⛅
-2°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Болашаққа нық қадам

    25.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдау
    Болашаққа нық қадам
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының келесі кезеңін айқындайтын стратегиялық құжат ретінде ерекше маңызға ие болды. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік әділдік, экологиялық қауіпсіздік және құқықтық реформаларды тереңдету мәселелерін нақты көрсетті.
    Жолдауда құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға айрықша назар аударылды. Президент әділ сот төрелігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау үшін сот жүйесін цифрландыру, құқық қорғау органдарының ашықтығын арттыру жөнінде жаңа бастамаларды жариялады. Бұл қадамдар заңгер мамандығын таңдаған жастар үшін кәсіби бағыт-бағдар болатыны сөзсіз.
    Президент Жолдауында әлеуметтік сала кеңінен сөз болды. Білім беру сапасын көтеру, жастарға қолжетімді баспана, жұмыспен қамту бағдарламаларын дамыту мәселелері айтылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері үшін бұл – өз әлеуетін жүзеге асыруға кең мүмкіндік беретін маңызды бағдар. Экономикалық блокта инновациялық өндірістерді, жасыл технологияларды қолдау, шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық берілді. Сонымен бірге, экология саласындағы жаңа талаптар табиғат ресурстарын ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
    Біз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің 402-топ студенттері, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әр азаматтың белсенді ұстанымы қажет деп санаймыз. Құқықтық мәдениеті жоғары, білімді жастар – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі! Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы еліміздің болашағына сенім ұялатып, әрқайсымызды жаңа белестерге жетелейді. Ал біз біліміміз бен кәсібилігімізді арттыра отырып, осы стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз! Жолдау туралы пікірімнің соңында жастық шағымыздың қуатын, алтын уақытымызды, мүмкіндіктерімізді қадірлеп, ел ертеңі үшін адал еңбек етуге жұдырықтай жұмылайық демекпін.

    Бақытгүл ҚОНЫСБАЙ,
    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының доценті, PhD

    Ұсынымдар

    Салық қызметкерлері марапатталды

    Салық қызметкерлері марапатталды

    2 years ago
    Дәрігерлер науқас өмірін сақтап қалды

    Дәрігерлер науқас өмірін сақтап қалды

    4 months ago
    Бауыржан Аленов в Талгаре: «Подозреваемые будут установлены и понесут ответственность»

    Бауыржан Аленов в Талгаре: «Подозреваемые будут установлены и понесут ответственность»

    1 year ago
    Асылдың сынығын ардақтайық

    Асылдың сынығын ардақтайық

    9 months ago
    Суреттер де сөйлейді

    Суреттер де сөйлейді

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>