⛅
19°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Активтерді қайтару жөніндегі комитет енді инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталады

    08.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдау, Президент
    Активтерді қайтару жөніндегі комитет енді инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті енді инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.

    – Инвестицияға тапсырыс өндірістің сұранысына сай жасалуы керек. Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы, қағазбастылық көп, түрлі адамдардың құзыреттері қайталанады. Ал қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту кезек күттірмейтін мәселе. Бізге жаңа ұстаным керек. Қалай болса да, инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министр министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ, көзге оттай басылатын нәрсе — елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Сондықтан Премьер-министр 10 күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Бұдан бөлек, Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеу тапсырылды.

    — Менің ойымша, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетін Инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп атаудың уақыты келді. Бас прокуратура заңсыз активтердің иелерімен жақсы жұмыс істегенін атап өткен жөн. Қазынаға 850 млрд теңгеге жуық қайтарылды. Осы қаражат 10 мектеп пен төрт спорттық нысанды салуға, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымы нысанының құрылысына және жаңғыртуға бағытталды. Республикалық бюджетке тағы да қосымша қаражат түсетіні ескерілген, — деді Президент.

    Соңғы жаңалықтар

    «Алатау дарыны»: Марат Сұлтанғазиев Қытайда білім алып жатқан Алматы облысының студенттерімен кездесті
    31.03.2026
    Транзиттік әлеует артады: Алматы облысы мен Қытай арасындағы маңызды меморандум
    31.03.2026
    Даулы миллиард: Алматы облысында субсидиядағы түйткіл шешіліп, шаруа қожалығына төленді
    31.03.2026
    Қонаевтағы мектепті күрделі жөндеу қашан аяқталады?
    31.03.2026
    Шаруалар еңбегі еселенді
    30.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>