⛅
14°C
Қонаев
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алдағы міндет айқындалды

    18.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдау
    Алдағы міндет айқындалды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Талғар ауданының активі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылап, соған сәйкес өңір алдында тұрған міндеттерді айқындады. Мәслихат төрағасы мен депутаттар, аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округтердің әкімдері, күштік құрылымдардың, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ардагерлер және аналар кеңесі мен жастар ұйымының төрағалары қатысқан жиынды аудан басшысы Таңат Айдарбеков ашып, жүргізіп отырды.

    – Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында қазіргі әлемдегі геосаяси өзге­рістер, халықаралық шиеленістер мен жаңа сын-қатерлер жан-жақты сараланды. Президент еліміздің негізгі мақсаттары мен даму бағыттарын айқындап, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты мақсат екенін атап көрсетті. Осы тұрғыда басты стратегиялық міндет ретінде Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде жаппай цифрлық мемлекетке айналдыру белгіленді. Жолдауда атап өтілген Цифрлық кодексті қабылдау, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру, мемлекеттік басқару жүйесін қайта жаңғырту сынды бастамалар еліміздің бәсекеге қабілет­тілігін арттырады. Әсіресе жасанды интелектіні барлық салаға енгізу арқылы экономикамызды жаңғыртып, халқы­мыздың әл-ауқатын жақсартуға жол ашылады. Президентіміз айтқандай, бұл жол оңай емес, бірақ табысқа жетудің жалғыз шарты – бірлік пен табандылық. Әрбір азамат осы стратегиялық мақсатқа үлес қосуы тиіс. Бұл – халқымыздың болашағы үшін аса маңызды, – деп аудан әкімі Жолдаудың негізгі мәнін түсіндірді.
    Одан кейін Талғар аудандық мәслихат төрағасы Мұхит Әлібеков сөз алып, аталмыш бағдар­ламалық құжат жөнінде өз ойын ортаға салды.
    – Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында бір палаталы Парламентке көшуді және оны партиялық тізіммен сайлауды ұсынды. Бұл – өте маңызды мәселе. Реформа азаматтық секторда және сарапшылар ортасында жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы ерекше екенін ескерсек, оны талқылауға бір жылдай уақыт керек. Мемлекетшіл азамат ретінде бұған әсіресе депутаттар белсене қатысуы қажет. Әділетті және қуатты Қазақстанды құру жолында тағы бір маңызды қадам жасалды. Бір палаталы Парламентке көшу – демократия жолындағы шешуші қадам. Биылғы Жолдау – еліміз үшін жаңа бағыт сілтейтін бағдарламалық тұжырымдамалардың бірегейі, – деді ол.
    Ал аудан әкімінің орынбасары Әнуар Әскербеков Жолдауда айтылған басты мәселелердің бірі – инвестициялық тартым­дылық жайында сөз қозғады.
    – Президентіміз өз Жолдауында эконо­миканы жаңғырту бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді. Оның ең маңыздыларының бірі – инвестиция тарту. Бұл біз үшін стратегиялық міндет болып қала береді. Биыл ауданда негізгі капиталға инвестиция тарту 174,9 млрд теңге көлемінде белгіленген. Өткен 8 ай ішінде 95 млрд теңге қаржы құйылды. Жоспар толық орындалуы үшін жыл соңына дейін тағы 79,9 млрд теңге инвестиция тартылатын болады. Олардың көбі «Қайрат» индустриялық аймағында жүзеге асырылып жатқан 16 жобаға салынады. Сондай-ақ облыс әкімінің әр ауылда бір жаңа жоба жүзеге асыру қажет деген бастамасымен биыл аудандағы 46 ауылда 47 жоба жүзеге асырылатын болады. Олардың біразы өңдеу саласына бағытталады. Сонымен бірге бір ай көлемінде «Қайрат-2» индустриялық аймағы ашылады.
    Мемлекет басшысы инвестиция тартудағы кемшіліктер және олардың көбі әлі күнге шикізат саласына салынып жатқанын сынады. Осыған байланысты аудандық кәсіпкерлік бөлімі қала және ауылдық округ әкімдерімен бірге жылдық өнеркәсіп өнімдерін өңдеу жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, инвесторлар тарту және бюджеттен тыс инвестицияны ұлғайту жөнін­дегі жұмыстарды күшейтулері керек. Жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалардың жол картасы бекітілуі қажет.
    Қазір ауданның агроөндірістік кешенінде 2 мыңға жуық ауылшаруа­шылық құрылымы тіркелген, оларда 50 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Салада «Агроаймақ» қанатқақты жобасы іске қосылды, алдағы жылы оған да инвестиция тарту көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл әкімдерімен бірлесіп, «Ауыл аманаты», «Кең дала» бағдарламаларын іске асырудың барлық мүмкіндігін пайдалануы қажет. Аудан экономикасының әлеуетті бағыттарының бірі – туризм саласы. Біздің ауданның табиғаты оны дамытуға өте ыңғайлы. Қазір бізде 39 туризм нысаны бар, оларда 533 адам еңбек етеді, – деген ол Президент пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару мәселесіне ерекше тоқталғанын, бұл жұмыстар ары қарай да жалғаса беретінін айтты.
    Жиында Президент Жолдауынан туындайтын жаңа міндеттер мен оларды орнықты жүзеге асыру арқылы еліміз сапалы жаңа деңгейге көтеріледі деген тұжырым жасалды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Академиялық мобильділік  – шетелде оқуға берілген мүмкіндік

    Академиялық мобильділік – шетелде оқуға берілген мүмкіндік

    2 years ago
    Тұрақтылық пен бірлік – ел дамуының негізі

    Тұрақтылық пен бірлік – ел дамуының негізі

    1 year ago
    Экологиялық маңызға ие жоба

    Экологиялық маңызға ие жоба

    5 months ago
    Жалпыұлттық диалогтың айқын көрінісі

    Жалпыұлттық диалогтың айқын көрінісі

    12 months ago
    СТУДЕНТТЕР ФИЛИАЛ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    СТУДЕНТТЕР ФИЛИАЛ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>