[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ана мен бала – ұлт байлығы

    20.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Ана мен бала – ұлт байлығы
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қарасай аудандық көпбейінді орталық ауруханасы директорының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Индира Қабаева дәрігер болуды бала кезден армандаған. Қызының таңдауына анасы Қатира да қолдау көрсеткен. Осының арқасында Индира медицина жолына бет бұрды.

    Мектепті үздік бітірген соң Индира Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, акушерлік және гинекология мамандығы бойынша білім алады. Индираның дәл осы салаға бет бұруына отбасылық жағдай әсер еткен. Оның анасы соңғы босануында қатты қан жоғалтып, дәрігерлер күрделі ота жасауға мәжбүр болған. Бұл отбасы үшін ауыр сынақ еді. Осы оқиғадан кейін Индира акушер-гинеколог болуға бел буады. Бүгінде ол бұл салада үлкен тәжірибесі бар, өз ісінің кәсіби маманына айналды.
    Индира 2008 жылы тұрмысқа шыққан соң Қарасай ауданына қоныс аударады. 2009 жылдан бастап Жамбыл ауылдық дәрігерлік амбулаториясында учаскелік акушер-гинеколог ретінде жұмыс істей бастайды. Кейін аудандық аурухананың әйелдер кеңесінде учаскелік дәрігер, акушер-гинеколог болып еңбек етеді. 2022 жылдан аудандық аурухана директорының орынбасары лауазымын атқарып келеді.
    Индира Қабаеваның қарама­ғында ана мен бала денсаулығына қатысты бірнеше бөлім бар. Олар – әйелдер кеңесі, жүкті әйелдер патологиясы және перзентхана, неонатология бөлімі. Жүкті әйелдер патологиясы және неонатология бөлімдері перзентхана ғимаратында орналасқан. Сондай-ақ мұнда өз жансақтау (реонимация) бөлімі де бар.
    – Босандыру қызметі – әйелдерді жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде медициналық тұрғыдан қолдайтын сала, – дейді Индира дәрігер. – Бұл қызмет ана мен баланың денсаулығын қорғауға бағытталған емдеу-профилактикалық шаралар кешенін қамтамасыз етеді. Оның құрылымына әртүрлі медициналық мекемелер кіреді. Мысалы, әйелдер кеңесі дәрігерлері жүкті әйелдерді бақылайды, патронаж жүргізеді, босануға дайындайды. Перзентхана мамандары босану мен босанудан кейінгі кезеңде көмек көрсетеді. Неонатологтар мерзімінен бұрын туған балаларды күтіп-баптайды.
    Перзентхананың өзіне келер болсақ, ол – төрт қабатты, жертөлесі бар үлкен ғимарат. 65 орынға арналып, 2013 жылы салынған. Мұнда жылына 3,5 мың әйелді босандыру жоспарланғанымен, жыл сайын 7,5 мың сәби дүниеге келеді. Өйткені, бұл жерде тек Қарасай ауданының ғана емес, Іле және Жамбыл аудандарынан келген жүкті әйелдер де босанады. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған перзентхананың жүктемесін азайту үшін 200 орынды жаңа заманауи перинаталдық орталық салу мәселесі қарастырылуда.
    Қарасай аудандық көпбейінді ауруханасының перзентханасы – үшінші деңгейлі мекеме. Айта кетейік, Алматы облысында мұндай деңгейдегі тек екі ғана медициналық ұйым бар. Екіншісі Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан.
    – Үшінші деңгейлі перзентхана – бұл жүктілігі, босануы және жаңа туған баласы күрделі медициналық көмекті қажет ететін әйелдерге жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық қызмет көрсететін акушерлік стационар, – деп түсіндірді Индира Базарәліқызы. – Бұл перзентханалар бірінші және екінші деңгейлі мекемелерден реанимация және жаңа туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөлімшелерінің, сондай-ақ заманауи жабдықтардың болуымен ерекшеленеді. Үшінші деңгейлі перзентханаларда жүктілігі асқыну қаупімен өтетін аналарға, мерзімінен бұрын босанған нәрестелерге және ерекше күтімді қажет ететін сәбилерге көмек көрсетіледі. Жалпы алғанда, мұндай мекемелер ана мен бала денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Бұл жерде 202 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 28 дәрігер және 43 акушер бар. Олар үнемі біліктіліктерін арттырып отырады. Атап айтқанда, аудандық аурухана базасында әрі Алматы қаласына немесе басқа қалаларға барып оқиды. Оқу курстары акушерия, гинекология және неонатология бағытында өтеді.
    – Біздің жұмысымыз өте жауапты және оңай емес, өйткені жаңа өмірдің басталуы біздің қолымызда. Жүкті әйелдер шұғыл пациенттер қатарына жатады. Кей жағдайларда ана мен баланың өміріне қауіп төнеді, сондықтан біз барынша тез әрі нақты шешім қабылдауға тырысамыз. Ауыр жүктілік жағдайларын әр сәрсенбі сайын консилиумда талқылаймыз, болашақ аналарға диагностикалық кеңес береміз. Әйелдің денсаулығы мен баланың құрсақтағы жағдайын зерттейміз. Әр болашақ ананың жағдайына жеке қарап, жүктілік бойы бақылап отырамыз. «Қандай ем қажет? Қайда жатқызу керек?» деген сұрақтарға сол жерде шешім қабылдаймыз. Ерекше ауыр жағдайларда облыстық көпбейінді ауруханаға жібереміз. Осындай тәсілдің арқасында аудандағы нәресте өлімі екі-үш есеге азайды. Аналар өлімінің алдын алуға да ерекше мән беріледі. Мұның бәрі – дәрігерлер, акушерлер, медбикелер мен санитарлардың бірлескен жұмысының нәтижесі.
    Өкінішке қарай, көптеген әйел денсаулығына салғырт қарайды, скринингтен өтпейді. Ауруханаға келіп, анализ тапсырып, тексерілуі үшін біз оларға хабарласып, еске салып, тіпті кейде үгіттеп шақыруымызға тура келеді. Тағы бір мәселе – жүктілікті жоспарламау. Кейбір әйелдер жыл сайын босанады. Оның ағзасы толық қалпына келіп үлгермейді. Бұл ананың да, баланың да денсаулығына кері әсер етеді. Осы тұста айтарым, әйелдер өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жыл сайын скринингтен өтіп, жүктілікті саналы түрде жоспарлап, дайындықпен келгені дұрыс. Өйткені бұл – ананың да, сәбидің де өмірі.
    Сәбидің дүниеге келуі – сөзсіз бақыт, оны ештеңемен салыстыруға болмайды. Мен осы ұлы сәттің куәсі болып, әріптестеріммен бірге жаңа өмірдің басталуын, нәрестенің алғашқы тынысы мен дауысын есту бақытына ие болғаныма қуаныштымын. Бірақ ана мен баланың өмірі үшін күресуге тура келген сәттер де болады, бұл – өте ауыр. Сондықтан әйелдер денсаулығына, болашақ ұрпақтың амандығына немқұрайлы қарамауы керек. Егер жүктілік асқынусыз өтіп, денсаулық жақсы болса, онда бұл кезең расымен де қуаныш пен бақыт әкеледі, – дейді кейіпкеріміз.
    Шынымен де әрбір шаңырақты шаттыққа бөлейтін сәбидің күміс күлкісі. Осы жолда тер төгіп, ана мен бала денсаулығына қырағы сақшыдай қарап, күндіз-түні тыным таппайтын Индира Базарәліқызы сынды дәрігерлердің жанкешті еңбегіне біз де бас идік.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Әкім: Талғар ауданы инвестиция тарту бойынша алғашқы үштікте

    Әкім: Талғар ауданы инвестиция тарту бойынша алғашқы үштікте

    2 years ago
    «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1500-ге жуық өтініш түсті

    «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1500-ге жуық өтініш түсті

    2 years ago
    Онлайн саудадағы алаяқтықтан қалай сақтану керек?

    Онлайн саудадағы алаяқтықтан қалай сақтану керек?

    2 years ago
    Қазақ-қырғыз ынтымақтастығы нығая түспек

    Қазақ-қырғыз ынтымақтастығы нығая түспек

    6 months ago
    Шекарашылар жағдайымен танысты

    Шекарашылар жағдайымен танысты

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>