-13 °c
Qonaev
Tuesday, September 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел дамуының кепілі

    08.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдау, Лебіз
    Ел дамуының кепілі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Бұл Жолдау – жаңа мақсаттарға жетелейтін, халқымыздың бірлігін бекемдеп, елдің ертеңіне сенім ұялататын тарихи құжат саналады.

    Президент Жолдауында цифрландыру және инновациялар жайын кеңінен сөз етті. Жасанды интеллект министрілігі құрылатынын, мемлекеттік қызмет сапасы цифрландыру арқылы арттырылатынын айтты. Ұлттық банк арқылы цифрлық активтер жинақталатынын, үш жыл ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналатынын, бұл ретте «Alatau City» жобасы жүзеге асатынын  алға тартты. Демек, Алматы облысы аумағында тікелей Үкіметке қарасты «Alatau City»  цифрлық қаласы салынатын болады. Бұл елеміздің дамуына жол ашатын үлкен жоба болмақ.

    Президент Жолдауында экономиканы әр тараптандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, денсаулық сақтау саласын жетілдіру, жастарға сапалы білім беру мен олардың әлеуетін арттыру мәселелерін айрықша атап өтті. Экономикалық даму – инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа өндірістер ашу арқылы қарқын алатынын да тілге тиек етті. Сонымен қатар әлеуметтің әл-ауқатты көтеру, әділетті қоғам құру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жайына да  тоқталды.

    Жолдауда айтылған бастамаларды жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсарту үшін жасалып отырған бұл қадамдар елдің өркендеуіне, тұрақтылығына, тәуелсіздіктің нығаюына зор үлес қосатыны сөзсіз.

    Еліміздің әр өңірінде, әрбір мекемеде Президент Жолдауын қолдау – елдігіміздің, азаматтық жауапкершілігіміздің айқын көрінісі. Халықтың сенімі мен қолдауы барда, мемлекетіміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болатыны анық.

    Біз, қазақстандықтар, Президенттің сындарлы саясатын қолдай отырып, ортақ мақсатқа – дамыған, қуатты Қазақстанды құруға бірге ат салысамыз.

    Бақыт Омаров,

    Райымбек аудандық қазынашылық басқармасының басшысы  

    Ұсынымдар

    Жақсылық жаршылары

    Жақсылық жаршылары

    1 year ago
    Қонаев командасы үздік шықты

    Қонаев командасы үздік шықты

    1 year ago
    Тұрғындар тілегін кім тыңдайды?

    Тұрғындар тілегін кім тыңдайды?

    2 years ago
    Жапон соғысының жауынгері

    Жапон соғысының жауынгері

    5 months ago
    ЖАҢА МЕКТЕП – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

    ЖАҢА МЕКТЕП – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

    5 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>