-13 °c
Qonaev
Friday, September 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жүйелі жұмыс жалғасады

    28.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жүйелі жұмыс жалғасады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында мәслихаттың кезекті XL сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы мен облыстық басқарма басшылары, депутаттар қатысты. Сессияның күн тәртібінде өңір халқы үшін маңызды үш мәселе қаралды. Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту жобасының жүзеге асырылуы, елдімекендерді абаттандыру қағидаларына енгізілетін өзгерістер және өрт сөндіру­де пайдаланылған ауызсу шығындарын өтеу тәртібі талқыланды.

    Жиынды ашып, жүргізіп отырған облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев қозғалатын әр мәселенің айрықша маңызды екенін тарқатып, ел алдында еңселі жұмыс атқарылуы тиіс екенін сөзіне қосты.
    Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасын іске асыру барысы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйлә Пернебайқызы баяндама жасады. Басқарма өкілінің айтуынша, 2024-2025 жылдары облыс бойынша ауыл халқына қолжетімді медицина­лық көмек көрсету мақсатында 38 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар. Осы орайда Ләйлә Пернебайқызы құрылыс жұмыстары Балқаш, Ұйғыр, Жамбыл, Кеген, Іле және Қарасай аудандарында жүріп жатқанын тілге тиек етіп, жобаға жалпы 8,2 млрд теңге қажет болса, 2024 жылы 3,3 млрд теңге игерілгенін, ал 2025 жылға 4,9 млрд теңге бөлінгенін айтып өтті. Ол өз сөзінде:
    – Қазіргі уақытта 19 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалану­ға берілген. Мәселен, Жамбыл ауданы­ның Айдарлы ауылында дәрігерлік амбулатория, Саурық батыр ауылында фельдшерлік пункт ашылды. Балқаш ауданының Миялы ауылында да жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді. Қалған 19 нысандағы жұмыстар 45-85 пайыз аралығында орындалған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының толық аяқталуы қыркүйек-қазан айларына жоспарланып отыр. Алайда 6 нысанда қаржыландыру тапшылығына байланысты жұмыстар уақытша тоқтап тұр. Осыған орай қосымша 1,1 млрд теңге бөлінген, – деп жаңа нысандардың іске қосылуы ауылдықтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, алғашқы медициналық-санитарлық қызметтің сапасын жақсартатынын жеткізді.
    Келесі кезекте облыстық мәсли­хаттың 2024 жылғы 21 шілде­дегі №22-112 «Алматы облысы қалалары мен елдімекендері аумағын абаттандыру ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Осман өз баяндамасын ортаға салып, елдімекендердің аумақ­тарын абаттандыру қағида­ларына енгізілетін өзгерістерді таныс­тырды. 2024 жылы қабылданған қағидалар аумақты күтіп-ұстау, санитариялық тазалық пен инфра­құрылымды қорғауды реттесе, енді жаңа толықтырулар арқылы меншік иелерінің жауапкершілігі күшейтілмек. Осы орайда басқарма өкілі өз сөзінде:
    – Жаңа өзгерістерге сәйкес жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі нысандардың айналасын таза ұстауға міндеттеледі. Қоқыс жағуға, көлік жууға, кілем қағуға көпқабатты үйлердің аулаларында, демалыс аймақтарында тыйым салынады. Тротуарлар мен көгалдарға көлік қоюға жол берілмейді. Шлагбаум, қоршаулар секілді кедергілер арнайы техниканың өтуіне бөгет жасамауы тиіс. Қоқысты белгілен­беген орындарға төгуге де қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, «Абаттандыру паспорты» енгізіледі. Бұл құжат нақты аумаққа күтім жасаудың талаптары мен параметрлерін айқындап, жауапты тұлғаны көрсетеді. Осылайша, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтердің жұмысы ашық әрі тиімді болмақ, – деп аталған өзгерістер экологиялық жағдайды жақсартуға, заңбұзушылықты азайтуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал ететінін айтты.
    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – ауызсуды өрт сөндіруге пайда­лану кезінде сумен қамту және су бұру жөніндегі ұйымдарға шығындарды өтеуге жергілікті атқару­шы органдардың шығыстарын бекіту туралы облыстық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары Рақыш Әбдірахымұлы тарқатып өтті. Жаңа шешім жобасы 2025 жылғы Су кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген. Енді жергілікті бюджет өрт сөндіруде пайдаланылған су үшін сумен қамту ұйымдары­ның шығынын өтейді. Осы орайда басқарма өкілі:
    – Есеп жүргізу облыстық ТЖД-нің ресми хабарламалары негізінде жүзеге асырылады. Яғни, қай жер­де, қанша уақыт бойы, қандай нысанда өрт болғаны және қанша су пайда­ланылғаны нақты көрсетіледі.

    Осы мәліметке сүйене отырып, уәкілетті орган қолданыстағы тариф бойынша есеп шығарып, шығынды өтейді, – деп аталған шешім сумен қамту ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын реттеп, коммуналдық инфрақұрылымның үзіліссіз жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын жеткізді.
    Күн тәртібіндегі соңғы мәселе – өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту туралы облыстық су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы Саят Маратұлы айтып өтті. Мәслихат төрағасы Қуат Сұлтанұлы бұл мәселе бойынша әділет органдарына қажетті келісім алынбаған жағдайда шешім тіркеуден өткізілмейтінін және заңды күшіне енбей қалатынын ескертті. Сондықтан да дұрыс әрі уақытылы шешілуі үшін әділет органдарынан келісім алу жұмыстарын жеделдетуді сұрады.
    Облыстық мәслихаттың кезекті XІ сессиясы өңір үшін өзекті мәселелерді талқылаумен ерекшеленді. Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы ауылдық медицинаны жаңғырту – халық денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екенін айтып, абаттандыру қағидаларына енгізілетін өзгерістер елдімекендердің санитариялық және экологиялық жағдайын көтеруге мүмкіндік беретінін сөзіне қосты. Ал өрт сөндіру кезінде пайдаланылған ауызсу шығындарын өтеу мәселесі коммуналдық кәсіпорындардың мүддесін қорғап, төтенше жағдайларда атқарылатын жұмыстың тиімділігін арттыратынын жеткізді. Су тақырыбы республика бойынша өте күрделі мәселе екендігін сөзіне қосып, қолдау тапқанына өз ризашылығын жеткізді. Осылайша, сессияда қабылданған шешімдер аймақ халқының әлеуметтік жағдайын жақсартып, өңірдің тұрақты дамуына серпін бермек.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Аңшылық маусымы ашылды

    Аңшылық маусымы ашылды

    2 years ago
    Әрекетке – берекет

    Әрекетке – берекет

    1 year ago
    Перзентханадағы қуаныш: біреуге қуаныш, біреуге мұң

    Перзентханадағы қуаныш: біреуге қуаныш, біреуге мұң

    1 year ago
    Шебердің қолы ортақ

    Шебердің қолы ортақ

    8 months ago
    Еңбекшіқазақ ауданында 2021 жылы басталған мектеп құрылысы тоқтап тұр

    Еңбекшіқазақ ауданында 2021 жылы басталған мектеп құрылысы тоқтап тұр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>