[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    23.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Әскери қызмет – абыройлы міндет
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Қонаев қаласының орталық алаңында әскери құрылымдарды сарбаздармен толықтырып, Отан алдындағы патриоттық сезімін күшейту мақсатында әскер қатарына шақырылған жастарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Облыстың барлық ауданынан жиналған 50 азамат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде өз борышын өтемек. Салтанатты жиынға ҚР Қарулы Күштерінің, шекара қызметінің ардагерлері, әскерге шақырушылардың ата-аналары да қатысты.

    Шарада облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Нұрбол Жұмашхан жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
    – Әскери қызмет – тәртіп пен төзімділікке үйрететін абыройлы борыш. Мемлекеттің басты байлығы – бейбіт өмір мен ел бірлігі. Сол құндылықты қорғау, ел қауіпсіздігін күзету ата-баба аманатына адалдықтың айғағы болмақ, – деді ол.
    Келесі болып сөз кезегін алған Қонаев қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы Мәулен Майсабеков: «Қазақ халқы қашанда елін қорғаған ерлерді ардақ тұтқан. Бабаларымыз ер елінің қорғаны деп білген. Бүгінгі жас сарбаздар – сол бабалар аманатының жалғасы. Жастардың әскер қатарына аттануы – тек отбасы үшін ғана емес, бүкіл халық үшін үлкен мақтаныш, – дей келе оларға үлкен сенім артылғанын жеткізді.
    Салтанатты рәсімде құттықтау сөз сөйлеген ардагерлер әскери қызметтің қиындықтары көп екенін, бірақ ер азаматқа нағыз өмірлік мектеп болатынын баса айтып, тәртіп бұзбай, қылмысқа жол бермей, абыройлы қызмет етуге тілек білдірді. Әскерге аттанғандардың ата-аналары да жас сарбаздарға ақжол тілеп, бұл қызметтің мән-маңызы жайлы сөз қозғады.
    Әскери борышын өтеуге ниет білдірген Абзал Баймұхамет әскерге бару әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы екенін атап өтіп, құрдастарын бұл міндеттен жалтармауға шақырды.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Жауапкершілік  жүктеген атау

    Жауапкершілік жүктеген атау

    3 months ago
    Жазадан жалтарып, жүгенсіз кеткендер, шын мәнінде, халық пен ел мүддесіне қарсы адамдар – Президент

    Жазадан жалтарып, жүгенсіз кеткендер, шын мәнінде, халық пен ел мүддесіне қарсы адамдар – Президент

    1 year ago
    «Таза аула» конкурсының жеңімпаздары анықталды

    «Таза аула» конкурсының жеңімпаздары анықталды

    8 months ago
    Жалыннан жасқанбаған

    Жалыннан жасқанбаған

    2 months ago
    Тұмауға қарсы екпе салу басталды

    Тұмауға қарсы екпе салу басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>