⛅
18°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұстаз беделі – ұлт беделі

    «Ұстаздық – жүректен ұрпаққа жылу құю» Ахмет Байтұрсынұлы

    02.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Ұстаз беделі –  ұлт беделі
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Ұстаз. Бұл сөзді естігенде, көз алдыңызға қандай тұлға келеді? Әліппені алғаш қолымызға ұстатқан мейірі бөлек, пейілі ыстық жан ба, әлде санамызды қалыптастырған мектептегі қадірлі мұғалім бе? Қай буын болсын, ұстаз туралы айтар кезде жүрегі ерекше толқиды. Себебі ұстаз – тек сабақ үйретуші ғана емес, ұрпаққа бағыт беруші, адамдық қасиеттің дәнін себуші, қоғамның тамыршысы. Бірақ бүгінде асқар таудай абыройлы мамандық өз мәртебесінде ме?! Ойланып қалдыңыз ба?! Оныңыз дұрыс. Тәртіпсіз балаға «қой» деген ұстазға ата-ана келіп, «әй» деген қоғамда сол ұлық мамандықтың да қадірін кетіргендейміз…

    Қазіргі таңда ұстазды құрметтеп, сыйлаудан қалып бара жатырмыз десем, артық айтқаным емес. Баладан бұрын ата-аналар көп жағдайда мұғалімді тек пән үйретуші ретінде қабылдап, оның тәрбиелік, рухани, мәдени миссиясын ескерусіз қалдырып жатыр. Мұғалімнің міндеті – балаға білім ғана беру емес, тұлға етіп қалыптастыру. Ал ол тек біліммен ғана емес, тәлім-тәрбие арқылы жүзеге асады.
    Мұғалім – әрбір шәкірттің ішкі әлеміне үңіліп, жүрегіне жол таба алатын адам. Ол – психолог, тәрбиеші, дос, кейде екінші ата-ана. Міне, осындай дара тұлғаны ата-ана қалай сыйласа, бала да дәл солай қабылдайды. Мектепте бұзақылық жасап, болмаса сабағын оқымай барып, сол үшін ұстаздан ұрыс естіп келген баласын «Ертең барып, мен онымен сөйлесемін, саған дауыс көтеретіндей ол кім?!» деп жұбататын ата-ана сөзінен «Шыныменен маған өйтетіндей ол кім?» деген бала түсінігі қалыптасып, ұстазға деген құрметі төмендейді. Міне, осыдан соң оқушысына тіс батырып емес, маңдайынан сыйпап қана білім беретін мұғалімдер өздерінің не істерін де білмей қалған сынды.
    Рас, бүгінде «мұғалім» деген сөздің қадірі екіұшты сипат алып барады. Бір жағынан үлкен міндет жүктелсе, екінші жағынан қолдаудан, құрметтен шет қалып барады. Тәрбие мәселесі тек мектепке ысырылады, бірақ шешімге келгенде ұстаздың дауысы естілмейді.
    Ата-ана баласының әр ісіне ұстазды жауапты етіп қойған, ал бала мұғалімді баға қоятын адам ретінде ғана қабылдайды. Бұл – қауіпті үрдіс. Себебі мұғалім мен ата-ана – бір мақсаттағы қос қанат. Олар біріге жұмыс істегенде ғана бала биікке көтеріледі. Осы орайда барлық дүние ең алдымен ата-анаға байланысты екенін тағы еске салғымыз келеді.
    Білім министрлігі тарапынан мұғалім мәртебесін заңмен бекіту, артық есеп-қисаптан босату секілді ілкімді істер қолға алынды. Дегенмен ішкі құндылық, қоғам тарапынан болатын құрмет заңмен емес, санамен орнығуы тиіс. Бүгінде бұл қағида ақсап тұрғаны ащы ақиқат.
    Ұстаз болу да оңай емес. Ол – жай ғана кәсіп емес, өмірлік миссия. Себебі бұл жол өзіңді үздіксіз дамыту, жас ұрпақ үшін жауапты болуды талап етеді. Өзгені нұрландыру үшін өз шамын жағып тұратын шырақтай мұғалімдер – қанша шаршаса да, сабырмен, мұңайса да, мейіріммен сөйлейтін ерекше тұлға. Ел ертеңі мектеп партасында отырған жас ұрпақ десек, сол партаның алдында тұрған ұстаз – мемлекеттің келешек бейнесін сомдаушы. Егер бүгінгі ұрпаққа дұрыс бағыт берілмесе, ел ертеңін елестету де қиын. Міне, сондықтан да ұстаздың мәртебесін жоғарылатуымыз керек. Ұстаз беделі – ұлт беделі. Ол қағаздағы марапатта емес, жүректерге сіңген ілтипатта жатыр.
    Бүгін біз ұстазға қандай пейіл танытсақ, ертең баламыз да сондай көзқараста болады. Демек, ұстазға көрсетілген құрмет – жарқын болашағыңа деген жанашырлық.

    Ай-НИСА

    Соңғы жаңалықтар

    Әскери әдеп әспеттелді
    08.04.2026
    Көпшілік тыңдау өтті
    08.04.2026
    Құрылыс қарқынды
    08.04.2026
    Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
    08.04.2026
    Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді
    08.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>