызметі тек спортпен шектелмейді. Бүгінде ол Алматы көшелерінде патрульдік қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті қадағалап, мәдени және спорттық іс-шараларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
    Командирлері оның мінсіз тәртібі мен бастамашылдығын ерекше атап өтеді. Ал қаруластары Алдиярды спортта да, әскери қызметте де үлгі боларлық нағыз ұландық деп санайды.
    – Мен үшін спорт – өмір салты. Әскерде жүрсем де, жаттығуды жалғастырудамын. Әскердегі қызмет дайындығыма еш кедергі келтірмей, қайта төзімді әрі мықты болуға көмектеседі, – дейді ол.
    Бұл сөздер негізгі ойды айшықтап, Ұлттық ұландағы қызмет – ерлік мектебі ғана емес, тұлға ретінде дамуға жол ашатын орта екенін дәлелдейді. Мұнда жауынгерлерге сенім артып, олардың талантын ашуға және жетістікке жетуіне қолдау көрсетеді. Өйткені әрбір әскери форма киген жан арманшыл болып келеді, әрі жаңа белестерді бағындыруға талпынады.

    Ұсынымдар

    Маңызды мәселелер қаралды

    Маңызды мәселелер қаралды

    1 year ago
    Дауыс беру күні Алматы облысында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды

    Дауыс беру күні Алматы облысында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды

    2 years ago
    Алматы облысында «iAlmobl.kz» ақпараттық жүйесі іске қосылды

    Алматы облысында «iAlmobl.kz» ақпараттық жүйесі іске қосылды

    6 months ago
    «Пенчак силаттан» облыстық чемпионат өтті

    «Пенчак силаттан» облыстық чемпионат өтті

    10 months ago
    Қымыз – саулық негізі

    Қымыз – саулық негізі

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>